Мұғалім: «Тыныштық...
Бұл тыныштық бізге оңай келген жоқ.
Қайырлы күн, құрметті әріптестер,оқушылар!
Бүгін – 9 Мамыр. Күнтізбедегі жай ғана қызыл күн емес. Бұл – миллиондаған жүректің сызы, миллиондаған ананың көз жасы, миллиондаған ердің қанымен келген – Ұлы Жеңіс күні!
1941 жылдың 22 маусымында басталған сұрапыл соғыс 1418 күн мен түнге созылды. 27 миллион адамның өмірін жалмады. Солардың ішінде 600 мыңнан астам қазақстандық боздақ майдан даласында мәңгілікке қалды.
Олар біздің бүгінгі ашық аспанымыз, бейбіт өміріміз, балаларымыздың күлкісі үшін жанын берді.
Сондықтан бүгінгі іс-шарамызды сол бір сұрапыл жылдары елін қорғап, Жеңісті жақындатқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен бастауға рұқсат етіңіздер».
«Мәңгілік естен кетпес ерліктері үшін батырларға мың тағзым!
[Метроном дыбысы қаттырақ қосылады. 60 секунд үнсіздік]
«9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты салтанатты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!
Туымыз мәңгі желбіресін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»
Нұрсая:
Армысыздар, ардақты
азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Хан:
1945 жылдың 9 мамыры. Жылдан-жылға алыстап бара жатқан уақыт. Десе де, Жеңіс күні біздің жадымызда мәңгі сақталады . Сұрапыл соғыста ел үшін күш-жігерін аямай, бірі жанын берді, бірі аяғы мен қолын берді. Майдангерлердің қайсарлығы мен тыл еңбеккерлерінің арқасында жеңіс туы желбіреді. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Бұл күн тарихтың өшпес парақтары болып
қала береді. Жеңіс күні құтты
болсын!
Аслан:
Міне, осындай,
егеменді еліміз,
Кең жазира,
ұлан – байтақ жеріміз,
Туған елін,
туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың
ұланымыз, еріміз!
Еркеназ:
Желбіреген
жалауымыз,
Ұлы Отанның
ұланымыз.
Бейбітшілік
қалауымыз,
Асқақтаған жыр -
әніміз.
Асылбек:
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Нурай:
Сен неткен Отан-анам, ғажап
едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар
едім,
Болашақ ұрпағының бақыты
үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ
елім.
Мұғалім:
Жеңіс деген – жарық күн,
Жеңіс деген – көк туым.
Аталарым сыйлаған,
Бейбіт өмір – шаттығым!-дей отырып
1 «Б» сынып әншілерінің орындауында
« Жеңіс күні » әнін тамашалаңыздар
Айзере:
Ел қорғайтын,
ер ағалар
Ардағымыз,
арымыз
Ерлер тойын, елдің
тойын
Қарсы аламыз
бәріміз!
Жұлдызай:
Жаңғыртып әнмен аспан
кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс
бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат
еткен,
Құрметтеп қарсы аламыз Жеңіс
күнін.
Алпамыс:
Жас ұланбыз жаны
жарқын,
Қайрат - күші құрыш
мығым,
Тамылжыған жаны
алтын,
Қорғаймыз ел
тыныштығын.
Тоғжан:
Көз тойғысыз қазағымның жері
бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі
бар.
Қазағымның жерін, елін
қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері
бар.
Ибрагим:
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы.
Мұғалім:
Алма бағы жайнаған, Катюша деп ән салған,
Хат жазыпты майданға,бір сарбазды аңсатқан.
Сол әнменен рух беріп, жауды жеңген батырлар,
Бүгін міне би болды, ұрпағың шат қол соққан!
1 «Б» сынып бишілерінің орындауында
«Катюша» биін тамашалаңыздар
Мұғалім:
1 «Б» сынып оқушыларының орындауында
Хор: «Жеңіс туы желбіреп»
Ендігі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Емешова Айман апайға береміз.
Ендігі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Коптлеуова Ажар апайға береміз.
Мұғалім:
Бүгін біз бір сәт болса да 80 жыл бұрынғы сол бір отты жылдарға саяхат жасадық. Би биледік, ән айттық. Себебі біздің бүгінгі күлкіміз – олардың ерлігінің жемісі.
Жеңіс – оңай келген жоқ. Ол – Бауыржан Момышұлының қайсарлығы, Әлия мен Мәншүктің қаһармандығы, Талғат Бигелдиновтің батырлығы, тылдағы аналардың көз жасы, балалардың аштығы.
Біз – сол батырлардың ұрпағымыз. Біздің міндет – сол жеңісті ұмытпау, сол бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтау.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Соғыс болмасын! Аналар жыламасын! Балалар жетім қалмасын!
Осымен «9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты салтанатты іс-шарамызды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!»
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 273 орта мектебі
Салтанатты жиын
Жеңіс туы желбіресін мәңгілік

Сыныбы: 1 «Б» сынып
Мұғалім: Калданова Амина
2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз