Жеңіс туы желбіре!

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жеңіс туы желбіре!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік сценариі. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеңіс туы желбіре!

Авторы: Абдираимова Х.А

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9- Мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мереке. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен.

Құрметті қонақтар мен балалар! Бүгінгі 9- Мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Осы соғыстың аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған , ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Міне, осыған орай «Шапағат» бөбекжайының мектепалды даярлық «Қарлығаш» ересектер «Қуаныш» және «Балдәурен»топтарының дайындаған мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар!

(Еске алу алаңы: батырлар суреттері, мәңгілік алауы жағылған от) Атасы мен немересі ортаға келеді.

Атасы: Жеңіс туын желбіреткен қырандарымыз. Халық үшін бізбен мәңгі бірге сіздер! Сен қайда келгеніңді ұмытып тұрсыңба?

Немересі: жоқ Ата.Бірақ бұл жерде жай адамдардың суреті емес.

Атасы: Бәрекелді ақылдым менің.

Ел есімі-ел есінде

Ескірмейтін есімдер

Ұрпақ ұшін аянбастан

Осындай жақсы өмір сыйлаған

Ержүрек жақсы жандар!

Немересі: Ата есімдерін білесізбе?

Атасы: Әріне. Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Сабир Рахимов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ».

Немересі: Ата менің есіме ерлік жайлы мақал-мәтелдер түсіп тұр, апайым айтқан.

Ата: Айтағой құлыным.

Немересі: Ерлік білекте емес, жүректе. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

Атасы: Жарайсың осы айтақан сөзіңе лайық бол!

Немересі: Рахмет Ата! Ата біздің бөбекжайда бүгін, Жеңіс күніне арналған мерекеге сізді шақырамыз. Сізге арналған тосын сыйымыз! (3-4 бала атаны күтіп алады, амандасады.)

Абдурахман: Амансызба Ата!

Атасы: Ой айналайындар, аман есенмін. Рахмет! Батырлардың ұрпағынан болыңдар, Жамбылдың жасына толыңдар!

Музыкалық композиция:

  1. «Қарлығаш» мад тобы (шарлар, жалаулармен) «Көк тудың» желбірегені әнімен келеді.

  2. «Балдәурен» ересектер тобы (шарлар, көгершіндер) «Ақ көгершін» әнімен келеді

  3. «Қуаныш» ересектер тобы (шарлар, гүлдер) «Жасыл жайлау» әнінің әуенімен залға келіп төртбұрыш болып турады.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

«Қарлығаш» мад тобы: Қазақ елін әлемге танытқан көк туымыз мәңгіге желбіресін!

«Балдәурен» ересектер тобы: Ақ көгершін, көгершін

Көкте самғап ұшабер

Қанаттарың талмасын,

Елде тыныштық орнасын.

«Қуаныш» ересектер тобы:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

Қызыл гүлдер, шоқ гүлдер

Өміріміз гүлдей жайнасын.

Соғыс мәңгі болмасын.

«Қарлығаш» мад тобы:

Әлия, Мәншук апамыз

Әркез еске аламыз

Өсіп жетіп аламыз

Бізде сіздей боламыз.

«Балдәурен» ересектер тобы:

Бауыржан Мәлік есімі

Жақын әр бір балаға

Бізде жетіп толамыз.

Ел қорғауға барамыз.

«Қуаныш» ересектер тобы:

Сабир, Талғат ерлерің

Сіздер қорғаған жерлерін

Бізге бүгін аманат

Келтірмейміз жаман ат! Мәнгілік аулауға гүл шоқтарын қою салтанаты («День победы» әнінің әуенімен, топтар шығып кетеді. Музыкалық бағдарлама басталады)

Жүргізуші: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай!

Ұмытылмас мәңгілік.

Би: «Мәңгілік ел» «Қарлығаш» мад тобының ұл-қыздары орындайды.

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны »

Топтың тақпақтары:

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» «Қуаныш» тобы

Музыкалық сәт: «Смуглянка» қасықпен сүйемелдеу

Флешмоб: «Сарбаздар»

 Жүргізуші:    Арылтып жаудан жеріңді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер бұл қай күні?

Тоғызыншы мамыр күні!

Би: «Көк орамал» орындайды «Балдәурен» тобы қыздары

Би: «Моряктар» орындайды «Балдәурен» тобы ұлдары

Ән: «Жеңіс туы желбіреп» орындалады.

Жүргізуші:

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары.

Ән: «Жаса, Қазақстан» бірге орындалады.

Осымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіре!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.06.2022
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі