400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеңдері түрліше пішілген бұйымдардың өңделу ерекшелігі.N3u3y

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тігін өндірісі және киімді үлгілеу "-мамандығының ,пішуші,арнайы тігіншілерге арналған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Г. К. Исмагулова.


Сабақ жоспары

Топ № 4

Сабақтың тақырыбы:Жеңдері түрліше пішілген бұйымдардың өңделу ерекшелігі.

Білімділік мақсаты:Жеңдері түрліше пішілген бұйымдардың өңделу жолдары , пішінді бөлшектері , қиық атаулары және жеңдердің ерекшеліктері жөнінде білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Әр оқушының мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Қондырма жең, реглан жең, тұтас пішілген жең, аралас пішілген жең түрлері жөнінде білімдерін дамыту,ойлау жүйесіне қозғау салу.

Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке танымдық, іскерлік, жаңашылдыққа тәрбиелеу, еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға, өзін-өзі бақылай білуге, бірін-бірі сыйлауға, уақыттарын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер:компьютерлік технологиялар, диалогтық технологиялар, сын тұрғысынан ойлау және ойын технологияларын қолдану.

Пәнаралық байланыс: Технология, жабдық, материалтану, құрастыру, өндірістік оқыту.

Көрнекілік: ақпараттық коммуникативтік технологиялар, видеосюжет және үлгілер,плакат.

Қолданған әдебиеттер: 1.Киім дайындау технологиясы. Автор: М. Нуржасарова.К. Кучарбаева.

А. Рустемова. 2. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы Автор: А.Асанова. Г. Тастанбекова.

3.«Изготовление женской и детской верхней одежды » Автор:И.Н.Литвинова. Я.А.Шахова. 4.«Портной женской одежды» Автор:Л.М.Дашкевич.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі –Студенттер түрлі түсті карточкаларға сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөліну /2-3 мин/

1-топ «Қондырма жең»

2-топ «Реглан жең»

3-топ «Тұтас пішілген жең»

4-топ «Аралас пішілген жең»

1. Оқушылармен амандасу.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ-Сабақтың тақырыбын хабарлау:/Карточкадағы сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері табу/ Жеңдері түрліше пішілген бұйымдардың өңделу ерекшелігі.

ІІІ- Сабақтың мақсатын айқындау:/Сабақтың мақсаттарын қандай деп ойлайсыздар,осы сабақта алдымызға қандай мақсат қоямыз/

ІV-.Күтілетін нәтиже:«Қондырма жең»,«Реглан жең», «Тұтас пішілген жең», «Аралас пішілген жең» түрлерінің пішінді бөлшектерінің айырмашылықтарын, өңделу жолдарының ерекшеліктерін біледі және жүйелей біледі.

Бағалау парағы

№

Студенттің аты жөні

Сұрақ-жауап

кезеңі

(1-3 балл)

Постр толтыру,

қорғау

(5-7 балл)

Clil – технологиясы

3-тіл(3-5 балл)

Жең бөліктерін

құрастыру (1-3 балл)

Қосымша бал

(1-3 балл)

1







2







3







4







5







6









«5» -21-19балл

«4» -18-13балл

«3» -12-8 балл







ІІ- Оқытушы өткен тақырыптарды еске түсіріп шолу жасау: Жеңдері түрліше пішілген бұйымдардың өңделу ерекшелігі. 2-3 минут

2 .1 Жең тарихы.
Ежелгі египеттік, парсылық Ассириялықтарда жең болмаған.
Бұл сән үлгісі алғаш рет Византиялықтардан келді.
ХІІ ғасырдан бастап Еуропада қондырма жең кең қолданыла бастады.
Ренессанс дәуірінде тілікті және бүрмелі жеңдер кеңірек қолданыста болды.
ХV - XVI ғасырда алып - салынбалы жеңдер бүрмеленіп, қымбат әшекейлермен сәнделді
XVII ғасырдың соңында жеңнің жоғарғы бөлігі жіңішке, төменгі бөлігі кең, жалпақ қайырмалы қаттамамен өңделген.
XIX ғасырдың 20 - шы жылдарында жеңдер өзгеріске енді.
Пішіміне қарай жеңнің түрлері:Қондырма жең, Реглан жең, Тұтас пішілген. Аралас жең түрлері болып бөлінді.



2Shape1 Shape3 Shape2 Shape4 .2 Жең түрлері





Тұтас пішілген жең – 1970 - Жылдары дизайнер

Кензо ойлап тапқан,қолтық ойындысыбел сызығына дейін созылады

Реглан жең-жеңнің қолтық ойындысы мойын ойындысынан қиғаш басталып және иық бөлігімен тұтас пішіледі. Барон Реглан иығынан жарақат алуына байланысты дизайнерлер арнайыжең пішімін ойлап тапқан.

