400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жемқорлық -індет, жою міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жемқорлық –індет, жою міндет.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы.

Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршамызға мәлім.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дәйекті және тегеурінді түрде жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылып келе жатқанын атап айтқанымыз жөн.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда қауіпті індетке қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін халықтың әрбір буынына арналған тиісінше жобалар жасақтап, әртүрлі шаралар жүргізіп келеді. Соның ішінде өскелең ұрпақтың арасында қауіпті кеселдің алдын алу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Осыған орай, республика бойынша барлық білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірыңғай «Адалдық сағаты», «Парасаттылық» сағаттары өткізілді.Бұл іс-шарадан біздің мектепте қалыс қалған емес. Мектебімізде осы тақырып бойнша сурет байқаулары,дөңгелек үстел,кездесу кештері,флешмобтар ,спорт жарыстары,марафондар өткізді. Сонымен қатар «Мұқағали -мәңгілік ғұмыр»-атты онлайн дәрістер өткізілді.

Мақсаты- өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Б.Момышұлы жалпы орта мектебінде 10- сынып оқушыларымен өткен «Парасаттылық» атты ашық сабақта мұғалімдер қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін атап өтіп, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды.Еңбек ардагерлері Рысалиева Күлпаршын апамызбен кездесті. Ол кісі Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет екенін білу керекю

.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі