жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз
Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз»
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» деп алып отырмыз.
Мақсаты:
1.
Оқушыларға адам құқықтары жайлы
түсініктерін қалыптастыру;
«Жемқорлық»
деген не екенін түсіндіру;
2.
Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін
дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3.
Патриоттық тәрбие қалыптастыру;
Тәрбие
сағатының барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі. (келген қонақтарымызбен
таныстырып кету)
2.
Дөңгелек үстел.
(Бір
парақ қағазға «Отан»
тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен
жазады.)
Әр
топ өз шығармасын оқып, қорғайды.
«Менің көзқарасым» әр топтан бір оқушы шығып, сыбайлас жемқорлық жайында өз ойларын айтады.
1-ші топ.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
2-ші топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
3-ші топ. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлық бейнеролик
Ситуациалық
жағдай
1
топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға
ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат
біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада
ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол
Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу
керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте
келе жатқан Қайратты Марат алдап
шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты
Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін
талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп
ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін
айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес
екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын
бере салады. Аман - есен құтылғанына
қуанған ол анасына айтатындығын
ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі
біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын
Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
1. Осы көріністе баланың қандай құқығы
шектелген?
2.
Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3.
Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не
себеп болды?
2
- топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта
оқиды. Нұрланның білім алуға деген
талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар
қатарынан орын аларлық қабілеті бар.
Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы
жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы
бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы
сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде
тіпті апталап келмей қалатын кездері
де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға
байланысты өтетін жиындарға да келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты
Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен
бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш
нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде
беріп құр шығарып салады. Бірер күн
өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады.
Білім алу баланың басты міндеті екенін
біле тұра оны орындауда әке - шешесі
салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай
бағалайсыздар?
2.
Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз
не істер едіңіз?
3.
Ата - ананың бала алдындағы міндеттері
қандай?
3
- топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті
аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып,
тынығып, қыркүйекте мектепке келді.
Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген
соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай
сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше
бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың
қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке
толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі
бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше
бір қабілетін шыңдауды мақсат санады.
Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс
клубына жазылмақшы болып бір шешімге
келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді.
Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады.
Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге
өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға
ағылшын тілі мамандарының өте қажет
екендігін, заман ағымына сай өмір сүру
керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың
бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі
құмға сіңген судай жоқ болды да кетті.
Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс
санап, соны басты назарға алатын Жалғас
тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр
болды.
Сұрақтар:
1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін
қалай бағалайсыз?
2.
Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп
тұр?
3.
Жалғастың ата - анасының шешімімен
келісуі дұрыс па?
Слайдпен
жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
1.
Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын
сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2.
Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің
алғысын белгілі - бір сыйлықты (гүл,
сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа
жатады ма?
3.
Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар,
емтихан уақытында оқытушыларына үстел
жасағаны , жемқорлыққа жатады ма?
Ортақ сұрақ
Түнгі мезгілде сағат (22 .00 ) кейін көшеде жүрген мектеп оқушысын жасөспірімдер инспекторлары ұстап алса, оған қандай заңдар қолданады? Ата-аналарға қандай көлемде айып пұл салуға болады? Оған сынып жетекші жауап беруге тиісті ме ?
«Менің отбасым» тақырыбына сурет салу (әкесі,анасы,баласы)
музыка ойнап тұрады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сөйлеген сөзі. (таспаға жазылған)
Құрметті форумға қатысушылар!
Бүгінгі басқосуымыз қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес шараларына арналып отыр. Осы мәселе жөнінде нақты әңгіменің уақыты жетті деп санаймын.
Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.
Біз экономикамызды барынша дамытып, саяси жүйемізді жетілдіріп жатырмыз. Білімді, мәдениетті әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру жолында алдымызға стратегиялық мақсат қойып отырмыз.
Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз.
Жемқорлықпен күрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.
Бүгін мен сіздермен осы мәселе төңірегінде, қордаланған проблемалар мен оларды шешудің заңнамалық және нақты іс-шаралары жөнінде ашық сөйлесуді жөн көріп отырмын.
Бүгінгі басқосудың қаншалықты маңызды екенін баршаңыз де сезініп отырған боларсыздар.
Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы біздің ғана емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналғанын жаңа айттым.
Бүгінде жаһандық сипат алған бұл індет тұтастай мемлекеттердің экономикасын күйретіп жіберу қаупін туғызып отыр.
Олай болса, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілуі қажет. Ешкімнің лауазымына, шен-шекпеніне қараудың қажеті жоқ. Қылмыс жасаған адам қандай жағдайда да жауапқа тартылуы тиіс.
Қоғам бізден нақты іс-әрекетті күтіп отыр. Баршамыздың ел алдындағы қызметіміз де, беделіміз де бірлесіп істеген жұмыстың нәтижесіне байланысты.
Тағы да қайталап айтамын, бұл істе "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндет үлкен. Партияның орталық, жергілікті жердегі басшылығы, мүшелері халықты жұмылдыра отырып, жемқорлықтың алдын алу мен жою шараларын белсенді жүргізуі керек.
Қазақта "Ауруын жасырған өледі" дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Назар аударып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет.
Бейнеролик көрсетіледі (жемқорлыққа жол жоқ)
Оригами
жасау.(Раушан гүлі)
(келген қонақтарға жасалған гүлдерді
сыйлыққа тарту)
«Жүрек жылуы» тілек арнау. (әр топ бір-біріне тілек айтады)
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз»
Өткізген:Б.З.Абдильманова
Сыбайлас жемқорлық
Мақсаты:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик
Барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
3.Тәрбие сағаты:
Видео
Викторина
Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.
1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2- жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке берсек
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
//видео
10-сынып оқушылары жемқорлық туралы түсініктеме береді:
1-ші оқушы
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
2-ші оқушы. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
3-ші оқушы. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.
2-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
1-жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
2-жүргізуші: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР:
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
• ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану
• Коммерциялық сатып алу
• Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану
• Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану
• Пара алу
• Қылмыстық жалғандық жасау
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
2- жүргізуші. Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
Викториналық сұрақтар
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?
9-сынып оқушыларының қорытынды әдеби монтажы
1-оқушы
1989
жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті
халықаралық бизнестегі жемқорлыққа
қарсы күресу туралы конвенцияға қол
қойды.
2-оқушы
Қазақстан
осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы
2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы
күрес» туралы заң қабылдады.
3-оқушы
Жемқорлық
латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару
құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің
өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің
жеке бастарының пайдасы мен мүдессі
үшін пайдалану мақсатында жасаған
қоғамға қауіпті қылмыстық
іс-әрекеттері.
4-оқушы
Жамандыққа
тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы
жабыққой анық, «Қазақстан-2050»-айқын
жол, Күресейік,жемқорлықты жояйық.
5-оқушы
Әр
ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз
шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа
үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған
соң санада.
6-оқушы
Пара
алғандар темір тордан әрі асар,
Алса
да оны мойындамай санасар,
Беделі
кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді
өмірі енді қайтіп жарасар.
7-оқушы
Қазақ
елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың
жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер
гүлденер,ел байып,
Сонда ғана
шарықтаймыз,өсеміз.
8-оқушы
Егеменді
өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін
сезімімді жыр-әнмен
Жолыменен
Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол
жоқ»-деген ұранмен.
Сабақты қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген