жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жер ана ортақ үйім"
Апталықтың ашылуы
Тақырыбы:
«Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы.
Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы! »
Өткізген: тарих және география пәнінің мұғалімдері
Маухан А.,Хибекей П.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «»
Мақсаты:
1. Тарих, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту.
3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жүрекшелер, презентация-слайд, музыка ,
гүлдер, шарлар
Барысы:
1.
Апталық жоспарымен таныстыру
2. Пәндер туралы оқушылардың таныстыруы
«Сарыарқа» күйі орындалады
Жүргізушілер ортаға шығады:
1-жүргізуші:
- Құрметті оқушылар мен ұстаздар! География, тарих пәндерінің «Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!» атты мектепішілік апталыққа арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық -дей
отырып, бізді қоршаған тарихтың қыр - сырын
меңгертетін пәндердің
ханшайымдарына сөз кезегін берсек. (Ортаға пән
болып киінген екі
: тарих, география шығады)
Тарих пәнінің
ханшайымы:
Тарихтың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Тарихтың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орында өсиетін
География пәнінің ханшайымы:
География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.
Оқушылар ортаға шығады ( экраннан Күн шуағы,
Көк Аспан, Құстар, Ағып жатқан су, Ағаштар жайқалып, Шыңында қары
бар таулар, жайқалған дала суреттері баяу көрсетіліп тұрады) баяу
музыка ойнайды.
1-оқушы: Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас
иеді )
2-оқушы: Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)
3-оқушы: Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)
4-оқушы: Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)
5-оқушы: Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)
6-оқушы: Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)
7-оқушы: Бас ием тауларға (бастарын иеді)
8- оқушы: Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)
9-оқушы: Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)
10- оқушы: Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын
алдына созады)
11-оқушы: Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)
12-оқушы:Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)
Ортаға бишілер шығады: «Гүлдер» биін орындайды
1-жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - жарыстар, сайыстар және жобалар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Ендеше сіздерд іапталықтың жоспарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
тарих, география құрметтеуге лайық! деп
біраз осы пәндерден білімімізді сынап көрейік
достар!
1-жүргізуші: -
Тарихтан білімізді сынайық
2- жүргізуші: Географиядан білімізді сынайық
1.Түрлі-түсті атауды білдіретін 4 теңізді ата? Қара, Ақ, Сары, Қызыл.
2. Қаңтар өзені деп Оңтүстік
Америкадағы қай өзенді
айтады? Рио -
Жанейро
3. Еуропа астаналарының ішіндегі ең көне қаланың бірі оған 1000жыл
болған. Қаланың аты орыс тілінен аударғанда «сауда айлағы» дегенді
білдіреді. Копенгаген
4. Бұл көлде аңыз бойынша 1800
кг алтын жасырылған? Оңтүстік Америкадағы
көл? Титикака
5.Оның атауы испан тілінен аударғанда «тасбақа» деген атауды білдіреді. Галапагос
1-жүргізуші: - Ал, балалар, сіздер мен біздер осы пәндердің ерекшеліктерін сипаттайтын жаратылыстың негізі пәндерін жұмбақтап көрейік.
Кәне жұмбақ шешіп көрейік
1-оқушы: Доп сынды келбеті,
Онда бар түп – түгел,
Әлемнің келбеті
Ол не? Ол Глобус
2- оқушы: Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар шөбі жоқ.
мұхиты бар, суы жоқ,
орманы бар , нуы жоқ.
шыңдары да теп тегіс,
кең жазықтан әралуан
шығысы мен батысты
бар әлемді табасың,
Өзің таң болып қаласың.
Бұл? Карта
3-оқушы: Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасақ қорын
Барша тірлік қурайды.
Бұл не? СУ
4-оқушы: Бар ма, жоқ па, оны білмейсің?
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің?
Ол не? Ауа
5 – оқушы: Бір зат дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріңе тең.
Адамзат жан – жануар арасында,
Мәңгілік өсіп – өніп өмір сүрген.
Бұл не? Жер
6-оқушы: Болсын ол Табиғаттың сәні де
Жер бетінде тіршіліктің бар мәні де
Өсіреміз күтіп, баптап мәпелеп
Айтшы кәні, достарым
Ол не? Өсімдік
2 -жүргізуші:
-Балалар,кәне айта қойыңдаршы!
-Жер шарында Қанша материк бар?
-Ендеше, ортаға сол алты материкті шақырып, олардың сырын тыңдап көрейік!
«Темір бар, тас көмір бар, алмазым бар,
Алтын бар, мұнай мен газ ураным бар,
Атандым «бейбітшілік» материгі
Қорғаңдар, әрі өздерің қорғаныңдар»-
«Еуразияны» алдарыңызда.
-
оқушы:Еуразия
Орасан зор материкпін,
Төрт мұхит, төрт қабырғам.
Алуан түрлі тірлігімен
Көп халық менен табылған
Исландия - аралым бар,
Фенноскандия – орманым.
Балқан таумен таралынған
Гималай, Альпі қорғаным.
Арабия – үлкен түбек,
Месопотамия – жазық ойпат.
Орта Азия шөлді өлкені
Жылқы, түйе жүрер жайлап.
Тынық мұхит жағасында
Вулканым бар отты алып.
Ұлы Қытай жазығында
Ырзығын терген көп халық.
Архипелаг Малайзия
Тұрады бес мың аралдан.
Күріш пенен шәй мен бұта
Бұл жерге тән таралған.
Мұғалім:
«Анары, бананы бар, кофесі бар,
Бұл жерде аң мен құстың көкесі бар.
Африкам материктер ағасындай
Бес бірдей соңына ерген інісі бар» деп ортаға «Африка» тобын шақырамыз 2-оқушы:Африка
Мен Африка! Қос мұхит арасында
Еуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.