Қондырма жең - қолтық ойындысына қондырылады.Қондырма жең формасы бойынша тік,тарылған ,кеңейтілген жең.Жең ұзындығы бойынша ұзын,қолдың 3/4, 7/8 бөлігін құрайды,жең аузы қаттамамен,қаттамасыз өңделеді.

Аралас жең Аралас пішілген бұйымдарда алдыңғы бой жағынан қондырылып тігілген,артқы бой жағынан тұтас пішілген немесе реглан және керсінше болуы мүмкін. Матаны үнемдеу мақсатында аралас жеңді қолданады


















Қондырма жең түрлері

Тік формалы

Жең аузы тарылған

Жең аузы

кеңейтілген,

қаттамамен

өңделген

Фонарик

жең

Қанатша тәріздес жең






Қондырма жең ұзындықтары бойынша

















Реглан жең түрлері



















а)Реглан жең,б) 0 Реглан жең,в)Реглан погон,г)Иінішті реглан, д) Жартылай реглан

2.3 Бейнетаспа көру 2-минут

ІІІ-Сұрақ жауап кезеңі

«Activstudio»-тақтасы арқылы слайдтармен жұмыс.

3.1. Логикалық ойлау «Жас тілші ғалымдар зерттейді» Жеңнің өңделу жолдарын дұрыс табу./жауаптарын жылжыту арқылы, дұрыс жауабы жасырын тұрады./ 7-8 минут

1.Жеңді қолтық ойындысына біріктіру /қол жұмысы / қалай аталады ? (Қондыра көктеу)

2.Қондыра тігу тігіс ені ? (10мм)

3.Қолтық ойындысын неше бөлікке бөлеміз? (5- бөлікке)

4. Жең аузының қайыру ені ? (30-40мм)

5.Дұрыс қондырылған жең ? (қалтаның аузының 2/3 – бөлігін жауып тұрады)

6. Жеңді қолтық ойындысына біріктіргенде үтіктің ұшы жеңге қарай енеді неше мм?

(20-25мм)

7.Қондыра көктеу тігіс ені? (9мм)

8.Қондырма жеңді қолтық ойындысына біріктіреміз / машина жұмысы/ ? (Қондыра тігу)

3.2. Сұрақ жауап кезеңі /Дұрыс жауаптары жабынмен жабық тұрады/

1. Үстіңгі және астыңғы тігісі бар жең қандай бөлшектен тұрады? (Алдыңғы және шынтақ бөліктен)

2. Алдыңғы және шынтақ тігісі бар жең қандай бөлшектен тұрады? (Жоғарғы және төменгі бөліктен)

3.Бір тігісті реглан жең ерекшелігі? (Бүкпесімен)

4. Тұтас пішілген жеңнің иық қиығын көктейді? (Артқы бойдан)

5.Реглан погонның ерекшелігі? (Иық қиығына параллель)

6.Жартылай реглан жеңнің ерекшелігі? (Иық қиығының кез келген нүктесінде орналасады)


4.1 Оқытушы қосымша деректер ретінде әр түрлі жеңдердің суреттерін, әр топқа береді, топ өзіне керекті суреттерді таңдап алып, әр топ постр толтырады.толтыру- 5минут,қорғау әр топ -3-5 минуттан Барлығы- 20-22 минут

1-тапсырма- әр топ өз командысының атын қою.

2-тапсырма –постр толтыру./Сабақта студенттер бірлесе отырып,берілген проблеманың шешу жолдарын талқылап,өздерінің шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді,мазмұны мен тапсырма орындайтын форматын таңдайды,кесте,диограмма,таблица түрінде/

2-тапсырма –постр қорғау/әр топтан бір немесе бірнеше спикер жұмысты қорғайды/

4.2 Ұсыныс - Екі жұлдыз,бір тілек,- постр қорғаған топқа,басқа топтар ұсыныс жасап,тілек айтады

Реглан, жартылай реглан жеңді пальтоның өңделу ерекшелігі.

Р еглан жеңді бұйымдардың құрастыру ерекшелігі –жең иық бөлігімен бірге пішіледі және жеңді өңдеп болғаннан кейін жағаны біріктіреді..Алдыңғы және артқы бой және жең кең пішімдіболып келеді.Жаға формасы қондырма жеңді пальтоның жағасына қарағанда кішілеу болып келеді,жеңнің тігістері көрініп тұру үшін, Реглан жеңдер бір тігісті,екі тігісті және үш тігісті болады.Реглан жең бүйір қиықтарын біріктіргеннен кейін қолтық ойындысын өңдейді,содан кейін жеңдерін өңдейді және бұйыммен біріктіреді.Реглан пішімді бір тігісті жеңнің міндетті түрде үстіңгі бүкпесі болады, ол бұйымға иық бөлігі формасын беру үшін қажет.

