жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жеңістің 75 жылдығына
Тақырыбы : Ынтымағы жарасқан ел (Жеңістің 75 жылдығына)
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын
сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру, оларға
патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін,
жерін қастерлейтін саналы да парасатты
азамат етіп тәрбиелеу.
Өткізілу
барысы:
Абілбек
1-Жүргізуші:
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі
бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл
мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың
бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп,
Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен
даласында қайсарлықпен шайқасқан,
Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан
соғысының ардагерлері үшін ерекше
мейрам.
2-Жүргізуші: Елназ.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз
емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге
зілді қасірет салды соғыс.
Қирады
талай арман көңілге алған
Ұлы Отан
соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы,
Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік
Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және
де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге
құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге
жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан
ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде
қан кешіп, кеудесін оққа тосқан
боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен
еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Марлан.1941
жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана
арайланып келе жатқан кезде елімізге
қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз
қиын – қыстау кезеңге душар болды.
Фашистік Германия елімізге опасыздықпен
басып кірді.
Ернұр Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды
Мөлдір
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион
халық тұратын еді. Осы жылдары
республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам
қару асынып, майданға аттанды. Республикадан
еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.
Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери
комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай
адам сапқа тұрды.
Ділшат Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын.
1-Жүргізуші:
ЖәнібекБұл
жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр
азамат барынша күресе білді. Әрбір
азамат өз Отанына деген антын орындап
шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және
елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы
өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға
сөз берейік!
1-оқушы: Айнұр
«Майдангерлер»
2-оқушы: Салтанат
«Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы:
Диана
«Мен
соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы:
Әсел«Соғыс»
Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: Жұлдыз
«Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы.
Елназ
«Болмасын соғыс»
7-оқушы: Ақылзат
«Сен құрметте оны»
Ақжан
Қазақ даласы небір төңкеріс, небір
көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті,
қызық пен қиындықты өткерді емес пе?
Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің
бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.
Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия
фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын
да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз,
әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның
жүрегінде.
2-Жүргізуші:
Бүгінгі бізге қонаққа келіп отырған
ардагер әжелеріміздің өмір деректерімен
таныс болыңыздар. Ардагерлерге сұрақ
қою.
Арман
Біздің Қазақстанда да соғыс оты
шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз
мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың
алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің
рухына, бүгін арамызда асқар таудай
болып жүрген аталарымызға басымызды
иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін
ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Аяжан
Бақыт
сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық
берген
Әкелері аталардың
Бұл
Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап
жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс
күнің болсын құтты,
Батырлардың
ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді
оқушылардың жеңіс туралы әндеріне
береміз!
Индира
Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдық мерекесі
кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп
отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені
бастан кешірмеді дейсіз?
Фаризат
Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді
бастан кешіргендегі қазақ халқының
еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін
баса атап айтсақ артық болмас
еді.
1-Жүргізуші: Көрініс: Жандос,
Елтай, Диас, Жанібек «Соғыстан қайтқан
солдаттар»
«Жойылсын
соғыс» ән орындайтын Елназ.
2-
Жүргізуші: Келесі бөлімімізді. «Отан
үшін от кешкендер» (ауыл ардагерлері
туралы мәлімет.)
Елназ
Барша
халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас
сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер
көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың
амандығын ойлайды.
Ділшат
Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар
артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті
сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан
айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Диана
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! деген
келесі бөліміміз бойынша оқушылардың
шығармашылығына береміз!
Айнұр
Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға
толық және дұрыс түсінік беретін,
майдангерлеріміз туралы, еліміз,
жеріміздің тарихы туралы нақты дерек
беретін Ұлы Отан соғысы жайында жазылған
кітаптар мен естеліктер болып табылады.
Осы мақсатпен көрме ұйымдастырылған
болатын, ендеше сөз кезегін мектебіміздің
кітапханашысына берейік.
Абілбек
Жеңем
деген ел сөзін!
Тұрды ажалдан
жоғары
Өмір, адам жұлдызы,
Тұрды
ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды
ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды
ажалдан жоғары
Өмір нұры
жарқырап.
1-Жүргізуші: Жансая
Сарғая
күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ
етті,
Бағына талай миллионның
Баянды
жеңіс күн жетті
Назарларыңызға
«Бейбіт күн жасасын әлемде» деген
тақырыпта бейне суреттерді
ұсынамыз!
Салтанат
Елге
қауіп төнбесін,
Егестен адам
өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді
соғыс болмасын!
Өртенбесін туған
ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын
шалқар көл!
1-Жүргізуші: Әсел
Жасасын
Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз
болып болашағына жүре бер!
Болмасын
соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы
тілекпен барша халайық түрегел!
Елназ
Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт күн
жасасын әлемде» атты кешіміз аяқталды.
Қонаққа келген әжелерімізге рахметімізді
айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер!
Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды
білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда
желбірей берсін!
Абилбек.
Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.
Сіздерді Жеңіс күнімен құтықтаймыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген