400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.

1-жүргізуші:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

2-жүргізуші:- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

1-жүргізуші:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.


2-жүргізуші:- Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына

1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

1-жүргізуші:

Туған жер, өскен орта, байтақ дала

Махаббат, ыстық жүрек құмарлана

Сүйеді Төлегендей ер баласын

Баулыған батырлыққа Отан-ана!

«Аманат» әні. Орындайтын Олжабаев Асылбек

2-жүргізуші:

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсие. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.

Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады.

Мәншүк әні.Орындайтындар: 7 «А» сынып оқушылары Гүлжанат пен Динара

2-жүргізуші:Ұлы Отан соғысына қатысқандар.

Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

/1 минут үнсіздік./

2-жүргізуші:

Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады.

Самал өскен даласын қорғады.

«Катюша» биі. Орындайтындар 9-сыныптың қыздары

1-жүргізуші: Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

Естідім-ау Жеңіс күнін

Дүрілдейді көк пен жер

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

«День победы» әні. Орындайтындар:

2-жүргізуші:

Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Самал ескен жерін қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады.

1-жүргізуші: Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

Екі жүргізуші бірге:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!








Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне арналған салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз.


Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл дыққа баулу.


Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.


1 – жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!















































« Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды»


Posted on 05/05/2012 by Еркемай Адилова in Тәрбие сағаттары // 0 Comments

SABAQ.KZ сайтынан Cертификат



Екібастұз қаласы, №25 қазақ қыздар гимназиясының


бастауыш сынып мұғалімі Әділова Е.А


Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің


мән-маңызы туралы мағлұмат беру.


2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқудағдыларын ұштау.


3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;


Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл дыққа баулу.



Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың


суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,


белгілі даталар, слайд


Тәрбие сағатының барысы:


- Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер !


Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.


Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.


1 – жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!


2 – жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.


Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.


1 – жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.


2 – жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 67 жылдығын атап өтеміз.


1-оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.


2- оқушы. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,


Жігер менен құштарлықтың құралы.


Күрескердің арманы мен ұраны,


Қуаныш пен мерекенің бұлағы.



3-оқушы. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.


2 – жүргізуші: Жауынгер біздің саңлақтар,


Жауды жеңген солдаттар.


Ардақты Отан – ел үшін,


Бақытты туған жер үшін.


- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухана бас иіп 1 минут еске алайық.


5-оқушы. 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.


6-оқушы. Оқ борады күні-түн


Жатты жерді от қарып.


Алға қарай ұмтылды,


Батыр қазақ оқты алып.


1 – жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.


2 – жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.


1 – жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.


Ән. «Жеңіс туралы жыр» ( хор.)


7 – оқушы. Туын жықпай қолдағы,


Опат болды елі үшін.


Кеудесімен қорғады,


Азаттықтың жемісін.


8 – оқушы . Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.


9 – оқушы: 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.


Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


10- оқушы: Даламыздың даңқысың,


Балауса гүл балғын қыз.


Жанын қиып халқы үшін,


Жанып түскен ақ жұлдыз.


11 – оқушы: Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.


«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.

Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.


12 -оқушы. Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,


Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.


Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,


Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


Ән: «Ел қорғауға әзірміз»


13 –оқушы: Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.


14 – оқушы: Жас ұрпақ, асыр сап


Шырқайды Ерлікті ән қылып,


Небір заңғар таулар құлазып шөесе де,


Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік


15 – оқушы: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады.


1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

16 – оқушы: Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.


«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60 жыл»


17 - оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.


Ән: «Бейбіт күн тілегі»


18-оқушы. Қасарысты жиырма сегіз,


Тынбай атты гранатты.


«Отан» деген отты лебіз-


Жандарынан жалын атты.


19 – оқушы: Кетпес олар естен мәңгі,


Кектері тұр кеудемізде,-


Ерлік даңқы - жеңіс таңы


Жарқыратып келді бізге.


20- оқушы. Орыс , қазақ , қырғыздан,


Құрылған бұл шағын топ.


Жауға үрей туғызған


Жайпап түсер жалын боп.


21-оқушы Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,


Анау жаудың танктері лаулаған.


Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.


Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.


1 тапсырма: Тірек сөздер жазу



ЖЕҢІС


бақыт


қуаныш бейбітшілік Отанды қорғау 1945жыл 9 мамыр



2 тапсырма: Осы сөздерді пайдаланып өлең құру



3 тапсырма: Мақал –мәтелдер айту


- Қосымша сұрақтарға жауап беру


1 – жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.


2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!


Сүйінші , халқым сүйінші,


Сүйіншіге - сүйінші!


Шаттан ата-анамыз!


Шаттан ата-бабамыз!


1 – жүргізуші: Кек қайтарып фашистен ,


Соғыс бітті жеңіспен.


Жеңдік жауды күресте,


Жасалсын той мереке!


2 – жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,


Жығылмай мәңгі тұрады.


Сол тумен өскен аршындап,


Ерлердің бізбіз ұланы!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі