Жер біздің ортақ үйіміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер біздің ортақ үйіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Жер – ортақ үйіміз»
Мақсаты:1) Білімділік: жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту, тереңдету.
2) Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік: табиғатты қорғауға тәрбиелеу, топта жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: 1) плакат «Табиғат көрінісі»
«Жер табиғатын аялайық» , «Жер – тіршілік бесігі»
Сайыс сағаттың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушылар, жанкүйерлер және әділ-қазылар алқасы біз бүгін «Жаратылыстану» әлеміне саяхат жасау үшін сайыс сағатын өткізгелі отырмыз. 
Сайысқа қатысушылар: 5 «Ә» сыныбының «Жер» тобы,
5 «Ә» сыныбынан «Күн» тобы келіп отыр.
«Табиғат дегеніміз – бұл кітап, яғни, оның әрбір беті өзінің мағынасымен маңызды. Бұның өзі табиғатта болып жатқан құбылыстарды әрбір адам білу керек екенін білдіреді» – деген екен ұлы ойшыл Гете, яғни, бүгінгі сайыстың мақсаты жаратылыстану пәнінен алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау және бағалау. Баға беруге әділ-қазылар сайланады.

1-сайыс. Жұлдыздар ұшқыны» 
Сұрақ-жауап сайысы, жұлдызшаларда әр топқа арналған сұрақтар берілген. 


2-сайыс. Топ жетекшілері сайысы. 

1-топ.
1. Африка – материк.
2. Сатурн – планета.
3. Комета – құйрықты жұлдыз.
4. Жердің үлгісі – глобус.
5. 365 күн – бір жыл.
6. Гидросфера – су қабаты.
7. Көктем - жыл мезгілі.

2-топ.
1. Атлант – мұхит.
2. Жетіқарақшы – жұлдыз.
3. Юпитер – планета.
4. 24 сағат – 1 тәулік.
5. Т. Мұсабаев – ғарышкер.
6. Ауа қабығы – атмосфера.
7. Метеорит – ақпа жұлдыз

3-сайыс. «Сөз жұмбақ шешу»
Әр топқа алдын ала дайындалған сөз жұмбақ шешуге ұсынылады.

Сөз жұмбақ сұрақтары:
1. Қазақстандағы ірі өзен. (Ертіс)
2. Ең жарық ғаламшар. (Шолпан)
3. Қазақстандағы ірі көлдердің бірі. (Балқаш)
4. Ең ыстық материк. (Африка)
5. Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірленген бөлігі. (Шығанақ)
6. Шығыс Қазақстандағы қорық. (Марқакөл)
7. Күн жүйесінде ең алыста орналасқан ғаламшар. (Плутон)


4-сайыс. «Жер – ортақ үйіміз» тақырыбына сурет салу сайысы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
5100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі