Жеңіс күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы

168 орта мекетбінің жанындағы

«Ақниет» шағын орталығының тәрбиешісі

Карарова Жулдызай Балтакожаевна


«Жеңіс күні!»


9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.


Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,шағын орталық ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Ақниет» шағын орталығының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.

Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Видео роликтерден көрініс

Жургізуші:Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.

Ән: «Көктудың желбірегені»


Айару.Ә:Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

Жансая:Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Қайыржан:Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.


Дария:Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.


Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. «День победы» әні жаймен қойылады»


Нұртілек:Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Айтқазы:Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ…




Нұрмұхаммед:Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік

Аликош:Барлық елдің бөбегі,

Бір-біріне туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Ермұхаммед:Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Көрініс: «Соғыс сәттерінен»

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»


Інжу:Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Инабат:Заман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, Өз ордам

Сүйенерім сен ғана.

Мадина:Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан

Арон:Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

Айару.Р:Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді

Жүргізуші : Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, -деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады.

Би: «Әлем көгершіндері»

Айбек:Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.




Мерей:Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

Барлығы:Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Мақсат:Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ертең-елдің қорғаны панасымыз.

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Би: «»Жеңіс биі

Би: «Орыс биі Көк орамал»

Ән: Бұл шақта.

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Ақниет» ортаңғы тобының орындауында  «Батыр бала Болатбек» атты әнін қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:Жеңем деген ел сөзі!

Түрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.



Жүргізуші:Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Хор: Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні.

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы 
Гүлдері ата-ананың солмасыншы 
Жеңерміз қиындықты қайыспастан 
Тек қана елге амандық орнасыншы Бейбіт болып әрбір күніміз Береке тола берсін жылымыз Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті мекеме қызметкерлері, балалар осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
828
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі