жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жемқорлыққа қарсы күрес
Сыныбы: 2 «Ә» Мектеп: №18 орта мектеп
Күні:______________ Мұғалім: Сәрсенбай Шынар Бекдәулетқызы
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?»
Мақсаты:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик
Барысы:
1.Ұйымдастыру
Көрме ұйымдастыру:
Оқушылардың салған суреттері
2.Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
3.Тәрбие сағаты:
Видео
Викторина
Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
Оқушыларға тапсырма
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
(Слайд №1)
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2)
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
(Оқушыларға үйге тапсырма «Елімнің болашағы менің қолымда ә деген шығарма берілген болатын. Оқушылар өз шығармаларын оқиды.)
Мұғалім: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Мұғалім: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №3)
Мұғалім: . Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд №5,6)
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?видео
Мұғалім: : ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
Мұғалім: : Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. (Слайд №8)
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: (Слайд №9, 10)
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
• ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану
• Коммерциялық сатып алу
• Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану
• Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану
• Пара алу
• Қылмыстық жалғандық жасау
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
ВИКТОРИНА (Слайд №11-21)( Сұрақтарға оқушылар жауіа береді)
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл
“Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы” заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)
Мұғалім: Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру: (Слайд №23)
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?
Тренинг (Слайд №24)
Сахналық көрініс (Әр топтан екі оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)
1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.
2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.
3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз.
Мұғалім: Ал
енді оқушыларымыздың дайындап келген
тақпақтарына кезек берсем.
Арсен:
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті
бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.
ЕрғазыЖемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
Бекарыс
Жамандыққа
тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабыққой анық,
«Қазақстан-2050»-айқын жол,
Күресейік,жемқорлықты жояйық.
Інжу
Әр
ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз
шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа
үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған
соң санада.
Ақниет
Пара
алғандар темір тордан әрі асар,
Алса
да оны мойындамай санасар,
Беделі
кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді
өмірі енді қайтіп жарасар.
Диана
Қазақ
елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың
жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер
гүлденер,ел байып,
Сонда ғана
шарықтаймыз,өсеміз.
Дидар
Егеменді
өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін
сезімімді жыр-әнмен.
Жолыменен
Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол
жоқ»-деген ұранмен.
Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»
(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Мақал-мәтелмен жұмыс
(Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер тақта ілініп тұрады.Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып мақалды талдайды.)
1.Адамгершілік
болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның
ұяты бетінде,
Адамгершілігі
ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған
үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір
сауап,
Өзенге көпір салған бір
сауап,
Жолға ағаш еккен бір
сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ
ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның
әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат
сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан
жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам
жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт
бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық
бұзылады.
Сабақты қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген