жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жер неге жылады?
Тобы: Ересек «Балдәурен»
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері
Тақырыбы: Жер неге жылады?
Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Воскобович» технологиясының элементі, т.б.
Көрнекілік: Су, балықтар, гүлдер, Жер ана, Жер шары, т.б.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі біздің оқу қызметімізді тамашалауға көптеген қонақтар келіпті. Қане, балалар, сәлемдесіп алайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!
Шаттық шеңбері
Армысың шапағатты – Күн ана!
Армысың қайырымды – Аспан ана!
Армысың мейірімді – Жер ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!
Здравствуйте, солнце золотое!
Здравствуйте, небо голубое!
Здравствуйте, ветер ветерок,
Здравствуйте, мой дружок!
Good morning gold sun!
Good morning biue sky!
Good morning wind breeze!
Good morning my friend!
Балалар, біз «Әлеумет» білім беру саласы бойынша, экология негіздерінен «Жер неге жылады?» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.
Тәрбиеші: Балалар, алдымызда тұрған стикерлер арқылы топқа бөлініп алайық. Ал, балалар, сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін үш тілде айтуларың керек, келістік пе?
Балалар: иә.
Бірінші – ақ түсті стикер алған топ балаларына:
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.
Бұл не?
Балалар: Ауа, воздух, air
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!
Екінші – көк түсті стикер алған топ балаларына:
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді?
Бұл не?
Балалар: Су, вода, water
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Үшінші – жасыл түсті стикер алған топ балаларына:
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Бұл не?
Балалар: Ағаш, дерево, tree
Тәрбиеші: Балалар, ауа, су, ағаш бұлар неге жатады?
Балалар: Табиғат құбылыстарына.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Табиғат дегеніміз не?
Балалар: Табиғат дегеніміз – бізді қоршап тұрған әлем. Біз оның бір ғана бөлшегіміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Табиғат нешеге бөлінеді?
Балалар: Екіге.
Тәрбиеші: Қане, кім атап береді?
Балалар: Өлі және тірі табиғат.
Тәрбиеші: Өлі табиғат дегеніміз не?
Балалар: Өспейді, қоректенбейді.
Тәрбиеші: Тірі табиғат дегеніміз не?
Балалар: Өседі, қоректенеді, көбейеді.
Тәрбиеші: Өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: тау, тас, су, ауа.
Тәрбиеші: Тірі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Адам, гүл, жан-жануар, аңдар, құстар, т.б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Неткен ақылдысыңдар. Балалар, тыңдаңдаршы? Мына бір дауыс шығып жатқан секілді. (Күн күркіреп, найзағай ойнаған дауыс шығады.Топқа Жер ана кіріп келеді.)
Балалар: Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кім болдыңыз?
Жер Ана: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен – Жер Анамын. Балалар, сендер мен туралы естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естідік.
Тәрбиеші: Иә, Жер ана сіз туралы біздің балалар біледі. Қане, балалар, Жер ана туралы не білеміз?
Балалар: Жерді біз «ана» дейтін себебіміз, жерде біз өмір сүреміз.
Тәрбиеиші: Жарайсың!
Балалар: Барлық адамзатқа қажеттіліктер жерден табылады.
Балалар: Жер біздің үйіміз.
Балалар: Біз жерде мекендейміз!
Жер Ана: Жарайсыңдар, балалар, сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер. Қасиетті туған жердің тау-тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат маған. Маған қымбат оның өзен-көлдері, мені жұпар ауасымен бөлеген, таза ауа сыйлаған табиғаты. Мен осыншама бағалауға бата алмайтын, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүйемін. Ал менің құнды байлықтарыма титтей де адамзаттан зиян тигенін қаламаймын. Балалар, бірақ менің бүгін көңіл күйім болмай тұр.
Балалар: Жер Ана, сізді кім ренжітті?
Жер Ана: Балалар, таң ұйқымнан оянсам, мына ағаштың екіге бөлініп жатқанын, құмырадағы гүлдің құлап жатқанын, балықтардың жерде сусыз жатқанын көріп, барлық көңіл күйім түсіп кетті. Сендерден көмек сұрағалы келдім. Маған көмек бересіңдер ма?
Балалар: Иә, әрине.
Тәрбиеші: Жер Ана, сіз уайымдамаңыз, менің ақылды балаларымның қолынан барлығы келеді. Сіздің бұл тапсырмаларыңызды жақсы орындап, көңіл күйіңізді де жадыратады.Олай болса, балалар, мен осы тапсырмаларды 3 топқа бөлейін:
«Ағаш» тобы: Сынған ағашқа ем жасап қалпына келтірейік.
«Ауа» тобы: Құлаған құмырадағы гүлді қайта отырғызайық.
«Су» тобы: Балықтарды өзінің мекеніне орналастырайық.
(Музыка қосылып тұрады. Балалар орындықтағы алжапқыштарын тағып, тапсырманы орындайды.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Жер Ана, қараңызшы, балалар тапсырмаңызды мұқият орындап шықты. Ал, балалар, тапсырма орындағанда нені түсіндіңдер?
«Ауа» тобы: Бізге гүл отырғызу тапсырылды. Өсіп тұрған жасыл өсімдіктер адамдарға таза ауа сыйлайды. Ауа өлі табиғатқа жатады. Барлық балалар осылай еңбек етіп, өсімдіктер, гүлдер өсіруі керек. Өсімдік, гүлдер бұл тірі табиғаттың бөлшегі.
«Су» тобы: Бізге балықтарды орналастыру тапсырылды. Балықтар суда мекендейді. Су астында балықтардан басқа сегізаяқ, дельфиндер, акулалар, спанжбобтар өмір сүреді.Су өлі табиғатқа жатады. Ал онда мекендейтін барлық балықтар тірі табиғатқа жатады.
