400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жеңісім еліме арналады"

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: «Жеңісім еліме арналады»
Мақсаты: 1. Балаларды тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына байланысты, тәуелсіз
елдің ұландарын салауатты өмір салтына баулу. Балаларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау
арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму
сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге
тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат болсың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті әріптестер және балалар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25
жылдық мерейтойына байланысты өткізгелі отырған «Жеңісім еліме арналады» атты
спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Балалар, біз тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде спорттық жарыстардан көптеген
жетістіктерге жеттік. Осы тәуелсіздік мемлекет болғандықтан, Қазақстанды бүкіл әлем
таныды. Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан 5 жазғы, 5 қысқы олимпиада ойындарына
қатысқан екен. Атап айтқанда, Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов, Бахтияр
Артаев, Бақыт Сарсекбаев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров,
Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Серік Сапиев,
Бейбіт Ыстыбаев, Жазира Жаппарқұлова т.б көптеген чемпиондарымыз бар. (слайдтан
көрсету.) Ал, мына суретке қарайықшы, кімді көріп тұрсыңдар? Ия, балалар таяуда өткен
«Жастар форумына» қатысып келген біздің балабақшамыздың меңгерушісі Жетписова
Ж.Ж міне, осы Жазира Жаппарқұлмен, Иван Дычкомен бірге суретке түсіпті. Сендер де
осылай өскенде танымал болып, Қазақстанның атын шығарады деп сенеміз.

2 жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге сәттілік тілейміз!
1 жүргізуші:
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын жарысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен
таныстыра кетейік:
Балабақшамыздың меңгерушісі: Жетписова Ж.Ж.
Әдіскер: Шакенова Г.И
Психолог: Калиева М.Е.
Әр кезең сайын әділ қазылар өз бағасын береді. Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз,
Жарысымызды бастаймыз.


Page 2

1. Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Шарты: балалар жалауды ұстап кеглилер арасымен жүгіріп барып, жүгіріп қайтады.
Жарайсыңдар, балалар!
(әділ қазылар бағасын берсін)

2. «Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Балалар қолдарына допты қысып ұстап, шынтақтау арқылы доға астынан
өтеді, қайтарда жүгіріп қайтады.
Әділ қазылар алқасынан осы кезеңнің бағасын сұрсақ?

3. «Епті де, жүйрік» сайысы
Шарты: екі топтан балалар шығып, машина үстіне отырып, кедергіден өтіп қайта
келеді.
-Жарайсыңдар, балақайлар! Қанекей, әділ қазылар алқасынан бағамызды сұрасақ?

4. «Кім ұқыпты?» ойыны
Шарты: балалар жерде жатқан обручтардан секіріп өтіп, орындарына тез қайтады.
-өте жақсы, жарайсыңдар! Осы кезеңнің бағасын тыңдасақ.

5. «Күлімде күн»
Шарты: балалар таяқшалардан күннің бейнесін жасап шығулары тиіс.
Жарайсыңдар, сендер ойынға жақсы қатыстыңдар!
(Бағасын сұрау.)

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша, қорытынды
шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың,- демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік
достар! Балалар сендерде атақты, елге танымал спортшылар болуларыңа тілектеспіз.


















Page 3

Тақырыбы: «Жеңісім еліме арналады» ( Ересек топқа арналған).
Мақсаты: Балаларды тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына байланысты, тәуелсіз елдің
ұландарын салауатты өмір салтына баулу. Балаларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау
арқылы белсенділікке, сенімділкке, қайсарлыққа, батылдыққа ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы
даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, о йынды
жетілдіруге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат болсың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті әріптестер және балалар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің
25 жылдық мерейтойына байланысты өткізгелі отырған «Жеңісім еліме арналады» атты
спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Балалар, біз тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде спорттық жарыстардан көптеген
жетістіктерге жеттік. Осы тәуелсіздік мемлекет болғандықтан, Қазақстанды бүкіл әлем
таныды. Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан 5 жазғы, 5 қысқы олимпиада ойындарына
қатысқан екен.
Сұрақтар қою:
1. Күрестен орын алған қандай палуандарды білесіңдер?
2. Жеңіл атлетикадан орын алған олимпиада чемпионы кім?
3. зіл темір көтеруден олимпиада чемпионы атағын алған қызымыз кім? (балалар
сұраққа жауап береді.)
Атап айтқанда, Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов, Бахтияр Артаев, Бақыт
Сарсекбаев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло,
Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев,
Жазира Жаппарқұлова т.б көптеген чемпиондарымыз бар. (слайдтан көрсету.) Ал, мына
суретке қарайықшы, кімді көріп тұрсыңдар? Ия, балалар таяуда өткен «Жастар
форумына» қатысып келген біздің балабақшамыздың меңгерушісі Жетписова Ж.Ж міне,
осы Жазира Жаппарқұлмен, Иван Дычкомен бірге суретке түсіпті. Сендер де осылай
өскенде танымал болып, Қазақстанның атын шығарады деп сенеміз.
2 жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.
Топтар шығады ( ересек топтар өздерін таныстырады.)
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге сәттілік тілейміз!
1 жүргізуші:
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын жарысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен
таныстыра кетейік:
Балабақшамыздың меңгерушісі: Жетписова Ж.Ж.


Page 4

Әдіскер: Шакенова Г.И
Психолог: Калиева М.Е.
Әр кезең сайын әділ қазылар өз бағасын береді. Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз,
Жарысымызды бастаймыз.
1. ойын: «жалауды тез жеткіз» деп аталады.
Шарты: балалар самокатпен барып, жалауды алып мәреге апарып тігу қажет.
(самокат болмаған жағдайда, қаппен секіру).
Жарайсыңдар, балалар!
(әділ қазылар бағасын берсін)

2. «Фут.баскет» ойыны
Шарты: Бірінші ойыншы қолына допты ұстап жүгіріп әкеледі, екінші ойыншы
аяғымен кезек-кезек теуіп әкелуі тиіс.
Әділ қазылар алқасынан осы кезеңнің бағасын сұрасақ?

3. «Асық ату» кезеңі
Шарты: әр ойыншылар ортаға тізіп қойған асықтарды атаулары тиіс, қай ойыншы
көп асықты атады, сол команда жеңіске жетеді.
-Жарайсыңдар, балақайлар! Қанекей, әділ қазылар алқасынан бағамызды сұрасақ?

4. «Кім жылдам?» ойыны
Шарты: әрбір бала хоккей таяғымен (ключка) кішкене доптарды мәреге апарып доға
астынан өткізуі тиіс.
-өте жақсы, жарайсыңдар! Осы кезеңнің бағасын тыңдасақ.

5. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 5 обручтан жасалған шеңбер және бірінші баланың
қолында дорбада 5 картоп болады. Белгі бойынша балалар картопты шеңберге
отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты
жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады.

Жарайсыңдар, сендер ойынға жақсы қатыстыңдар!
(Бағасын сұрау.)
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша, қорытынды
шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың,- демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік
достар! Балалар сендерде атақты, елге танымал спортшылар болуларыңа тілектеспіз.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі