Солтүстік
Қазақстан облысы
Есіл
ауданы
«Ақтас
негізгі мектебі»
Тақырыбы:
Жемқорлықсыз
– болашақ
Жауапты:
Омаров А С
Жемқорлықсыз
– болашақ
Мақсаты:
“Жемқорлықсыз
- болашақ”
деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу
жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз
көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын
кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу
қабілеттерін дамыту
Өз
мемлекетіне жауапкершілікпен қарау
және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық
тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар,
плакат, кітаптар, видео
Өткізудің
формасы:
Тәрбие сағаты
Өткізудің
технологиясы мен әдістер: Пікірталас,
сұрақ-жауап, презентация
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен
оқушылар. Бүгінгі біздің “Жемқорлықсыз
- болашақ” атты
ашық тәрбие сағатымызды бастауға
рұқсат етіңіздер
2-жүргізуші:
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың
мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге,
адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық
туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз
мемлекетіне жауапкершілікпен қарау
және әділдікке тәрбиелеу.
“Жемқорлықсыз
- болашақ” Қазақстанның
бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып
отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып
табылатын ол саяси даму тұрғысынан
бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі
барлық елдердің қай-қайсысын
да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас
жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан
әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір
саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп
қорғалған емес. “Жемқорлықсыз
- болашақ”“Сыбайлас-жемқорлық”
деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық”
деген түсінік мағынасына этимологиялық
қарау мұны “параға сатып алу”, “пара”
ретінде, "corruptio" деген латын сөзін
алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим
құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау,
параға сатып алу” деген түсінік берген
де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Келесі
кезекте презентация
көрейік
1-жүргізуші:
Сыбайлас
жемқорлықтың зардаптары:
-
қоғамның бақытты болашағын тежейді;
-
елдің халықаралық беделіне көлеңке
түсіреді;
-
жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке
деген сеніміне сызат түсіреді.
Викториналық
сұрақтар
«Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң
қашан қабылданды? 2.07.1998
жыл
“Сыбайлас-жемқорлық”
деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген
“параға сатып алу”, “пара” ретінде,
"corruptio" деген латын сөзін алып,
анықтауға мүмкіндік береді.)
ҚҰҚЫҚ
деген не ? (мемлекет орнатқан және оның
күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей
қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп
ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
Заң
деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы
басқарушы органының шығарған, қабылдаған
ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм.
Барлық заңдар және заңға тәуелдi
нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға
сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
Қылмыстық
Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде
көрсетілген адамға бұрын жасаған
заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін
сомасы немесе құны неше айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын болса
қылмыстық жауапкершілікке жатпайды?
(2
айлық есеп)
Пара
беру дегеніміз не? (қандай да бір
коммерциялық келісімге келу үшін немесе
жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру
немесе марапаттау.)
Сыбайлас
жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін
қандай жауапкершілік көзделген?
(Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны
үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған
қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі
мен келтірілген залалына байланысты
болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексі)
Халықаралық
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан
жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
“Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”
заң қашан қабылданды? (18
.11. 2015 жыл)
БҰҰ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Конвенциясы қашан қабылданды?
(31.10.2003ж.)
Тренинг
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі
барлық алынған білімдері бойынша, әр
топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы
сахналау керек.
1
жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда
сізді үшінші рет құлатты. Өзінің
барлық келбетімен, пара беруіңізді
сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.
2
жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне,
заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет
үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің
әрекетіңіз.
3
жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге
жедел түрінде шетелдік құжат қажет.
Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің
әрекетіңіз.
Сабақты
қортындылау:
Ел
болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді
алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген
саясатының арқасында мемлекетіміздің
тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне
бағытталған құқықтық заңнамалар
қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік
жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің
ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл
әлемге өзінің біртұтастығыменен,
ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам
дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан
туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды
міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен
алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен
күрес жолы.
Құрметті
оқушылар әрқашанда адамдық жақсы
қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге
жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге
тырысыңдар .