400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жемқолыққа жол жоқ!" 3—сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сынып сағатын өткенде керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 20.11.2020ж

Тақырып: Жемқорлыққа жол жоқ!

Мақсаты:

  1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

  2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

  3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады

Көрнекілігі: слайдтар, видео

Өткізудің формасы:  Сынып сағаты

Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик

Барысы:

2.Кіріспе сөз

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

3.Сынып сағаты:

Видео

Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

Оқушыларға тапсырма  

Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек.    Н.Ә.Назарбаев. 

Мұғалім:«Жемқорлық» деген не? 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік  “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

  Келесі кезекте бейнероликке берсек 

//видео

Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

– қоғамның бақытты болашағын тежейді;

– елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

– жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

 Асылхан:   СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: 

  1.  ҚР  37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды

Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

•      ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану

•      Коммерциялық сатып алу

•      Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану

•      Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану

•      Пара алу

Нұртас: 2001 жылы Мексикада БҰҰ – ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды  БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

Сұрақ-жауап айдары

Мұғалім:

  1.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл

  2. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас – жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)

  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)

  4. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк келісiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)

  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)

  6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)

  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?  (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)

  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)

  9.  “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”   заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)

  10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

 Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .















«Үстірт орта мектебі» КММ













Жемқорлыққа жол жоқ!

Shape3 Shape1 Shape2 (Сынып сағаты)









Сыныбы: 3 «В»

Мұғалімі: Исанбаева Гулшатай











2020-2021 оқу жылы

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі