400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жер және ғарыш. Ғарыш дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 17.01.2019

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер және ғарыш.Ғарыш дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Сабақтың мақсаттары

ғарыш ұғымымен танысады;

астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу ,түсіну

Бағалау критерийлері

Білім алушы


Дескриптор

Ғарыштың не екенін түсінеді, ғарыш ұғымымен танысады

Астрономияның нені зерттейтінін білетін болады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Күш пен қозғалыс туралы ұғымдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Біз балдырған баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Біз бақытты баламыз,

Өнер, білім аламыз!


Алдыңғы оқу

-Балалар, біз алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Жарайсыңдар

Сен не үйрендің? Өткен бөлім бойынша қайталау.

1. Қозғалыс дегеніміз - бұл ....

а) заттардың орын ауыстыруы;

ә) заттардың түсін өзгертуі;

б) заттардың пішіні.

2. Заттың қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

а) қозғалыстағы заттың соңынан қалатын, көзге көрінетін сызығы;

ә) қозғалған заттың соңынан қалатын, әр уақытта көзге көріне бермейтін «ізі» (сызығы).

3. Заттар ненің әсерінен қозғалады?

а) заттар өз бетімен қозғалады;

ә) заттар күштің әсерінен қозғалады;

б) заттар қозғалмайды.


Дескриптор

- Табиғаттағы заттардың,нысандардың әртүрлі қозғалуын біледі;

- Дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруының қозғалыс екенін біледі.


Өзара бағалау бағдаршам

Шаттық шебері








Сабақтың ортасы



 Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау)

–Ғарышта не бар?

-Қазақтар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?

-Ежелгі астрономия жайлы әңгімелеу

Ғарыш –шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.
Ғарыш,астрономия,шоқжұлдыздар туралы мағлұмат айту

Астраномия - аспан денелерін,олардың құрылысын,қозғалысын зерттейтін ғылым.

Шоқжұлдыз – әртүрлі өрнек құрап,шоғырланып тұратын жарық жұлдыздар.

«Сен білесің бе?» әдісі

-асторномия туралы әңгімелеу

-«жұлдыздар қандай заңдылыққа бағынады?» деп сұрау-ғалам ұғымен таныстыру-шоқжұлдыздар –шоғырланып түрлі мүсіндер түзетін жұлдыздар тобы екенін түсіндіру

«Астраномия» сөзі гректің «астрон» (жұлдыз), «номос» (заң) деген екі сөзден шыққан. Ол «жұлдыздар заңы деп аударылады»


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті


Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма


Аяқталуы


 «Зерттейік» әдісі –топтық жұмыс

Аңыздар кітабын дайындау үшін бірнеше шоқжұлдызды таңдап алу. Шоқжұлдыз туралы аңыз оқу.Қажетті мәліметтерді жинап, суретін салып, мұқабасын жасау.


Дескриптор:

*Шоқжұлдызды таңдай алады;ажырата алады.

*Мәлімет жинап, сурет салып, мұқабасын жасай алады.

Ғарыш дегеніміз не?

1. Анықтама.

2. Тану.

3. Ерекшелігі.

4. Салыстыру.

5. Экологиясы.

6. Қорытынды.

7. Нәтиже.

1. Анықтама. Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. 2. Тану. Ғарыш денелеріне: ғаламшарлар, Жер серіктері, жұлдыздар, кометалар, астероидтар жатады. 3. Ерекшелігі. Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. 4. Салыстыру. Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі. Жер – шар тәрізді дене. 5. Экологиясы. Күн – жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Бұл болмаса жер бетін қара түнек басар еді. 6. Қорытынды. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты. 7. Нәтиже. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Телехабарлар беріледі. Радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Ауа райы алдын ала болжанады.



Дәптермен жұмыс




Оқулық, дәптерлер.
































Үлгі дәптерлер

Сабақтың соңы



Кері байланыс


Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Рефлексия








































































Күні: 10.01.2019

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күштер және қозғалыс. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

Сабақтың мақсаттары

қозғалыс ұғымын түсіндіре алады, түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіре алады

әртүрлі қозғалыс траекторияларын зерттеп, оларды атай алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу ,түсіну

Бағалау критерийлері

·         Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу арқылы оларды суреттен көрсете алады;

·         Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтай алады;

Дескриптор

Заттардың қозғалу траекториясын зерттейді,талдайды.

Түзу,қисық сызық бойымен қозғала алатыныны туралы түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Күш пен қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз не?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру.

Оқушылар жұппен тұрып,  бір-біріне қарап  айтады. Сәттілік  тілейді.

-Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу  қос!

Оқушылар  қарсы  тұрып, басбармақтан  бастап  кезек-кезек  саусақтарының  ұштарын  бір-біріне  тигізеді.

1- барлық

2- істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын  қосады – РАХМЕТ!

Алдыңғы оқу

-Балалар, біз алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Жарайсыңдар


«Иә, жоқ» әдісі

Қозғалыс – бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы

Жануар мен өсімдіктер қозғалмайды

Ойыншық мәшине қалай қозғалады?

(Оны итеру керек.) Арба қалай қозғалады?

(Итеру немесе тарту керек.)

Шана қалай қозғалады?

(Тарту керек.)


Дескриптор

-өткен сабақты естеріне түсіреді

-сөздердің дұрыс, дұрыс емес екенін анықтайды


Өзара бағалау бағдаршам





Шаттық шебері








Сабақтың ортасы



Балаларға сүйікті ойыншығын алып тақтай үстіндегі құмда жүргізу тапсырылады.-Құм үстінде не пайда болды?Бұл ненің ізі?Құмда із неге қалады?Ия, дұрыс,себебі олар қозғалысқа түсті.

«Іс – әрекетке назар аудар» әдісінқолдана отырып, «Жануарлар саяхаты» ойыны арқылы, 3 топқа бөлініп (бақа, балық, жылан) және жаңа сабақтың мақсаты хабарланады:

- Бір сызыққа тұрып, топпен жүру (бөлініп қойылған орынға жеткенше 3 топ жүру жолын сызықпен көрсетеді). – Балалар, қозғалыс кезінде қандай сызықты кескіндедіңдер?

Дененің кеңістікте қозғалыста болған кезінде жүріп өткен бірнеше нүктелерін қосатын сызығы дененің траекториясы деп аталады.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті


Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Аяқталуы

16 минут


Жүрілген жол қозғалыстағы дене траекториясының ұзындығы болып табылады. Дене түзу немесе қисық сызықты траектория бойымен қозғалады. Бір дене әртүрлі траекториямен қозғалады.




Дәптермен жұмыс


Т. Ж. Зерттеу тапсырмасы.

Кішкене шар мен ойыншық мәшиненің қозғалысын зертте.
Тәжірибе жасау арқылы траекторияға мысалдар келтіру. Машина көбіне түзу траекториямен ал металл шар әр түрлі траекториямен қозғалатынын байқайды.

Дескриптор:
- тәжірибе негізінде шар мен ойыншық мәшиненің қозғалысын анықтайды
- сызығын салады, бір - бірінен ажыратады.
ҚБ «Шапалақтау» әдісі




Оқулық, дәптерлер.




Үлгі дәптерлер

Сабақтың соңы



Кері байланыс


Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Рефлексия








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі