Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жеңіске 74 жыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты: Оқушылардың патриотизмдік сезімдерін ояту, бойларына отансүйгіштік қалыптастыру. Отанын қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға баулу. Елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,ата-аналар, қонақтар! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, «Ұлы Жеңіске-74 жыл» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: 9 мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі құтты болсын!
1-жүргізуші:Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 73 жыл.
2-жүргізуші: 74 бейбіт көктем таң атқалы.
74 шуақты күн таратты әнін
74 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
1-жүргізуші: Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті-ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары!
2-жүргізуші:Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)
1-жүргізуші:Ұлы Отан Соғысын бейне-роллик арқылы түсірейік. Экранға назар аударайық! (ВИДЕО көрсетіледі)
2-жүргізуші: Мектеп оқушыларының орындауында хор «Бейбітшілік сақталады!»
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Гүлнара Кеңесбекқызына беріледі.
1-жүргізуші: Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Ендеше, « Еркеназ» тобының биін тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Саған құрмет бейбітшілік сақшысы
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы
Саған миллион жүректердің салюты
Саған сөздің шырайлысы, жақсысы.
2-жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырлардан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Олай болса, Алижанның орындауында « Батыр бала- Болатбек » әнін тамашалайық.
1-жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күтен салтанатты күн,зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 74 көктемі де келіп жетті.Ешкімде,ешнәрсе де ұмытылмақ емес.Бұл сөз өткенге емес,болашаққа арналған.
2-жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап кеткен күн,жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр – азат күресінің айбынды күні.Жеңіс күні,бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!
«Біздің жігіттер» 2-3-4 сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар!
Көрініс «Соғыс қасыреті» (күй ойнап тұрады)
10-сынып оқушыларының орындауында ән « Соғыстан қайтқан солдаттар »
1-жүргізуші: Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық,деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
2 – жүргізуші: Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
0-1 сыныптың орындауында топ би «Жаса Қазақстан!» қабыл алыңыздар!
Монолог: «Майданға азаматтар аттанған күн». (күй ойнап тұрады)
Елдана:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам,есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің,құлдың да,
Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген – сотқарлардың қолындаға найзасы,
Соғыс деген – соғыс деген – зұлымдықтың айнасы.
Қиылды ,қанатты тәтті арманың.
Үзілді қайырмасы бақтарда әнің.
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін –
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте –
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап – қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
Жібек:
Жабады,
Дала төсін нала,қайғы.
Шын қайғы жас кәріге қарамайды.
Қып – қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай – сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құлақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
Камила:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып,қауызынан райханның,
Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.
Жас бала дір – дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп,мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау ,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
Найзағай жиі – жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
«Көк орамал » Камила,Елдананың орындауында керемет әнді қабылдап алыңыздар!
1-жүргізуші: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москва Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 – атқыштар полкі 4 – ротасының 2 – взводы тұрған бекініс жаудың 30 – танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты.Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23 – і қаза тапты. 28 – дің 22 – сі Қазақстандықтар еді.
«Батырлар биі» қыздарының орындауында би, тамашалайық!
2-жүргізуші: Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрама гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамына шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Жалғас пен Диляраның орындауында «Ақ көгершін» әсем әнін қабылдап алыңыздар!
Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
2-3 сыныптардың орындауында «Катюша» биін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Қасым Қайсенов басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.
(Батырлар өздерінің ерліктерімен таныстырады).
2-жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді.Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.
«Әскери флешмоб» қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Бұл соғысқа 1 млн.200 мың адам қатысты. Аты аңызға айналған Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк, алғашқы ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова, Кеңес Одағының екі мәрте батыры ұшқыш Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры, жазушы Қасым Қайсенов тағы басқа жауынгер аталарымыз бен апаларымыз жауына қарсы шығып, беріспеді.
Тілек ағай мен Жұпардың орындауында «Әлия» әнін тамашалайық!
2-жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен- Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр-Жеңіс күні.
Олай болса, «Огонёк» ән-биін тамашалайық!
1-жүргізуші: 1945-тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында.....
Білесің бе, замандасым,
Елге қайтқан майдангерлер жайында?
10-сынып оқушыларының «Смуглянка» биін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Ол жайында мынау туған ел жеттік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?...
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.
1-жүргізуші: Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.
Хор «Мәңгілік ел» орындайтындар 2-3 сынып оқушылары
1-жүргізуші: Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес Одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен.
2-жүргізуші: Еуропа елдерінің Воршава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Олай болса, қарсы алыңыздар Айгерім апайдың орындауында әсем ән «Журавли ».
1-жүргізуші: Жеңіс- деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс- деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке-аға, інінің.
2-жүргізуші:Жеңіс-деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан Соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше, келесі «Жеңіс туы желбіре» әнімен Сұлтанды ортаға шақырайық, қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген Тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
2-жүргізуші: Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін! Осымен «Ұлы Жеңіске-73 жыл!» атты салтанатты жиынымыз аяқталды.
Хор «Көк тудың желбірегені» орындалады.
«Мөнекей орта мектебі» КММ
«Ұлы Жеңіске-73 жыл»
2017-2018