400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер бедері деген не ? Лепті сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Менің туған өлкем

СҚО, Тайынша ауданы, Аққұдық ауылы

«Алабота орта мектебі»КММ

Мұғалiм: Абильдина Бахытгуль Серикбаевна

пән::қазақ тілі

Қатысқандар:8

Қатыспағандар саны: жоқ

Күні:

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы

Жер бедері деген не ?

Лепті сөйлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)

2.2.1.1 сұрақ қою арқылы (не істеді? Қандай? Неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

жетістік критерийі

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдана алады

Оқушылардың көпшілігі:

мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжай алады.

Кейбір оқушылар:

мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жаза алады.



Тілдік мақсаттар

Әлем, ғаламшар.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.


Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Суретпен берілген өлеңді оқимын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру



5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

Сәлеметсің бе, Күн Ана!

Сәлеметсің бе,Жер Ана!

Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан!

Сәлеметсің бе, сен!

Сәлеметсің бе Мен!

/оқушылар бір-бірімен амандасады/


Түстер арқылы топтастыру.

Ынтымақтастық ортасын құру.

Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға мұғалім түстер таратып береді.

  1. Қызыл 3.сары түс

  2. сары 4. Көк түс

оқушылар түс бойынша 2 топқа бөлінеді.

Әр топ оқушылары өздеріндегі түстің бас әріпінен басталатын «Жылы сөз» арқылы топ досына тілек тілеу қажет.

Мысалы: жасыл түс- саған жақсылық тілеймін;

Қызыл түс-қызғалдақтай құлпырып жүре бер;

Сары түс- сұлу да сүйкімді бол;

Көк түс-әрқашан көңілді болып жүруіңді тілеймін.

Үй тапсырмасын тексеру (карточка арқылы)

Өткен сабақты қайталау

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.

презентация

















Түрлі-түсті қағаздар

Сабақ басы




2 мин















5 мин























2 минут







10 мин



























5 минут









8 мин



Топтық жұмыс. «Сөз құрау»

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта не туралы әңгіме өрбітеміз?

Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.

1. Әр сөйлем қалай оқылды?

2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?

Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (

Ойын «Сәйкестендір»

Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!

Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!

Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Оқулықпен жұмыс: 16-жаттығу

сергіту сәті: Көңілді күн

17-жаттығу. Жұмбақты қатесіз көшіріп жаз.

18 - жаттығу «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады.

19-жаттығу. Кестедегі облыс, қала аттарын тап

Шығармашылық тапсырма орындау керекү

Тест сұрақтарына жауап беру. Өзін - өзі бағалау

1. Сөйлемді белгіле.

А) Кітап, мұз. Ә) Р, ш, ұ, ы, қ. Б) Мына тау қандай биік!

2. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Алақай, ағам келді

А) сұрау белгі Ә) леп белгі Б) нүкте

3. Аяқталған ойды білдіретін не?

А) мәтін Ә) сөйлем Б) сөз

4. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

А) Сұраулы сөйлем Ә) Лепті сөйлем Б) Хабарлы сөйлем

5. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

А) нүкте Ә) сұрау белгі Б) леп белгі

6. Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?

Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысыңқы, шашы бұйра.

а) әңгімелеу в) сипаттау с) пайымдау

7. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

А) сегізінші в) секірді с) нағашы

8. Мына ережеге сәйкес сөзді тап.

.......... мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Оған ат қоюға болады.

А) сөйлем в) мәтін с) сөз

9. Сөйлемнің ережесін тап.

А) сөйлем аяқталған ойды білдіреді в) сөйлем бірнеше сөзден тұрады

С) сөйлемнің соңына тек нүкте қойылады

10. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді тап.

А) хабарлы сөйлем в) лепті сөйлем с) сұраулы сөйлем

Сабақты қорытындылау.

Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:

- Адамның көңіл - күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран т. б.) білдіреді;

- Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;

- Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

ІV. Үйге тапсырма:ереже жаттау

V. Сабақты бекіту

Сөйлем туралы не білеміз?

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

1 Сұраулы сөйлем дегеніміз не?



Жарайсың!





















екі тілек бір ұсыныс» статегиясы арқылы бір-бірін бағалау






бейнежазба

















Кесте


































Сабақтың соңы

3 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өз-өзін бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік баспалдағына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды.



Жетістік баспалдағы, түрлі-түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі