жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жер-ғаламшарының көрінісі
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жунусбекова Н.С. |
||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Тақырыбы: |
Жер ғаламшарының көрінісі |
||||
|
Оқу мақсаттары |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтай алады. |
||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді |
|||||
|
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады:
|
||||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Жер,ғаламшар,шар тәріздес дене,дөңгелек, пішін,жазық,көкжиек |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||
|
Дескриптор |
Зерттеу жұмысын жүргізеді Тәжірибе жасайды Жер ғаламшарының көрінісін анықтайды. Қоршаған әлемдегі құбылыстарды,үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді. Жердің шарға ұқсайтындығын анықтайды. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Жер – земля – ground Жер, ғаламшар, шар, глобус, аспан денелері (күн,ай, шоқжұлдыздар, |
||||
|
Құндылық тарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Жер шарын ортақ үйіміз ретінде қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,математика, сауат ашу, көркем еңбек |
||||
|
АКТ қолдану |
Мультфильм, аудиожазбалар |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Жер ғаламшарының көрінісі.Миға шабуыл ойыны арқылы өткен материалдарды пысықтау. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
|
|||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
|
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Армысың досым, Кел маған қосыл. (қолымен шақырады) Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық(қолдарынан ұстайды) Жер шарындай айналып Әлемге жарық ұқсайық (айналады) Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады) Ортамызда күн нұры Құшаққа оны алайық Сыныпты үш топқа бөлеміз (1,2,3 деп санау арқылы) 1 топ – «Күн», 2 топ - «Жер», 3 топ- «Ай» Әр топ өзінің атауына байланысты жұмбақтар айтады.
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
|
|
|||
|
Ортасы Айтылым |
Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әлеміне” саяхат жасаймыз. Мақсатымыз: Жердің жасанды моделіне сүйене отырып, жердің пішінін анықтау. Жер ғаламшарының көрінісін анықтау.
Жер қандай? Оқушылардың назарын суреттерге аударамын. Ежелде адамдардың Жер ғаламшарын қалай елестеткені туралы айтып беремін. Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пішіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған. Ежелгі Гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген.Ал оның шетін мұхит шайып тұрады деп ойлаған. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс, тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера деп елестеткен.Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде деп ойлаған.Ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған.Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.
О
Зерттейік. Сыныпты үш топқа бөлемін. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.
Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу ретін беремін. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударамын. Тәжірибе өткізуді ұсынамын. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қоямыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасайды.
Екінші топқа: Көкжиек, көкжиек сызығы туралы материалды беремін. Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек сызығы екенін еске түсіреді.Бақылаушы тұрған жерден төмен қарай тартылған бағытта перпендикуляр сызығын жүргізу арқылы, сызық аспан сферасымен қиылысқанда болжау шеңбер шығады.Бұл шеңберді көкжиек дейміз. Жердің дөңгелек екенін анықтайды. Үшінші топқа: Шарға ұқсас заттардың пішінін жасайды.Оқушылар дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады.(Сағат,доп,алма,глобус,шар, т.б.) Бұл жерде де оқушылар жердің пішіні дөңгелек екенін анықтайды. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдерімен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатамын.
“Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізуді ұсынамын.Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: Теңіз жағасында тұрған адам ба, әлде биік ағашта отырған адам ба? Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның үстімен жүргізіп көреміз.Сосын доптың үстімен жүргізіп көреміз. Кеме қозғалғанда оны тұтас көруге болады ма?(Тұтас) Енді кемені доптың үстімен жүргізіп көреміз.Оқушылар алдымен кеменің жоғарғы жағы (төбесі көрінгенін байқайды)Бұл жер шар тәріздес екенінің дәлелі Бейнеролик көрсетемін (Жер ғаламшарының ғарыштан көрінісі және суреттері) Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен глобусты салыстыруға беремін де, мынадай сұрақтар қоямын:
— Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?
— Қандай айырмашылықтары бар? Шардың сыртқы белгілері туралы сұраймын: — Шардың пішіні қандай? — Ол неге ұқсайды? — Шардың бұрыштары бар ма?
Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеймін.Шар көлемді геометриялық пішін екеніне оқушылардың көздері жетеді, және шарды дөңгелетіп көреді.Жердің үнемі өздігінен айналып тұратынына көз жеткізеді. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мадақтаймын. Топтық жұмыс Допты жер ғаламшарына ұқсату.Жер шар тәріздес дене екенін түсінеді. |
|
|||
|
Сергіту сәті |
Би қимылдарын жасату |
Бейнеролик |
|||
|
Соңы Жазылым. |
1-тапсырма. Ол қандай? Жер ғаламшарының көрінісі қандай? Тірек сөздер жазылған кеспе қағаздар таратып беремін.Оқушылар сөздерді оқып, күннің шуақтарына бір-бір сөзден жазып, ойларын білдіреді.
2-тапсырма. Негештің хаты
|
Жұмыс дәптер 35-жұмыс парағы 36-жұмыс парағы. |
|||
|
Аяқталуы Ойтолғау |
«Ия,жоқ» ойыны
Оқушылар өздерінің жұмыс істеу деңгейіне байланысты түсті таңдап алады да, неліктен бұл түсті алғанын айтады. Өз-өзін бағалау .Бағалау «Бағдаршам» Қызыл – маған көмек керек;Сары - сұрағым бар Жасыл- барлығы түсінікті. |
|
|||
|
Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Құндылықтармен байланыс: АКТ-мен байланыс: |
|||
|
Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? |
|
||||
қушылармен
тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне
ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды
ұсынамын. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген
жетелеу сұрағын қоямын. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты
жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп
ойлағаны туралы айтамын.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген