Күні:
Жасы:
Сабақтың
тақырыбы:
Жер бедері, климаты.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Білім алушыларға жер бедері, өзгеру
себептері, климат жөнінде түсіндіру.
Дамытушылық:
Өз бетінше ізденіспен шығармашылық
тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз
ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:
Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу,
тыңдай және сөйлей білу мәдениетін
арттыру.
Көрнекіліктер:
Суреттер,
үлестірмелер, физикалық карта.
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
ІI.
Қызығушылықты ояту.
ІІІ.
Жаңа сабақ
Жер
бедері барлық табиғат компоненттерінің
(климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік
жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы
мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай
әсерін тигізеді.
Жер
бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар
әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.
Ішкі
күштер әсерінен болатын қозғалыстардың
екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық
құбылыстар, күшті жер сілкінулер,
қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы
және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық
плиталардың ғасырлық тербелмелі
қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер
бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді
және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады.
Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы
аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен
мұхит табанындағы жазықтар мен тау
жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы
пішіндерін құрайды.
Ішкі
күштердің әсерінен қалыптасқан ірі
таулар мен жазықтар сыртқы күштердің
әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.
Қазақстанның
физикалық картасына қарасақ оның көп
жері жазық екендігі бірден көзге түседі.
Каспий мен Арал теңіздерінің маңы және
еліміздің солтүстік аймақтары тегіс
жазық.
Жазық
деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл
белесті алқаптарын айтады. Жазықтар
тегіс және төбелі деп бөлінеді.
Тегіс
жазықтың бетінде қырат немесе дөң
түріндегі ірі бедерлер кездеспейді.
Мұндай жазықпен жол жүріп келе жатқанда
көз ұшына дейін теп - тегіс болып көрінеді.
Әдетте бұрын теңіз немесе көл басып
жатқан жерлер су тартылғаннан кейін
осындай тегіс жазыққа айналып отырған.
Ондай жерлер физикалық картада бірыңғай
жасыл бояумен боялады. Республикамыздың
орта тұсы картада сарғыш және қоңыр
түске боялған.Бұл -бөлігі биік, төбелі
жазық. Бетінде төбе көп кездесетін
жазықты төбелі жазық деп атайды. Төбе
жазықтың үстінде шоқиып оқшау көрінеді.
Өйткені ол маңайындағы тегіс жерден
ондаған метр биікке көтеріліп тұрады.
Картада жасыл бояудың үстіне сарғыш
дақтар түсіру арқылы көрсетіледі.
Төбелер
бір бірімен жалғаса тұтасып жатса қырат
құрайды. Кейде үсті тегіс, бірыңғай
қыратты жерлер кездеседі. Олар үстірті
жазықтар. Осы жазықтың үстінде төбелер
мен қырқалар ретсіз бытырап жатады.
Қатты
тау жыныстарынан тұратындықтан төбелердің
басы сүйір келеді. Ондай төбені шоқы
деп атайды. Жер бетінің ерекше биік
тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен
қыраттарға қарағанда биік болады.
Олардың биіктігі бірнеше жүздеген,
мыңдаған метрге жетеді.
Таулар
биік таулар және аласа таулар болады.
Олар өте берік тау жынысы -граниттен
тұрады.
Аласа
тауларда қар мен мұз жатпайды. Онда
көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер
өседі. Аласа таулар Сарыарқада көп.
IV.
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:
Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп
артында жасырынған суретті табу.
-
Жер
бедері деген не болды?
-
Ең биік тау қандай тау?
-
Шоқы деген не?
-
Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
-
«Алатау»
сөзі қандай мағына береді?
-
Картадан
Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай
екенін айт.
V.
Ой толғаныс. 3 мин. эссе
VI.
Сергіту сәті.
VII.
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау
«Не
түсіндім, не білдім?» ойыны. (сұрақ –
жауап)
VIII.
Үйге тапсырма беру