ТӘРБИЕ
САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Амандасу
2 мин
Ақпарат
беру
16 мин
Видеороликтер
арқылы қоғамдағы жағдаймен таныстыру
14 мин
Караоке
4 мин
Рефлексия
4 мин
Ашық
тәрбие сағаты сценарий
Тақырыбы:
«Жемқорлыққа жол жоқ!»
Мақсаты:
Қоғамның
әр-түрлі орталарындағы сыбайлас
жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық
жұмыстарын насихаттау; сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды
негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат
беру,білімдерін дағдыландыру; саяси
өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра
отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне,
қоғамға деген өз ой - пікірлерімен
санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет
етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Тәрбиелік
мәні: Оқушылардың бойындағы патриотизмді
дамыту, ата заң ның сабаққа байланысты
бөліктерімен таныстыру.
Көрнекілік:
видеороликтер, сурет, караоке
Сабақ
барысы:
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Бүгінгі
біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты
оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа
үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы
қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне
жауапкершілікпен қарау және әділдікке
тәрбиелеу.
Сыбайлас
жемқорлықпен күресу Қазақстанның
бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып
отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып
табылатын ол саяси даму тұрғысынан
бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық
елдердің қай-қайсысын да қатты
алаңдататыны анық.
Ақпарат
беру:
«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық
мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті,
бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси
тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл
індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.»
Н.Ә.Назарбаев
“Сыбайлас-жемқорлық”
деген түсінік “параға сатып алу”,
“пара” ретінде, “corruptio” деген латын
сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау,
параға сатып алу” деген түсінік берген
де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс
тілінің түсіндірме сөздігі
сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып
алу, лауазымды адамдардың, саяси
қайраткерлердің сатқындығы ретінде
сипаттайды.
Келесі
кезекте бейнероликке берсек
Осы
бейне роликті көрген кезде қандай
сезімде болдыңдар?
Роликтегі
адамдардың әрекеті дұрыс па?
Қазақстанда
сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс:
-
қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану;
-
билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану;
-
лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану;
-
заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу;
-
заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі
болу;
-
пара алу;
-
пара беру;
-
бопсалауда арада жүру;
-
қызмет орнында алдау;
-
қызмет орнындағы әрекетсіздік;
-
немқұрайлылық.
Қазақстанда
сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс
жасағандар үшін ескі мерзім болмайды,
шартты түрде сотталуға тыйым салынған,
өмір бойы мемлекеттік қызметпен
айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын
мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар
да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны
үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де,
тіпті министрлер мен облыс әкімдері де
сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін
қамауға алынып, сотталады.
2015
жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қылмыстық
кодекске, сонымен қатар сыбайлас
жемқорлық саласына қатысты да өзгерістер
енгізілген.
361
Қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК дейінгі
айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру
362
Билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану
3000 АЕК дейінгі айып / 5-10 жылға бас
бостандығынан айыру
363
Лауазымды тұлғаның өкілеттігін иелену
2000 АЕК дейінгі айып / 75 тәулікке қамалу
Заңсыз
түрде кәсіпкерлік қызметке араласу
1000 АЕК дейінгі айып / 4 жылға бас
бостандығынан айыру
365
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі
болу 2000 АЕК дейінгі айып / 3-7 жылға бас
бостандығынан айыру
366
Пара алу 50 пара көлеміндегі айып / 10-15
жылға бас бостандығынан айыру
367
Пара беру 20 пара көлеміндегі айып / 10-15
жылға бас бостандығынан айыру
368
Бопсалауда арада жүру 10 пара көлеміндегі
айып / 6 жылға бас бостандығынан айыру
369
Қызмет орнында алдау 2000 АЕК дейінгі
айып / 3-6 жылға бас бостандығынан айыру
370
Қызмет орнындағы әрекетсіздік 2000 АЕК
дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан
айыру
371
Немқұрайлдылық 1000 АЕК дейінгі айып / 5
жылға бас бостандығынан айыру Назар
аударыңыз! Егер сіз қандай да бір ұйым,
мекемеде жемқорлық, бопсалаушылық, пара
алу, пара беру және т.б. сыбайлас жемқорлық
көрінісіне тап болсаңыз, бұл проблемаға
немқұрайлы қарамаңыз. ҚР Мемлекеттік
қызмет істері министрлігінің Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының
орталығына хабарласыңыз: 1424
Караоке:
БН
«Мектеп»
Рефлексия
Балалар стикерге сабақтан әсерлерін
жазып тақтадағы суретке жабыстырады.