жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жер мен ғарыш
Пән: математика Мектеп: №81 мектеп-гимназия ҰМЖ бөлімі: Санды және әріпті өрнектер Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Салимбаева С.К. Сынып: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Көбейту және бөлуге берілген теңдеулерді шешу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
2.2.2.2. Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді шешу |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Теңдеулерді шеше алады. Көптеген оқушылар: Белгісіз компонентті атайды. Кейбір оқушылар: Көбейту және бөлуге арналған қарапайым теңдеулерді құрай алады. |
Бағалау критерийлері: |
|
Тілдік мақсаттар |
Теңдеу, белгісіз компонент (көбейтіндінің мәні, бөліндінің мәні), теңдеудің шешуі |
Құндылықтарды дарыту |
Саралап оқыту барысында ынтымақтастық пен достыққа және ұлттық мәдениетті сыйлауға баулу |
Пәнаралық байланыстар |
Музыка. (ұйымдастыру және сергіту сәті кезеңінде әуен ойналады.) |
АКТ қолдану |
Интербелсенді тақта, бейнежазба |
Бастапқы білім |
Қарапайым теңдеуді шешуді біледі. Кубизм әдісі бойынша бастапқы білімдерін еске түсіру.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
12 мин
Сергіту сәті 3 мин
Сабақтың ортасы 7 мин
7 мин |
Ұяшық таңдау арқылы ұлттық аспаптардың аттарын атау (аспаптар туралы біледі, барлық аталған аспаптардың ұлттық музыкалық аспаптар екенін айқындайды) Ұлттық музыкалық аспаптардың суреттерін таңдап алып 4 топқа бөлу (сыни тұрғыда ойлану арқылы мозайка құрайды) «Домбыра» «Баян» «Сазсырнай» «Қобыз» Білу және түсіну Топтық жұмыс: «Кэрролл диаграммасы» Тапсырма: Парақшаның тапсырмасын оқып, кестені толтырыңдар
Дескриптор: 1. Өрнектерді оқиды. 2. Әріпті өрнектерді бөліп алады. 3. Теңдеулерді бөліп алады. 4. Кестені толтырады. Бағалау /Әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді, қызыл-жасыл, сары сигналдары арқылы бағалайды. / «Қуыр, қуыр, қуырмаш» видеотаспадағы қол қимылдарымен әуенге сәйкес іс-әрекет көрсету. /Оқушылар сергіп, көңіл-күйі көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады./ Қолдану Жұппен жұмыс. 1-тапсырма: Қасықтарды стақандарға тең бөліп сал. Теңдеу құрастыр. Дескриптор: 1. Қасықтардың санын анықтайды. 2. Стақандардың санын анықтайды. 3. Қасықтарды теңдей бөледі. 4. Теңдеу құрастырады. 2-тапсырмасы: Оқулықтағы №1 тапсырмалар бойынша теңдеу құрастыр. Дескриптор: 1. Өрнектерді оқиды. 2. Сурет бойынша теңдік құрастырады. 3. Теңдеуді шығарады. Бағалау: Смайлик арқылы Талдау және жинақтау Жекелей жұмыс. 1-тапсырмасы: Қалыптастырушы бағалауға арналған жеке тапсырмалар беріледі. Әр теңдеудің шешімін тап.
Дескриптор:
1. Белгісіз көбейткішті табуға берілген теңдеудің түбірін анықтайды; 2.Белгісіз бөлгішті табуға берілген теңдеудің түбірін анықтайды; 3.Белгісіз бөлінгішті табуға берілген теңдеудің түбірін анықтайды Бағалау: Жұппен тексереді.Өз-өздерін «+»,«-» әдісімен бағалайды. |
Интербелсенді тақта, ұлттық музыкалық аспаптардың суреттері, видеожазба
Кестелер, қима парақшалар, желім, қызыл, жасыл түсті сигнал карталары
Интербелсенді тақта, видеотаспа
20 қасық, 5 стақан, маркер, А-4 қағаз
оқулық, маркер, А-3 қағаз
ҚБ тапсырмалары, дәптер, интербелсенді тақта «+»,«-» әдісі |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин
3 мин
2 мин |
Кері байланыс
Рефлексия «Білімді ағаш»
Үйге тапсырма беру: 61-беттегі 5-есеп |
Баспалдақ
|
|||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Саралау барысында тапсырманың күрделілігіне байланысты жетекші сұрақ қою арқылы жоспарладым. қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі теңдеу құрастыруға арналған тапсырмалар бердім. |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Өрнектерді оқуын, әріпті өрнектер мен теңдеулерді ажыратып, кестені толтыруын, теңдеу құрастыру және шешімін табуын бағалауды жоспарладым.
|
Пəнаралық байланыста музыка пәнін таңдадым (ұйымдастыру және сергіту сәті кезеңінде әуен ойналды).
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері Қайшы және желімді дұрыс қолдану ережелерін таныстырдым.
АКТ-мен байланыс Интербелсенді тақта, бейнежазбаларды қолдандым.
Құндылықтардағы байланыс «Мәңгілік Ел» құндылықтарына сүйене отырып ынтымақтастық пен достыққа және ұлттық мәдениетті сыйлауға тәрбиеледім. |
|||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Оқу бағдарламасынан алынған мақсат нақты және шынайы.
Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді құрастырып, шешу жолдарын білді.
Сабақ барысында балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды және сабаққа белсенді қатысты.
Ұйымдасытыру кезеңіндегі «Ұяшық таңдау» және топтық жұмыста «Кэрролл диаграммасы» тиімді болды.
Мен уақытты тиімді пайдаландым.
|
||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? «Кэрролл диаграммасы» және сыни тұрғыдан ойлану табысты болды. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? «Ұяшық таңдау», «Кэрролл диаграммасы» және сыни тұрғыдан ойлану сабақты жақсарта алды. |
|||||||||||||||||||||
еңдік
пен теңсіздіктің қандай айырмашылығы
бар деп ойлайсың?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген