жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жер ғаламшарының көрінісі
|
Сынып: 1 «ә» Мұғалімі: Алданазарова Г.А |
|||||
|
Тақырыбы: |
Жер ғаламшарының көрінісі. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) |
1.4.1.2 Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін білу. 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау. |
||||
|
|
Барлық оқушылар: Жер ғаламшары шарға ұқсайтынын біледі Оқушылардың басым бөлігі: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтайды Кейбір оқушылар: зерттеу жұмысын жүргізеді, талдау және жинақтау жасайды. |
||||
|
Бағалау критерийлері: |
Тірек сөздерді есте сақтайды Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі; |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Жер ғаламшары; Глобус; Шар; |
||||
|
Ресурстар |
Презентация, ғарышкерлер суреті,тұтылу кезіндегі айдың суреті, шар, қағаз кеме,адамдар, парақтар, қарапайым қарындаш, плакаттар, үстел шамы, глобус, зымыранның суреті, телескоп суреті, жер серігі, Байқоңыр, расытхана суреттері видеолар |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған уақыты кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс - әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы
2 минут
5минут |
(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан Бір сыныпқа жиналып, Достығымыз жарасқан Топқа бөлу: үстел үстіндегі суреттерді алып Ай, Жұлдыз, Күн деген топтарына бөлінеді. Сабақтың тақырыбын ашу : Балалар ай , жұлдыз, күн нелер? - Аспан денелері. -Аспан дегеніміз не? -Ғарыш. - Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз не туралы айтамыз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Бүгінгі сабақта біз Жер ғаламшарының көрінісі туралы айтамыз.
Өткен сабақ «Пинг-понг» -суреті және атауы әдісімен қайталанады. Оқушыларға сурет және атауы жазылған парақтар таратылады. Олар өз жұбын табады және сөздің мағынасын түсіндіреді: телескоп, зымыран, жер серігі, Байқоңыр, расытхана Дескриптор: 1.Тірек сөздерді қайталайды. 2.Суреттерін табады. 3. Сөздердің мазмұнын айтады. |
Ай, жұлдыз, күн суреттері
Суреттер мен сөздер Жұлдыздармен бағалау |
|||
|
Сабақтың ортасы 5 мин
10минут
1минут
2минут
1минут
5минут
7минут |
Мына суреттерге назар аударайық. Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пішіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған. 1 слайд. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. 2 слайд. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. 3 слайд. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақаның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал ол шексіз мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. 4 слайд.Ежелгі адамдар Жер үш киттің үстінде орналасқан деп есептеген.
-Қалай ойлайсыңдар жердің пішіні неге ұқсайды? -Неге олай ойлайсыңдар? Топтық жұмыс «Зерттейік!» Тәжірибе жасау. Бізде екі тұжырым бар: тұжырым - Жер тегіс. тұжырым – Жер шар тәрізді. топ Айдың тұтылу кезіндегі фотосуреттері беріледі. Оқушы назары көлеңкеге аудару. Тәжірибе өткіщуді ұсыну. Үстел шамы (күн) мен парақ (Ай)ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргіш қойып қарау ұсынылады. Сұрақ: қай заттың көлеңкесі домалақ? (доп)Оқушылар жер жопқа ұқсас деп қорытынды жасауы керек. топ Қағаздан жасалған кемені партаның үстімен жүргіз. Содан кейін доптың үстімен жүргіз.Нені байқадың? ( Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс). -Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге болады ма?» (Тұтас) -Кеме партаның шетіне жеткенде не болады? (оқушылардың жауабы) Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады. Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен. -Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар? Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.
Шарға ұқсас заттарды ата. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды беремін. Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
(МК)Жер ғаламшары жайлы видео көрсету( 1.43) Видеоматериалды тамашалап, мазмұнын талқылау.Оқушыларға сұрақтар қою. -Балалар, Жер ғаламшары жайлы не білдіңдер? - Ал бәріміздің ортақ үйіміз,-Жер, Жер-ғаламшар. (жердің картасы) Оны глобус деп атайды.(жердің макетін –глобусты көрсетеді) -Балалар, жер ғаламшар қандай пішінге ұқсайды?(балалардың жауабы-дөңгелек) -Балалар,біздің жер ғаламшар айналады. -Балалар, қарандаршы жер ғаламшарда қандай түс көп? (балалардың жауабы-көк түс ) Неге, қалай ойлайсыңдар? -Дұрыс балалар,біздің жер ғаламшарда су көп. Су көп болса, тіршілік болады-өсімдіктер жақсы өседі,адамдар, жануарлар өмір сүреді. -Балалар, қарандаршы, біздің жер ғаламшарды ғажайып үлкен кіші аспан денелері қоршайды. Оны ғарыш денелері деп атайды, олар ғаламшарлар жұлдыздар.
Дәптермен жұмыс 40бет Негештің хатындағы жасырылған сөзді тап. Сөйлемді аяқта. Жер-бұл шар тәріздес т.б Жердің пішіні Неге ұқсайды? Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек. Жердің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұрау. Математика сабағынан: “Жазық қағаз бетінде көлемді фигураларды көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп естеріне салу. Кері байланыс «Үлгердім, үлгермедім»
«Полюс» таңбасы ойыны «+», «-», «Білмеймін» М:Сендер жер және ғарыш бөлімін толық білеміз деп ойлайсыздар ма?Алдарыңыздағы бағалау шкаласы бойынша өздеріңізді бағалап жіберіңіздер Бағалау шкаласы арқылы өзін- өзі бағалау.Олай болса өзімізді тексерейік. Сыныптың үш бұрышына (+) (-) (білмеймін) деп жазылған парақтарды орналастырамын. Сұрақ қойғанда, осы таңбалар жазылған бұрыштарға барып тұрады. Сұрақтар: 1.Ғарыш әлемін зерттейтін ғылым ол астраномия (+) 2.Ғарышқа ең алғаш ит ұшырылған (+) Лайка 3.Аспан әлемінде 3000тарта жұлдыз бар (-) 4.Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә) 5.Жер ғаламшары теп- тегіс. (Жоқ) 6.Жердің шеті бар. (Жоқ) 7.Тоқтар Аубакиров ғарышқа ұшты.(Иә) 8. Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы(Иә) 9. Расытханалар қала ортасында орналасады. (жоқ) 10. Ғарышқа ұшақпен, әуе шарларымен ұшу мүмкін ба? (жоқ) Себебі ғарышта ауа жоқ 11. Ғарышкерлердің арнайы киімі болады ма? (иа) Скафандр (дем алу үшін) 12. Зымыран ғарышқа бару үшін қажет пе? (иа) 13.Телескоп арқылы барлық ғарышты зерттеуге болады (-) 14. Ең алғаш ғарышты телескоппен бақылады ма? (жоқ) Қарапайым дүрбімен бақылады. Галилио Галилей
|
презентация
( доп, кітап, қалам, өшіргіш), үстел шамы, ақ бет.
Топтық бағалау «үш
шапалақ» Видео
Математика. Шар —көлемді геометриялық пішін
|
|||
|
Сабақтың соңы 2 мин |
Рефлексия Зымыран - Егер сабақта бәрі түсінікті болса, қызыл зымыранмен ғарышқа ұшамын. -Егер сабақ түсініксіз болса, онда жасыл зымыранмен ғарышқа ұшамын. -Егер сізге көмек керек болса, онда сары зымыранмен ғарышқа ұшамын |
Ғарыштың суреті, зымырандар. |
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс |
|||
|
Суреттер салады, бояйды. |
Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшардың атауын біледі. Оқушы жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі бағаланады. |
Математика.Шардың физикалық қасиеті қарастырылады. Геометриялық шар |
|||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген