Тақырыбы:
Жеңіс күні
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын
сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
слайд, буклет, ән
Барысы:
Кіріспе:
Салеметсізбе оқушылар! Әрқайсымыз үшін
қымбат әрі жақын мереке Жеңіс күні де
келіп жетті. Осынау жақсы тілектер Жеңіс
күнінде жиі айтылады және соғыста
ерлікпен қаза тапқандардың есімі
жүрегімізде мәнгі сақталады , олардың
ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Қазір осы
соғыс кезінде қаза тапқан аға –
апкелерімізді бір минут орнымыздан
тұрып еске алайық.
Ұлы
отан соғысында түсірілген мына
видеороликке назар аударайық /1,5 минут/
Енді
кезекті жаттаған тақпақтарыңызға
берейік:
Қызбақыт:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен
адам өлмесін.
Есен-аман
болайық,
Енді
соғыс болмасын
Аружан:
Енді соғыс болмасын,
Өртенбесін
туған ел.
Шайқалмасын
асқар бел,
Шайқалмасын
шалқар көл.
Нұржанбек:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты
елім күле бер.
Тәуелсіз
болып болашағына жүре бер,
Болмасын
соғыс, болмасын соғыс ешқашан.
Майданнан
хат /үзінді/
Хат
жазамын майданнан,
Мейірімшіл
ғазиз-анама.
“Жақыным-жарым”
дегенмен
Ердің
басы ел үшін,
Арыма
жаным садаға.
Бөбектерің
аман-сау,
Ас
жейді Әзір қолыңнан.
Ербеңдеген
ермегім,
Тастамаймын
қолымнан.
Лақ
қозы қайырсам,
Қалмайды
сүйем соңымнан.
Бұлт
жамылып қар төсеп,
Мен
жатырмын далада
Мұғалім:
Оқушылар осы соғыста ерлік көрсеткен
аға әпкелерімізді білеміз қане кім
айтады. /Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Талғат
т.б.
Оқушылар
әр батырдың өмір жолдарымен таныстырады
/ Асель, Қарақат, Аружан/
Батырлар
туралы мақал – мәтел білемізбе балалар
/Оқушылар мақал айтады/
Жігітке
жеті өнерде аз.
Жігіттің
екі сөйлегені өлгені.
Жаңбыр
жауса жер ырысы
Батырт
туса ел ырысы.
Қорытынды
сөз: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Аспанымыз ашық болсын, дұшпанымыз қашық
болсын дей келе бұгінгі Жеңіс күніне
арналған сынып сағатымыз өз мәресіне