«Ағаш» тобы: Бізге ағашты емдеу тапсырмасы берілді. Саз топырағы мен суды араластырып илеп алып, ағаштың сынған жеріне жақтық. Олай жасаған себебіміз, келер көктем шыққанда сынған жері бүршік ату үшін. Ағаш тірі табиғатқа жатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өлі, тірі табиғатты ажырата отырп, тапсырманы жақсы деген деңгейде орындап шықтаңдар. Олай болса, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Күн суытты далала,
Бұлт жабады аспанды.
Жапырақтар сыбдырлап,
Жерге түсіп қалады.
Сыбдыр, сыбдыр
Сыбдыр, сыбдыр
Күн суытты далада,
Бұлт жабады аспанды.
Жылы жаққа қайтадан,
Құстар ұшып барады.
Қиқу-қиқу
Қиқу-қиқу
Күн суытты далада,
Бұлт жабады аспанды.
Найзағайлар ойнақтап,
Сарт-сұрт етіп соғады.
Сарт-сұрт
Сарт-сұрт
Күн суытты далада,
Бұлт жабады аспанды.
Бұлттар келді тағы да,
Жаңбыр енді жауады.
Тырс-тырс
Тырс-тырс
Тәрбиеші: Жер Ана, балалардың тапсырмасы сіздің көңіліңізден шықты ма?
Жер Ана: Балалар, неткен ақылдысыңдар! Рақмет, сендерге. Риза болып тұрмын. Менің өтінішімді өте жақсы орындап шықтыңдар. Көңіл күйім көтеріліп қалды. Менің қуанғанымды көгімдегі күн көріп, мәз болып тұр, қараңдаршы. (Күн, бұлт жарқырап жанады, әуен ойнайды.)
Тәрбиеші: Жер ана, біздің сізге тағы сыйымыз бар. Балалар, міне, менің қолымнан «Үлкен жүректің» суретін көріп тұрсыңдар. Осындай жүректі барлығыңа таратамын. Жалпы «үлкен жүрек» - Адам анаға және Табиғат анаға ғана тән. Бұл дегеніміз сүйіспеншіліктің, аяушылықтың,
ізгілік пен парасаттылықтың белгісі. Енді сендер, Табиғат анаға деген тілектеріңді айта отырып, қолдарыңдағы ұстап тұрған жүрекшені (балдарға жүрек таратылады) Жер ананың құшағына ілейік. (Тәрбиеші бастап тілегін айтып жүрекшені іледі, балалар да кезекпен кезек іледі.)
Жер Ана: Балалар, сендерге көп рақмет! Мен енді өздерің сияқты жанашырларым барда еш мұңаймаймын. Балалар, менің сендерге сыйым бар. Бұл тапсырмаға толы кітаптарды тәрбиеші апайларың өздеріңе таратып береді. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, «Табиғат құбылыстары» дидактикалық ойынымызды ойнайық. Менің қолымда үш кітап тұр. Бірі өлі табиғат, тірі табиғат үшіншісі жыл мезгілдері. Сендерге тапсырма,Ағаш тобы – тірі табиғат, Су тобы – жыл мезгілдері, ауа тобы – өлі табиғат кітапшасын өзіне тән құбылыстармен толықтыру керек. (Балалар, тапсырманы орындап, түсінік береді.)
Тәрбиеші: Балалар, сендер жер, ауа, су, ағаш жалпы табиғат туралы мақал-мәтел білесіңдер ма? Қанекей, кім айтады?
Балалар:
1. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
2. Ағаш тамырынан су ішер.
3. Туған жердің ауасы да шипа.
4. Су – тіршілік көзі.
5.Судың да сұрауы бар.
6. Табиғат жер байлығы, батырлар ел байлығы.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші: Балалар, сендер Жер Анаға, Табиғат Анаға қай кездеде қамқорлықпен қарауларың керек. Біз өзіміздің анамызды қалай жақсы көрсек, Жер анамыз да сондай құрметке лайық.
Балалар, менің қолынан не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Жер шары
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бұл біз өмір сүретін, тірі және өлі табиғатқа толы жер ғаламшары. Жерді, табиғатты үнемі қорғап жүру мақсатында біз осы жер шарын алақандарымызбен қоршайық. Алдымызда тұрған ыдысқа оң қолымызды батырып, алақанымызға бояу тигіземіз де, жер шарына айналдыра қолымызды қойып шығамыз.
(Әуен ойнайды. Жер шарын айналдыра алақандағы бояумен басып шығады. Сулы майлықпен қолдарын сүртеді)
Тәрбиеші: Балалар, табиғатты аялау үшін нес істеуіміз керек?
Балалар:
Біз үнемі жерді қорғап жүруіміз керек.
Табиғатты ластамауымыз керек.
Ағаш, гүл өсіріп, ауаны таза ұстауымыз керек.
Құстарды, жануарларды атпауымыз керек.
Суды ластамауымыз керек.
Табиғатқа қоқыс тастамауыз керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер үнемі осы қалыптарыңнан таймай жүрсеңдер Жер Ана бізге үнемі риза болып жүреді. Балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене араласқандарың үшін сендерге құмырадағы гүлді сыйлайын. Сендер өз қолдарыңмен осы гүлді аялап мынандай үлкен (топтағы гүлді нұсқайды) гүл етіп өсіріңдер. Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметімізге қатысқан қонақтарымызбен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар! До свидания, Good bye.
Нағмет Самал
«Сырғалым» балабақшасының әдіскері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген