«ЖЕҢІС КҮНІН
ТОЙЛАЙМЫЗ.»
атты ертеңгіліктің
сценарийі.
Әбдіғалиева Ғалия
Мұқанбетжанқызы.
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы,
«Балдырған» бөбекжай бақшасы
«Жауынгерлер маршы»әуеніне
балалар әсем безендірілген зал бөлмесіне кіреді,үш колоннаға
бөлініп тұрақалады.
Жүргізуші: Сәбилердің зәресін
бұлт алмасын
Гүл бәйшешек еш уақытта
солмасын
Ақ көгершін аспанымда
қалықтап
Барлық халық бейбіт күнді
қолдасын!
Жалаушамен жаттығулар
орындалады.
Ұранды естісімен балалар
жалаушаларын жоғары көтеріп желпілдетеді.
Бақдәулет: Жасасын бейбітшілік
елі Қазақстан республикасы!
Жасасын 9 мамыр-Жеңіс
күні!
Жүргізуші:Құттықтау сөзі
балабақша меңгерушісі Алма апайға
беріледі.
Тақпақтар:
Айбол: Жеңіс күні құтты
болсын,
Құтты
болсын,ағалар!
Ұмытпайды
ешқашанда
Жауынгерді
балалар.
Пакизат: Болмасын
соғыс,болмасын!
Тыныштық болсын
әлемде!
Болмасын
соғыс,болмасын!
Бақыт қонсын
еліме!
Ақгүл: Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді ән
болып.
Жеңіс келді
қалама,
Келді ауылға сән
көрік.
«Жауынгерлер жыры» әні
орындалады.
«Теңізші биі»
Аңсаған,Досымжан,Нұрбек орындайды.
Тақпақтар.
Бексұлтан: Жаралғаннан
жалыннан
Жайсаң батыр
Бауыржан.
Естігенде
есімін
Жау есінен
жаңылған.
Буып жарып
қоршауды
Жолсыз жерден жол
салды.
Достары түгілі
ерлігін
Қасыда естіп
тамсанды.
Аңсаған: Өр тұлғалы
келбетті
Қошқарбаев
Рақымжан
Сын сағатта
ерлепті,
Ел сүйсінген батыр
жан.
Арпалысып ел
күнде
Аңсап талай жыл
күткен
Жеңіс күні
Берлинде
Рейхстагқа ту
тіккен.
«Ел қорғауға әзірміз» әні
орындалады.
Жүргізуші:Ер азаматтармен
қатар бұл соғыста қыздарымызда қолдарына қару алып Отан үшін
соғысқа түсті.Сол апаларымыздың ерліктері мәңгі есімізде
сақталады.
Ақмерей: Әлияны бұл
күнде
Барлық бала
біледі.
Әлия атты
көңілде
Әпкеміз деп
жүреді.
Нұржігіт :Әлия,Мәншүк-ер
қыздары елімнің
Әлия,Мәншүк-гүл қыздары
жерімнің.
Әлия,Мәншүк-аттары әңге
айналған,
Әлия,Мәншүк-қос жұлдыз көкте
жайнаған.
Жүргізуші:Ия,бұл соғыс
оңайлықпен біткен жоқ.Қасым Қайсенов,Бауыржан Момышұлы.Талғат
Бигелдинов сынды талай азаматтар азаттық жолында жанын пида
етті.Олар тарих бетіне өз аттарының тұсына «Батыр»деп жазып
кетті.(ДVДден соғыс көріністері көрсетіледі).Құрметті
ұстаздар,балалар ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан
батырларымызға бас иіп 1 минут үнсіздікпен еске
алайық.
Үнсіздік
минуты.
Жүргізуші:Москва қаласы
жанындағы Дубосеково елді мекен қасында болған шайқаста соңғы қасық
қаны қалғанша жаумен арпалысып бірақ отанымыздың сол кездегі
жүрегі-Москва қаласын жау қолына бермеген 28 панфиловшылар туралы
тақпақты Досымжанмен Ақерке айтып береді.
Досымжан: Тастар көкке
атылды,
Орман шулап,тау
құлап.
Жиырма сегіз
батырды
Жеңеалмады жау
бірақ.
Жамылды жер
тұманды,
Өрт ішінде қалды
бақ.
Ақерке: Жиырма сегіз
қыранды,
Жеңеалмады жау
бірақ.
Жау жеңілді
ақыры,
Атты бейбіт таң
күліп.
Жиырма сегіз
батырын
Ұмытпаймыз
мәңгілік!
«Жеңіс күнін тойлаймыз»әні
орындалады.
Жүргізуші:Біздерде болашақ
жауынгер болып елімізді қорғауға осы бастан дайындалып
келеміз.
Қазір сіздердің назарларыңа
өзіміздің спорттық дайындықтарымызды
көрсетеміз.
Гір көтеру
жарысы.
Жүргізуші:Біздің балар қүшті
болып өсіп кележатқанын тамашаладыңдар.Ал енді біздің балалар
қорқақ емес екендерінде дәлелдейалады.
Шар үстіне секіріп оны жару
ойыны.
Тақпақтар.
Самғат: Бізде солдат
боламыз
Қолға қару
аламыз.
Ал әзірге
кішкентай
Бақшадағы
баламыз.
Дильназ: Ертең үлкен
боламыз
Онсегізге
толамыз
Шекараны
күзнтіп
Айналаны
шоламыз.
Нұрбек: Отан біздің
анамыз
Отан біздің
панамыз
Ақтай білсек ер
атын
Елден алғыс
аламыз.
«Кішкентай солдат» әні
орындалады.
Ақниет: Алаулап гүл
жарады,
Туған жер
құлпырады-
Бейбітшілік
болса!
Нұркен: Үйлерде
құламайды,
Ешкімде
жыламайды-
Бейбітшілік
болса!
Әбунасыр: Балалар болады
аман,
Аналар болады
аман-
Бейбітшілік
болса!
Жүргізуші: Ешкімде
ұмытылмайды,
Ешнәрседе ұмыт
қалмайды.
Тілейміз біз
бәріңізге-
Хормен: Ашық аспан,бейбіт
күн!
Жүргізуші:Осымен Жеңіс күніне
арналған ертеңгілігімізді аяқтауға рұқсат
етіңіздер.