Р еглан жеңді пальтоның пішінді бөлшектері.а)алдыңғы бой, б)артқы бой, в)үстіңгі жеңнің шынтақ бөлігі, г)үстіңгі жеңнің алдыңғы бөлігі д) астыңғы жең, е)өңірасты, ж) үстіңгі жаға, з) астыңғы жаға, и) жапырақша.Бұйымның қолтық ойындысын өңдеу,қолтық ойындысы созылып кетпеу үшін қиық шетінен 5 мм қашықтықта желімді жиектеме жабыстырады.Алдыңғы және артқы бойдың қолтық ойындысын мата құрамына байланысты 5-7мм отырғызады,кертпелердің ортасында. Отырғызған жерімізді жия үтіктейміз.



Бір тігісті реглан жеңді өңдеу.

  1. Б ір тігісті реглан жеңді ЫЖЖ-дан өткізу- жеңнің оң жақ беттерін ішіне қаратып қиықтарды теңестіріп,алдыңғы қиықты жұмысшыға қаратып,жең түбін оңға жатқыза ,жеңнің алдыңғы қиығын соза үтіктеу.

  2. Жеңнің шынтақ қиығын жия үтіктеу - жеңнің оң жақ беттерін ішіне қаратып қиықтарды теңестіріп, жең түбін жұмысшыға қаратып ,жеңнің шынтақ қиығын жия үтіктеу.

  3. Жең түбін жия үтіктеу.жеңнің оң жақ беттерін ішіне қаратып қиықтарды теңестіріп,шынтақ қиықты жұмысшыға қаратып ,жеңнің алдыңғы қиық жағынан жең түбін жия үтіктеу және шынтақ қиығы жақ бетінен де жең түбін жия үтіктеу.

  4. Бүкпелерді сырып тігу

  5. Бүкпені айыра үтіктеу,ұштарын жия үтіктеу.

  6. Жеңнің ұзындығын дәлдеу.

  7. Жеңнің аузына қатырма жабыстыру

  8. Жеңнің төменгі қиығын сырып тігу

  9. Жеңнің төменгі қиығын айыра үтіктеу

  10. Жең аузын бүгіп көктеу.

  11. Ж ең аузын баса үтіктеу.

Екі тігісті реглан жеңді өңдеу

Екі тігісті реглан жең жоғарғы және төменгі

тігістерден тұрады.

ЫЖЖ-бір тігісті жең сияқты орындалады.

1.Жеңнің жоғарғы қиығын көктеу

Жеңнің оң жақ беттерін ішіне қаратып қиықтарды теңестіріп,бақылау белгілерін сәйкестендіріп,шынтақ бөлігі жақ бетінен көктеу,иық тұсында отырғызу.тігіс ені 9мм.

2. Жеңнің жоғарғы қиығын сырып тігу.

Көктеу тігісінен 1 мм қашықтықта,жеңнің алдыңғы бөлігі жақ бетінен сырып тігу.

3.Көктеу жібін суыру.

4. Жеңнің жоғарғы қиығын айыра үтіктеу.

Айыра үтіктеу екі әдіспен орындалады, алдымен иық бөлігі ,содан соң жең аузынан иыққа дейін.

Егерде жоғарғы тігіс бастыра тігілетін болса,алдыңғы бөлікке қарай жатқыза үтіктейді,инешаншым ұзындығы 10-15мм,теріс жақ бетінен баса үтіктейді.Бастыра тігу тігіс ені моделге байланысты.

5. Жең аузының қайыру сызығын дәлдеу


Р еглан жеңді қолтық ойындысына қондыру

Пішуші бақылау белгілерін қояды,жеңді бақылау белгісі арқылы қондырады.2-нүктесі жеңнің алдыңғы қиығымен біріктіріледі.3- нүктесі артқы бойдың шынтақ нүктесімен біріктіріледі.

Қондыра көктеу оң жеңнен басталады,алдыңғы бойдың мойын ойындысынан, артқы бойдың мойын ойындысына қарай,1-нүтесіне дейін жеңді отырғызбаймыз,1-2 нүктесінің ортасында алдыңғы бойда жеңді отырғыза қондыра көктейміз.2-3 нүктесінің ортасында жеңді отырғызбаймыз,3-4 нүктесінде артқы бойда жеңді отырғыза қондыра көктейміз.4-артқы бойдың мойын ойындысына дейін жеңді отырғызбаймыз.Жеңді отырғызу көлемі мата құрамына,мата түріне байланысты,жай түзу тігіспен инешаншам ұзындығы 8-10мм, №40 мақта жіп.

