жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жеңіл өнеркәсіп 9 сынып
|
Модуль |
Сыни тұрғыдан ойлау, диалог, АКТ, бағалау. |
сабақ |
География 9сынып |
|
Сабақтың тақырыбы |
§32. Жеңіл өнеркәсіп |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп құрылымы, салалары және өнеркәсіп орталықтарының орналасуы туралы білім беру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылық ізденіске баулу. Топта ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық, бірлікке, бір-бірін тыңдауға баулу |
||
|
Табыс критерийлері |
1)Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін өнеркәсіп салаларымен танысады. 2)Жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы біледі. 3)Өзара ұйымшылдық, топтасып жұмыс істеу дағдылары дамиды. |
||
|
Түйінді идеялар |
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп жайлы толық мағлұмат алып, топ болып жұмыстанып, өз идеяларын түйіндейді. |
||
|
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
|
2-3 мин 10-13 мин 16-20 мин 9 мин |
Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Оқушыларды топқа бөлу. Үй тапсырмасы. 1-топ. Географиялық диктант. 2-топ. Сәйкестендіру. 3-топ. Сандар сөйлейді. Жаңа сабақты таныстыру. Тақырыптың мазмұны мен мәнін оқушылардың өз бетінше ашуы үшін «ой қозғау» арқылы жұмбақтардың шешілуін табады. Өрнектеп, сәндеп, Тiгiстерiн бүгетiн. Солпысын жөндеп, Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi) Құрып қойып өрмегiн, Ұршықтарын ойнатып. Сәндi мата өрнегiн, Жасайтын кiм жайнатып? (Тоқымашы) Ұзын-ұзын жолдар бар, Үйрек қонар көлдер бар. Ат үстiнде шокиып, Отыратын күндер бар. (Өрмек тоқушы) Оның тiккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi) «Ой қозғау» әдісі бойынша негізгі жеңіл өнеркәсіптің түрлері туралы слайдты материалдан көрсетіледі. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында топпен жұмыстану арқылы кесте, сызба түрінде сызып, постерді қорғау. 1 – топ: Тоқыма өнеркәсібі. 2 – топ: Мақта – мата өнеркәсібі. 3 – топ: Былғары, тері илеу, аяқ киім өнеркәсібі. Қорытынды. Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
Бағалау. Топ басшысы топты бағалау парағымен таныстырады. Кері байланыс.Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, мұғалімге қояр сауалдарын стикерге жазады . Үйге тапсырма.§32 Жеңіл өнеркәсіп. Кескін картаға жеңіл өнеркәсіп орталықтарын түсіру. |
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады. Оқушылар өздерінің дәптер, кітаптарын дайындайды. Топ болып берілген тапсырманы орындайды.Тапсырманы орындап болған соң , бір топ екінші топтың жасаған еңбегіне баға береді. Үй тапсырмасының орындалуына қарай топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Оқушылар берілген жұмбақтардың шешуін табады. . Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады. Сабаққа деген зейінін аудару. Топ болып берілген тапсырманы орындайды. Орындалған тапсырманы топ болып , тақтаға шығып қорғайды. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. |
|
|
Ресурстар |
АКТ құрылғылары, әдеби көздер, постер, көңіл-күй стикерлері және т.б. |
||
1-топ. Географиялық диктант.
-
Қазіргі таңда ет өнімдері .......................................ет комбинатында дайындалады.
-
Тамақ өнеркәсібі базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: ............................................... .........................................................................................................
-
Ұн тарту өнеркәсібіне ................................... жатады.
-
Қазіргі кезде ........................................................ ұн тарту комбинаттары еліміздегі жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етеді.
-
Қант қызылшасы ....................................................... шыдамайды.
-
Қазақстандағы қант құрағы ....................................................... елдерінен әкелінеді.
-
Ірі сүт зауыттары ..................................................................... қалаларында орналасқан.
-
Алматыда...... шарап жасау зауыты бар
2-топ. Сәйкестендіру. Парақшаға жазылған өнеркәсіп аттары мен қалаларды оқушылар сәйкесітендіру қажет.
-
«Филип Моррис Қазақстан» ------------------Атырау, Балқаш
-
«Баян сұлу» --------------------------------------Алматы
-
«Рахат»-------------------------------------------Шығыс Қаз.,Палодар
-
Балық консервілері -----------------------------Алматы
-
Ең ірі ет комбинаты--------------------------------------Қостанай
-
Күнбағыс майы ------------------------------------------Шымкент
-
Маргарин зауыты --------------------------------------Семей
-
Шитті мақта майы ---------------------------Өскемен
-
Өсімдік майын айыру ------------------------Алматы
3-топ. Сандар сөйлейді. Топқа парақшаға сандар жазылып беріледі. Сол сандай нені білдіретінін топ оқушылары жазуы тиіс.
-
¼ - ет комбинатының тамақ өнеркәсібінде құрайтын бөлігі.
-
98% - Семей ет комбинатының малдың тірідей пайдаланатын салмағы.
-
90%- тамақ өнеркәсібінің өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының құрайтын мөлшері.
-
50,3кг. – жан басына шаққандағы ет тағамдарының тұтыну көрсеткіші.
-
78% - шарап шығару өндірісінің Алматы қаласына тиетін үлесі.
-
11 – Алматы қаласына тисілі шарап зауыты.
-
75%- Көкшетау, Қостанай, Алматы сүт комбинатының сүт өнімдерін қндіретін үлесі.
-
1 т.- 6-9т. қант қызылшасынан алынатын құмшекер үлесі.
-
1993ж. – «Филип Моррис Қазақстан» құрылған уақыты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген