Материалдар / Жеңіс күніне арналған сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңіс күніне арналған сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сценари сыныптан тыс жұмыстар жүргізу үшін тиімді.Сынып жетекшінің оқушымен атқарылатын іс шаралары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңіс күніне арналған сценарий


Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы үнтаспа, гүлдер, шарлар.

Өтілу барысы:

1-жүргізуші:

 Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 68 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-жүр.

Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа.

Елестетер қара тажал өлімді,

Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.

Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.

Олар біздің бақыт үшін қан төккен,

Өткізді олар сызды окопта күндерін.

Елестетем қанды кешіп жүргенін,

Естігендей болам жаудың шебіне.

Атой салған сарбаздардың үндерін.


1-жүргізуші:

 Біз бен сіздердің туған жерлеріңіз Дөңгілағашта да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. 62-ге жуық ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

1-жүргізуші:

Фашистер біздің елге соғыс ашқан,

Жасырын,түн жамылып қапылыстан.

Қорғауға сүйген елді,Дөңгілағаштан,

62 ерлеріміз дізе қосып аттанысқан.

1-оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

2-оқушы,Ерназ: «Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
3-оқушы,:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы. 

1 жүргізуші :- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ауылымыздан аттанған 62-ге жуық аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыздың 35-і кеуделерін оққа тосып,жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты,олар туған жердің топырағын қайта оралып баса алмады.Біздер сол батыр аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз және ұмытуға қақымыз да жоқ.

2-жүргізуші:

Олай болса майдан даласында,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым ете отырып,өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында жатталсын деген ниетпен аты-жөндерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Соғыс даласында шахит болған ата-бабаларымыз:

Аты-жөндері оқылып шығады.

4-оқушы:
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ оларды мәңгі еске алады.

2-жүргізуші:
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді,күте берді.

5-оқушы,Елдар:

Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.

1-жүргізуші:

Міне, соғыс қасіреті туған ауылымызда да, осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті. 

2-жүргізуші:


Құрметті:Бейбіт елдің тұрғындары! есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.
1-жүргізуші:


Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

2-жүргізуші:

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым,мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

Мәңгілік тірісіңдер,тірісіңдер оқу.


6-Оқушы,Айзат:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

1-жүр.

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ … 

2-жүр.

Батыр бол ,балаларым,бәрің дағы,

Тап берген дұшпан иттің сынды сағы.

Жаса,жаса бейбітшілік,

Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын.

1-жүр.

Тағдырдан сан таяқ көріп,

Аға буын қатып алған.

Соғысқа беріп қол-аяғын,

Тыныштықты сатып алған.

2-жүр.

Жеңіспенен елге оралған батыр ардагерлеріміздің есімдерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер құрметті қонақтар!

Аттары оқылады.

1-жүр.

Құрметті қонақтар,ата-әжелер!

Ел үшін еңіреп,жанын құрбан еткен аталарымыздың рухы мен елге сүйінші хабар әкелген ардагерлеріміздің есімі ешқашан ұмытылмайды деген ниетпен мектеп оқушылырының атынан гүл шоғын қоюға рұқсат етіңіздер.


7-оқу.Елжас

Екі дүние айқасты,
Майдандасқан аулада.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледі табанда
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға

Оқушы,Айгерім:
Болмасын соғыс!
(Ж.Ақылбайұлы)

Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Оқушы,Орынжан:
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

Оқушы,Нұрасыл:
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Оқушы: 
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Өлең айтылады «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!