Дұрыс қондырылған жең ,қалтаның 2/3 бөлігін жауып тұрады,егер қалта жоқ болса,жеңнің алдыңғы иілім сызығы жартылай иілім сызығына параллель орналасады.Жеңді қондыра көктеу жең жақ бетінен орындалады.Тігіс ені -9мм. Оң жең-артқы бойдың мойын ойындысынан,алдыңғы бойдың мойын ойындысына дейін қондыра тігіледі тігіс ені -10мм.Сол жең артқы бойдың мойын ойындысынан.Көктеу жібін суыру.

Тұтас пішілген жеңді өңдеу ерекшелігі.

БPicture 8 ұл жеңнің ерекшелігі алдынғы бой, жеңнің алдынғы бөлігі мен бірге пішіледі, ал артқы бой жеңнің шынтақ бөлігімен бірге пішіледі.Иық қиығы жеңнің жоғарғы бөлігі болып саналады. Жеңнің төменгі бөлігі, бүйір қиығының төменгі бөлігі болып саналады.Қол еркін қозғалу үшін бұйымның бүйір тігісінде жеңнің астыңғы тігісіне ендірме салып тігеді.


  1. Алдынғы және артқы бойда жеңнің төменгі қиығын ылғалды жұмыстан өткізу (1 сурет)

Т ж: Жең қиықтарын теңестіріп, жеңнің төменгі қиығын соза үтіктеу.


  1. Көктеу.Тж: Алдынғы және артқы бойдың иық, бүйір, жеңнің төменгі қиықтарын сәйкестендіріп,1 суретартқы бойдан көктеу. Жеңді шынтақ тұсында отырғызып. Тігіс ені 0,9см


  1. Сырып тігу.Тж: Алдынғы бойдан сырып тігу. Тігіс ені 1см.


  1. Көктеу жібін суыру.


  1. Тігісті бір жағына жатқыза үтіктеу.Тж: Артқы бойға қарай жатқыза үтіктеу.



5.1 Clil - технологиясы /Сөздіктердің 3 тілде аудармасын табу/ 2-минут


№

Қазақша сөздік

Орысша сөздік

Ағылшын сөздігі

1

Алдыңғы бой

Полочка

Front

2

Артқы бой

Спинка

Back

3

Көйлек

Платье

Dress

4

Аралас жең

Комбинированный рукава

Combined sleeves

5

Реглан жең

Рукава реглан

Raglan sleeves

6

Күртеше

Жакет

Jacket

7

Тұтас пішілген жең

Цельнокройный рукава

One-piece sleeves

8

Киім

Одежда

Clothes

9

Жең

Рукава

Sleeve

10

Қондырма жең

Втачной рукава

Vtach sleeves


Үйге бүгінгі тақырыпқа байланысты қазақша сөздіктер берілді,сол сөздердің орысша,ағылшын сөздерін тауып келу берілді.Топ доптылақтыру арқылы қазақша сөздікті айтады,басқа топтарорысша,ағылшын сөздерін тауып айтады. 2- минут


6.Қортынды сұрақтар 3-минут

(Реглан және тұтас пішілген жең, қондырма жеңдерге тақтада мозайка құрастыру арқылы жеңнің бөлшек санын, негізгі жіп бағытын ,қиықтарын атау )

1.Алдыңғы және артқы боймен бірге бір мата бөлігіне тұтас пішілінетін жеңді атаныз:

(Тұтас пішілген жең) мозайка құрастыру

2.Бір тігісті реглан жеңде міндетті түрде болады. ( Жоғарғы бүкпесі) мозайка құрастыру

3.Бір, екі, үш тігісті кең таралған жең( Қондырма жең ) мозайка құрастыру





7.Сабақты бағалау: Бағалау парағы /1 минут/



№

Студенттің аты жөні

Сұрақ-жауап

кезеңі

(1-3 балл)

Постр толтыру,

қорғау

(5-7 балл)

Clil – технологиясы

3-тіл(3-5 балл)

Жең бөліктерін

құрастыру (1-3 балл)

Қосымша бал

(1-3 балл)

1







2







3







4







5







6









«5» -21-19балл

«4» -18-13балл

«3» -12-8 балл











Үйге тапсырма: Жеңдері түрліше пішілген бұйымдар жөнінде тест сұрақтарын оқу.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі