Жеңіс күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 16.05.2023

Тобы: «Тұлпар» ересек тобы

Тақырыбы: Женіс күні

 Мақсаты:
Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру білімдерін жетілдіру.

Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, Отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге- ізет, кішіге-қызмет етуге адамгершілікке тәрбиелеу.

Отанын сүюге, оны қорғауға баулу

Билингвальды компонент: Отан -родина, соғыс-война, әскер солдат,

Керек құралдар: Батырлар суреттері.

Ашық сабақ барысы

Шаттық шеңбері:

Нейрогимнастикалар арқылы амандасу\музыка қосылып тұрады\



-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

Айларды атайықшы?

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Балалар , біздің мемлекетіміздің аты қандай?

-Қазақстан.

-Қазақстан Республикасының Президентінің аты кім?

-Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы.

-Өте жақсы балалар.

-Балалар біз жақында 1-мамыр ынтымақ, бірлік достық күнін тойладық.

-Балалар біздің бүгінгі сабағымызда біздің әрқайсымыздың жадымызда өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты болады.

Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші дүниежүзілік соғысытың жеңіспен аяқталғанына жыл толуын зор тарихи оқиға ретінде атап өтетін болады.

Жеңіс күні бүкіл бүкіл адамзат аңсаған күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Тәрбиеші:

-Балалар, батыр деп біздер кімдерді айтамыз?

Балалар:

-Елін ,жерін қорғайтын адамды.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыздар, батыр деген олар дұшпанға қарсы тұратын елін, жерін қорғайтын батыр ағаларымызды айтамыз.

-Ендеше балалар, батырлар елін, жерін немен қалай қорғағандарын білесіңдер ме?

Балалар:

-Қару жарақтармен,автомат, пулемет.

-Жарайсыңдар. Соғыс кезінде неше түрлі қарулар болған, соның ішінде пулеметті жақсы меңгеріп еліміздіқорғаған батыр ержүрек апаларымыз Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздарын мақтанышпен атайды. Ата-анасына ерте айырылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай,дамыл түсіреді.Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай дамыл таппастан әскерге өзі сұранып жоғарыға мынадай өтініш жазады.Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да жоқ, апайым да жоқ, сондықтан да өзімді жіберіңіз. Ел үшін қан төгіп ,жан беріп жатқан Отандастырына қалай да өз жәрдемін бергісі келді. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл армия қатарына алынды.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім білігін іс-жүзінде көрсетуін рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.

Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласынаң құрсауда қалғаны оны қатты алаңдатын еді.

1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Қазақстанның халық қахарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп патриоттыққа көптеген мақал-мәтелдер қалдырған.Сол мақал әтелдердің бір екеуін есімізге түсірсек

Балалар:

-Отанда опасызға орын жоқ.

-Ерлік тәрбие жемісі. \Медина\

Өз ұлтын сыйламау оны мақтаныш етпеу сатқындықтың белгісі\Арнұр\

Отан үшін отқа түс күймейсің\Нуриман\

Солдаттың анасы Отанның анасы\Іңкәр\

Опасызда Отан жоқ

-Жарайсыңдар ,балалар.

-Дұрыс айтасыңдар,бейбітшіліік дегеніміз балалар аспанымыз ашық ,күніміз жарық, айналамыз толған гүл, міне осы бейбітшілік өмір\Ендеше балаларымыздың тілегіне тақпақтар ұсынамыз.

Тоғызыншы мамырда

Гүл қоям алау қабырға

Еске алып атамды

Үн қосамын дабырға \Амина\



Жауынгер біздің саңлақтар

Жауды женген солдаттар

Ардақты Отан ел үшін

Бақытты туған жер үшін \Айнура\



Сүйінші халқым сүйінші

Сүйіншңге сүйінші

Шаттан ата – анамыз

Шаттан ата – бабамыз!\Айзат\

Хормен Біз Отанымызды мақтан етіп сүюге,қорғауға ант етеміз

Тәрбиеші:

Акварельді қолданып отырып сурет салу

Тәрбиеші:Балалар біздің шекараны кімдер қорғайды?

Балалар:Солдаттар.

Тәрбиеші:Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр –дей келе кезекті әнге береміз.

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Керемет балалар рахмет!

Би: «Катюша»

Тәрбиеші:

Барша халық Жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды-дей келе бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!

Қорытынды:

Қорытынды:

Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік балалар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.06.2023
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі