400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер және Ғарыш Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлықоқушылар білу керек: * ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсіндіреалады. Оқушылардың көпшілігі: * Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды. Кейбіроқушылар: * Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Жер және Ғарыш Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт

Сабақтақырыбы Күн мен түн қалай ауысады?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

Жер мен Күнніңарасындағыбайланыстытүсіндіру 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақмақсаттары Барлықоқушылар білу керек: * ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсіндіреалады. Оқушылардың көпшілігі: * Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды. Кейбіроқушылар: * Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері * ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсінеалады. * Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады. * Жүргізілген бақылау нәтижелерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеп таба алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар: Жүргізілген бақылау нәтижелерінтүсіндіре алады және сұрақтарға жауап береді Талқылауға арналған сұрақтар * Жер мен Күннің байланысы болады ма? * Жер мен Күннің байланысының маңыздылығы неде? Не себепті олар бір-бірімен байланыста?

Құндылықтарды дарыту Қоршаған ортаны тани білу, зерттеу, қорытынды жасау

Пәнаралық байланыстар Дүниетанупәнімен байланыс көлеңкеге бақылау жүргізу барысында. Бейнелеу өнері пәні топтық жұмыстар барысында сурет салуда.

Алдыңғы меңгерілген білім

Зымырандар қай жерден ұшырылады?

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспар

ланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

1 – 7 минут (Ұ) 1.Психологиялық дайындық. «Армысың, ару күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Презентация

Білімге білім қос! Миға шабуыл: үй тапсырмасын қайталау Ашық күн» (сұрақтарға тез жауап беру арқылы тақтадағы күнді жасырып тұрған бұлттарды тазарту. Әр бұлттың артында сұрақтар бар) 1. Ауа райы деген не ? 2. Ауа райы неліктен өзгереді ? 3. Ауа массасы деген не ? 4. Ауа массаларының қандай түрлері бар ? 5. Ау райын зерттеу не үшін қажет ? 6. Ауа райын қалай болжайды ? 2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бүгінгі сабақта Жер мен Күннің арасындағы байланысын біліп,түсінетін боламыз. 3. Оқушылардан Күн мен Жердің байланысын қалай түсінетінін сұрау.

Сабақ ортасы

7 – 30 минут

(Ж, Т)Мектеп ауласындағы бақылау Жердің жыл ішіндегі Күнді айнала қозғалысын естеріңе түсіріңдер. Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігіне байланысты жыл ішінде күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы өзгеріп тұратынын білесіңдер. Мектеп алаңында гномонмен жүргізілген бақылау нәтижелері неғұрлым Күн көкжиектен жоғары тұрса, соғұрлым күн сәулелерінің түсу бұрышы үлкейе беретіндігін және түсу уақытының ұзара беретіндігін көрсетеді. Соған орай Күннен келетін жылу мөлшері де өзгереді. Күн сәулелері көлбеу түссе, жер бетін аз жылытады. Бұл Күннен ертеңгілік және кешке қарай келетін жылу мөлшерінің аздығынан айқын көрінеді. Күн сәулесі тіктеу түссе жер бетін көп қыздырады. Мұны түс кезіндегі жылу мөлшерінен-ақ байқауға болады. Оқушыларды сыртқа шығарып, көлеңкені бақылату. Көлеңке ойынын ойнату. – Өз көлеңкеңді қуып жетіп көріңдер. Сен көлеңкенікөтеріп қолыңа ұстай аласың ба? Көлеңкені қалай жоғалтып жіберуге болады? Не себепті жоғалып кетті? Көлеңке тәулік бойы бірдей бола ма, әлде өзгере ме? Қалай өзгереді? Не себепті бір заттың көлеңкесі ұзын және қысқа Анимациялық фильм «Ғаламға арналған диета.Пин-код» https://www.youtube.com/watch?v=Ngb9cWZAXgQ Дамытушы мультфильм «Ғарыш балалар үшін» https://www.youtube.com/watch?v=Km71OCO6vKw Ғарыш денелері туралы сайт http://blgy.ru/biology5/planet Шам,ақ мата,заттар,маркер,ватман

Оқу-ісі меңгерушісі: ________

болып өзгереді? (Ұ, қ) Көлеңке ойынын көрсетіп,нәтижелерді талқылаңыздар. Көлеңке күн мен жасанды жарық көздері бойынша қалай өзгереді екен? (Ұ) Күн мен Жердің байланысы туралы бейнематериал көрсету. Күннің жер бетіне түскендегі көлеңкенің пайда болуы туралы әңгіме жүргізу. (Ө) Күннің аспандағы орналасуы мен көлеңкенің өзгеруі туралы қорытынды жазыңыз. (Ұ, Т) Оқушылармен Күн біздің ғаламшарымызды қыздырмайтын болса, Жерге не болатыны туралы талқылаңыздар. Оларға өз болжамын сурет түрінде ресімдеуге шығармашылық тапсырма беріңіз. (Т) Сынып бөлмесіндегі жұмыс Бөлмені қараңғылап қол шаммен бірнеше заттарды пайдаланып, көлеңкенің түзілуін зерттету. А4 форматындағы картон парағынан экран жасап, заттардың көлеңкесін бақылау.

Заттар Қою көлеңке Әлсіз көлеңке Көлеңке жоқ Пайда болған көлеңкелердің пішіні мен көлеміндегі айырмашылықтарды өлшеп, оларды түсіндіру. ( Көлеңкенің қалай пайда болғанын түсіндіріп бер. Оны не тудырды? Ең үлкен және ең кішкентай көлеңкені не тудырады? Көлеңке пішіні мен көлемінің өзгеруін түсіндіріп бер.)

Сабақтыңсоңы

3 минут Сөйлемді аяқта. «Маған сабақта ..... оңай болды», «Маған сабақта ..... қиын болды».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі