Материалдар / Жеңіс деген шат күлкісі баланың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңіс деген шат күлкісі баланың

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс деген шат күлкісі баланың. Сынып сағаты. ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
131
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жеңіс деген шат күлкісі баланың

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

  2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу

  3. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.


Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

9 мамыр Жеңіс күні. Бұл соғысқа қазақ жерінен қара көз қыздарымыз бен ұлдарымызды әкетті. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болып 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия Совет Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Сонымен фашистік Германия жеңіліп 1945 жылы Совет Одағының жеңісімен аяқталды.

Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен яқталғанына биыл 62 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызға асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басым иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік.

1 - оқушы:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2 - оқушы:
Майский праздник -
День Победы
Отмечает вся страна
Надевают нашы деды
Боевые ордена.

3 - оқушы:
Их с утра зовет дорога
На торжественный парад
И задумчиво с порога
Вслед им бабушки глядят.

4 - оқушы:
Мы славой их гордимся,
Гордимся за страну
Здоровья ветеранам,
Всем пожелать хочу!

5 - оқушы:
Мы благодарны им за труд
За подвиг, за победу
За то, что подарили жизнь
Своим внучатам, детям!

6 - оқушы:
Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай.

7 - оқушы:
Благодарим, солдаты, вас
За жизнь, за детство и весну
За тишину,
За мирный дом,
За мир в котором мы живем!

8 оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс! (Әли)
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен ортаға шақырамыз.

ӘН: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 9 сынып оқушылары орындайды.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!