Түп атым «Еуразия» тайпасында,
Белімді экватор кескен құрлықпын.
Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,
Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.
Мұғ.
«Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің»
Қарсы алыңыздар «Солтүстік Америка» тобы
3-оқушы: Солтүстік Америка
Өзім жайлы менде айтып берейін,
Құнды-құнды мәліметтер терейін
Ағаларым өзін айтып мақтанды
Байлығымды мен де мақтап көрейін
Қалың тонды қойбұқам бар,
Қылқанды шырша орманым бар.
Бұлғын, құндыз ондатра –
Ең бағалы аңдарым бар.
Ниагара алып құламадан
Энергия аламын.
Үлкен Антиль, Кіші Антиль
Бағамдай бар аралым.
Гольфстрим ұлы ағысым,
Кордильер таулы тізбегім
Иеллоустон – ұлттық паркке
Барудың жолын іздегін.
Гейзер суы көкке өрлеген,
Секвоялы жасыл орман.
Міне, осы барым менің
Маған мәңгі мақтан болған.
«Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің»
Қарсы алыңыздар «Солтүстік Америка» тобы 4-оқушы: Оңтүстік Америка
Шығысым менің кең жазық,
Анд тауы батыс жағында.
Амозонка ең сұлу өзен,
Биік таудан соғылған.
Өсімдігім мимоза,
Кебрачо, кактустар.
Мекен еткен жерімді,
Пума, ягуар жыртқыштар.
Жиырмадан астам елім бар,
Титикака көлім бар
Мұғ.
«Ортақпын барлығына адамзаттың,
Суықпын, аз жауаны жауын-шашын.
Пингвин, көк киттер мен кашалоттар,
Жазылды кітаптарға қорғалатын»
«Антарктида» тобын қарсы алайық.
5-оқушы:Антрактида
Шыныменде мінезім сәл қаттылау.
Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау.
Мысалы менде ғалымдардың ғылыми
Станциялары жұмыс жасайды бақылау.
Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,
Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын.
Мұғ.
«Ертеде ренжіп мен ағаларға,
Кеттім ел жылжып жағалауға
Оңтүстік жарты шарды мекен еттім,
Талайлар көшіп еді паналауға»
«Австралия» тобы ортада.
6-оқушы: Аустралия
Айтар болсам өзімді,
Тыңдаңыздар сөзімді.
Ағалардан шалғайдамын,
Құрғақшылық бар аймағым.
Қос мұхитпен қоршаулымын,
Қалталы келеді жануарым.
Әлем бойынша қой өсіріп,
Ең бірінші орын алдым.
(Баяу музыка үні естіледі)
1-жүргізуші:
Тамаша ғой
Бүгін сен,
Тарихқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Тарих та бір кітап,
Оқи алсаң парақтап...
Айтолқын:
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Ақбота:Кең даламда шертілген сыбызғы
үні.
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры.
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Ақжол: Бозторғайың шырылдап боз
кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
Мерейгүл:Сенің әсем бейнеңнен әсер
алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да болам саған қорған!
(Музыка тоқтайды)
2-жүргізуші: «Адамзаттың жер бетінде сақталып қалуы адам жүрегін өзгертумен байланысты « - деген екен бір данышпан кісі. Ендеше барлығымыз Жер Анамызды, табиғатты қорғауға бір кісідей атсалысайық!
1-оқушы: Туған үйің – табиғатты таза ұста!
2-оқушы: Барымызды жоғалтпайық, жоғымызды түгендейік!
3-оқушы: Табиғат сенің қорғаның, қорғаныңды қорғай біл!
4-оқушы: Табиғатың – тау етерің тәңірің, Орындау шарт – тәңіріңнің әмірін!
5-оқушы: Әлемнің әсемдігін көкірегіңмен көр, жүрегіңмен сезін!
6-оқушы: Еліңнің егесі, киелі даланың иесі
Барлығы хормен: Өзіңсің!
Музыка ойнайды ( жүргізушілер сөйлейді)
1-жүргізуші: Күн сәулесі төгілгені әдемі,
алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі,
Биік – биік шыңдарым да әдемі!
Сұңқар құстың самғағаны әдемі!
Даланы әнге бөлеп,
Құстардың сайрағаны Әдемі!
Мөлдіреген көздері,
Киігім қандай әдемі!
Аппақ қарға оранған,
Қысым қандай әдемі
2-жүргізуші: Масатыдай құлпырған
Көктем қандай әдемі!
Асыр салып ойнайтын,
Жазым қандай әдемі!
Сары түске боялған,
Күзім қандай әдемі!
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі!
Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,
Боларсыңдар сендер де дүниедегі ең
Екеуі бірге: ӘДЕМІ!
Барлығы: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Көрермендерге «Жүрекшелер» ( қағаз түрінде, шарлар) табиғат туралы ұсынады
«Ән» орындалып жатады
1-жүргізуші: Осымен, : «Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы,Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы! » атты апталығымыздың ашылу салтанатын жабық деп жариялаймыз!
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |
|
А |
Р |
Е |
У |
Г |
Ш |
Э |
Е |
Й |
|
Ц |
Ы |
Т |
Ф |
Щ |
Ъ |
И |
М |
У |
|
С |
М |
Ч |
Й |
З |
Т |
Ь |
К |
Р |
|
В |
Я |
О |
К |
Х |
Б |
Ю |
Л |
И |
|
П |
Р |
Т |
Б |
Й |
К |
Ц |
С |
М |
|
Р |
Т |
О |
В |
С |
И |
Б |
Й |
Г |
|
А |
Т |
Е |
М |
Р |
В |
Ы |
Ю |
Д |
|
Л |
Н |
Б |
А |
П |
Ж |
Э |
Й |
Ы |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген