Материалдар / Жемқорлыққа жол жоқ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жемқорлыққа жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемқорлыққа жол жоқ тақырыбында сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
119
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Тақырыбы:

«Жемқорлыққа жол жоқ (ашық тәрбие сағаты »









АӘД пәні мұғалімі: Қуанышев Д.К.







2019-2020 оқу жылы

Қараөзек орта мектебі



  1. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгін біздің

Жемқорлыққа жол жоқ ” атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

2.Жүргізуші: Бүгін біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдықты үйрету,сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру.

1.Жүргізуші:

Жан құмар іздегенге мәңгі сана,

Өзіңді – өзің танысаң істің басы .

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Адам – ғалам ғажайып, жеке дара.

2.Жүргізуші:Адалдық-адам бойындағы таза ниет ,бағалы қасиет адамның сана сезімін-ар ожданына қайшы келмейтіндігін білдіреді.

1.Жүргізуші:  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күресі .

2.Жүргізуші: Ата – бабаларымыз айтқандай «Тура би де туған жоқ» деген олардың әділдік пен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлері

Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би және тағы да басқа біртуар азаматтары дәлел болады.

  1. Жүргізуші: Назым,осы гүл шоғын ұстазыма ұсынсам,сыбайлас жемқорлыққа жата ма?

  2. Жүргізуші: жоқ Оразхан,мен олай ойламаймын.Гүл шоғы ұстазға деген құрмет емес пе?

  3. Жүргізуші: Дұрыс айтасың.

  4. Жүргізуші: Балалардан сұрап көрсек қайтеді.

  5. Жүргізуші: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

Оқушы: Мен де Назыммен келісемін.Ананы гүлге теңейміз емес пе ұстаз екінші ана емес пе?

  1. Жүргізуші: дұрыс айтасың.

Оқушы: Мен де Назым мен Айсәуленің пікірімен қосыламын.Ұстаздардың біздер үшін еткен еңбегінің алдында еш нәрсе емес.

  1. Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар, мен де сендермен келісемін.Себебі ғалым да,дәрігер де,тіпті ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев тағы да басқалар ұстаздан білім алған.

2 – жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде – бір мемлекеті, бірде – бір саяси жүйе, бірде – бір саяси тәртіп қорғалған емес.Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.(Видеоролик)

1 оқушы

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.

2 оқушы

Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып1998 жылы 2 шілдеде « Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.

3 оқушы

Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы  лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының  пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті  қылмыстық іс – әрекеттері.

Сұрақ – жауап

Жемқорлық дегеніміз не ?

Параға сатып алу дегенді білдіреді

Пара беру дегеніміз не?

Қандайда бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін ынталандыру немесе марапаттау

Жемқорлықтың қандай түрлері бар

1 жеңіл жолмен ақша табу

2 өз ісіне адал болмау

3 пара беру және алу

4 қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдаланып, өз мүддесіне сиақы алу

5  қызмет орнын өкілеттігін пайдалану

6 заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу

7 заңсыз кәсіпкерлікқызметке кедергі болу

8 бопсалауда арада жүру, қызмет орнында алдау


1 жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай зиян кетіреді

Қоғамның бақытты болашағын тежейді

Елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді

Жұртшылықтың  заң мен  әділдікке , билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сыбайлас жемқорлық эканомиканың дамуына кедергі жасайды


2 жүргізуші Сыбайлас жемқорлыққы қалай жоюға болады?

1 пара бермеу және алмау

2 мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс

3 парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға ақпарат мәзіріне хабар беріңіз

4 сыбайлас жемқорлықты көрсеңіз 14 24 ке хабарласыңыз


1 жүргізуші

Адалдық адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана сезімі мен ар ожданы қайшы келмейтіндігін білдіреді.

2жүргізуші

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күресі.

Ситуациалық жағдай(әр топ таңдап алған жағдайға көрініс көрсетуі тиіс)

1 тапсырма: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:

1.Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2.Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3.Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2 тапсырма. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:

1.Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2.Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3.Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс

Ия, жоқ ойыны

1 Дәрігерге қаралу үшін пара беруге болама…. Жоқ

2  Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу, сыбайсас жемқорлыққа жата ма ?  ия

3 Балалар мектепке қабылдану үшін пара алынадыма …. Жоқ

4 Дәрігер адамды тегін қабылдайдыма…. Ия

5 Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жата ма?

6 Балалар мектепте тегін білім алуға бола ма?

1 Жүргізуші:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған  құқұқтық заңнамалар қабылданып, ел эканомиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің  біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа  жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойған. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін,  өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

Сондықтан сыбайлас  жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!