400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жемқорлықпен күрес туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - МІНДЕТ.


Дағдарыс заманында қоғамымызға қауіп төндіріп тұрған жемқорлықты адам бойына сіңген қауіпті дерт десек артық айтпаймыз. Құлқынын тескен сыбайластықтың арқасында сандаған адам жемқорлықтың құрбанына айналып соңында бармақ тістеп, темір торға тоғытылып жатқаны жанға батарлық жағдай. Мемлекет қаржысын желге шашып, оңай олжа табуды діттегендердің дені мемлекеттік лауазымдар мен түрлі сала басшыларынан бастау алып жататыны жасырын емес. Десек те жемқорлықтың тамырына балта шабу жолында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

«№49 ЖОББ мектеп» КММ мекемесінің мәжіліс залында жемқорлықты болдырмай оның алдын алуға байланысты «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта кадр жұмысы бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен І-тоқсанның жоспарына сай семинар кеңес өткізілді. Алғы сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жиынға қатысушы педогогтарға Қазақстан Республикасының жемқорлық туралы заңын қызметте басты орында ұстануын ескертіп, - Сыбайлас жемқорлық деп аталатын мәселемен тек көпшілік болып күрескенде ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Баршамыз болып бірауыздан «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деп, онымен күресті ашық жүргізгеніміз жөн-деді.

Педогог қызмектерлер өткізілген іс-шарадан егемен еліміз еркіндікте өмір кешіп жатқан жарқын шақта, мемлекет қаржысын желге шашып, ашкөздің күйін кешкен азаматтарымыз бен азаматшаларымызға иненің жасуындай ғана иман берсін деген ой түйіп тарқасты.

Журналист-филолог

Н.Н.Имаханова












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі