15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жемқорлыққа қарсы сот ісі
Рөлдік ойын: «Жемқорлық ісін жүргізу »
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы дүниетынымын қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушыларға сыбайлас жеморлық туралы түсінік беру. Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихымен таныстыру. Жемқорлықтың әр түрлі салада, жағдайда туындап, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Туындаған әлеуметтік жағдайға қажетті деңгейде өз көзқарасын, ойын білдіре алатындай ықпал ету.
Өз мемлекетінің алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты азаматтық позициясын қалыптастыру.
Көрнекілік : компютер, белсенді тақта, презинтация , постер,
Қатысушылар: Сот, айыпталушы- Жемқорлық, прокурор, адвокат, тарихшы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент өкілі.
Өтіу барысы: оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ алдында компютер арқылы әр түрлі саладағы жемқорлық туралы бейне жазба көрсетіледі. Болжау сұрақтар қойылады.
Бүгінгі сот ісінің айыпталушысы кім деп болжап отырсыздар.
Сыбайлас Жемқорлық.
Сахына ортасында сот өкілінің орны. Сол жағында хатшы, оң жағында айпталушы Жемқорлық пен адвокат.
Хатшы: Орнымыздан тұрамыз, Сот келе жатыр.(қара мантия киген сот келеді.)
Сот:Отыруларыңызды өтінемін! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қозғалады. Тыңдалым ашық деп жарияланады. Прокурорлар тобына сөз беріледі.
Прокурорлар тобы: Жоғары мәртебелі сот мырза ең алдымен біз Сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсіндіріп өтсек дейміз.
«Сыбайлас жемқорлық » деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай –ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру,бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс әрекет білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас- жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың , саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттаған.
ҚР «Сыбайлас- жемқорлықпен күрес туралы » Заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесі анықтама береді. Ол: «... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды түлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды пармен сатып алу.»
Сот: прокурорлар айпталушының күнәсін дәлелдейтіндей нақты ақпарат беретін куәгерлеріңізді сөйлетіңіз.
Хатшы: Тарихшы куәгерлер сөз сіздерде.
Тарихшылар тобы: (өз постерлерін қорғайды.)
жемқорлықтың тарихи дамуы тайпа басшыларына үлкен көлемде сыйлық жасаудан басталады.
Шумер ханы жемқорлыққа қарсы күрескен тұлға ретінде деректерде жазылады.
Ежелгі рим заңдарында жемқорлық деп сот шешімін ақшаға өзгерту деп түсінген.
Жемқорлықтың шарықтау шегі 19-20 ғасырларда өршіп дамыған.
Хатшы : келесі куәгерлер сот залына шақырылады.
Қорғаушы: менің қорғалушымның осындай істеріне неге адамның өзі сұранып жүгінеді? Оның себептері неде?.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің өкілдері куәгер ретінде қандай мәлімет берер екен.
-
Жемқорлықтың шығу себептері
Келтіретін зардабы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы
Мемлекеттік қызметкерлердің төмен жалақысы
Заңды білмеуі
Жеңіл табыс табуға ұмтылу
Жемқорлық әдетке айналып кетеді.
Елді мекеннің төмен деңгейде өмір сүруі
жұмыссыздық
Жемқорлар бизнес саласының дамуына кедергі келтіреді.
Мемлекет қаржысын ұрлайтындар ақшаны әлеуметтік нысандарға жеткізбегендіктен қызмет жасау сапасы төмендейді.
Пара беріу мен сатып алу қалталы азаматтардың мемлекет заңын қонышынан басуға мүмкүндік береді.
4 – бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың негізгі қағидалары .
2 –тарау 6- бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларының жүйесі.
11- бап. Қаржылық бақылау шаралары.
Сот: куәгерлерге сұрақтарың бар ма?
Прокурор: Сот үрдісінің қатысушылары . Айыптаушылар жауапқа тартылып отырған жемқорлықтың барлық қателіктері дәлелденді деп ойлаймыз. ҚР заңына сүйене отыра Жемқорлықты айыпты деп санауыңызды сұраймыз.
Қорғаушы: Құрметті сот үрдісіне қатысушылар!. Прокурорлар тобы қажетті деңгейде сотталушының айыбын дәлелдеді. Бірақ, Жемқорлықтың қызметіне жүгінетін адамдардың өзі кенені ескеруіңізді сұраймын.
Сот: Айыпталушы сізге соңғы сөз беріледі.
Жемқорлық: Жоғары мәртебелі сот ! мені қатаң жазаға сөкпеуіңізді сұраймын, себебі менің барлық қызметім адамзатқа көмек көрсету еді.
Сот: Сот шешімін оқыймын. ҚР Заңының негізінде айпталуш Жемқорлықтыты кінәлі деп тауып, өмірлік абақтыға қамалсын. Сонымен қатар зардап шегушілерге маральдық және материялдық тұрғыда өтемақы төленсін.
Хатшы : сот үрдісін жабық деп жариялаймын.
Хатшы сөзі
Хатшы: Орнымыздан тұрамыз, Сот келе жатыр
Хатшы:прокурорлар сөйлеп болғанан кейін.Тарихшы куәгерлер сөз сіздерде.
Хатшы :тарихшылар сөйлегенен кейін. келесі куәгерлер сот залына шақырылады.
Хатшы : сот үрдісін жабық деп жариялаймын.
ӨКІЛДЕР СӨЗІНІҢ АЛДЫНДА.Қорғаушы: менің қорғалушымның осындай істеріне неге адамның өзі сұранып жүгінеді? Оның себептері неде?.
Сот өзі сөз береді Қорғаушы: Құрметті сот үрдісіне қатысушылар!. Прокурорлар тобы қажетті деңгейде сотталушының айыбын дәлелдеді. Бірақ, Жемқорлықтың қызметіне жүгінетін адамдардың өзі кенені ескеруіңізді сұраймын.
Жемқорлық: Жоғары мәртебелі сот ! мені қатаң жазаға сөкпеуіңізді сұраймын, себебі менің барлық қызметім адамзатқа көмек көрсету еді.
Прокурор: Сот үрдісінің қатысушылары . Айыптаушылар жауапқа тартылып отырған жемқорлықтың барлық қателіктері дәлелденді деп ойлаймыз. ҚР заңына сүйене отыра Жемқорлықты айыпты деп санауыңызды сұраймыз.
Мемлекеттік қызметкерлердің төмен жалақысы
Заңды білмеуі
Жеңіл табыс табуға ұмтылу
Жемқорлық әдетке айналып кетеді.
Елді мекеннің төмен деңгейде өмір сүруі жұмыссыздық
Мемлекет қаржысын ұрлайтындар ақшаны әлеуметтік нысандарға жеткізбегендіктен қызмет жасау сапасы төмендейді.
Пара беріу мен сатып алу қалталы азаматтардың мемлекет заңын қонышынан басуға мүмкүндік береді.
Жемқорлар бизнес саласының дамуына кедергі келтіреді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген