жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жер-ортақ үйіміз.
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 31
Мұғалімі:
Сыныбы: 3
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Жер - біздің ортақ үйіміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, достық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға жер – біздің ортақ үйіміз екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
Сабақтың барысы:
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену».
1. №30 – сабақ. Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №31, «Жер анамыз» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Жерді не үшін қадірлеп күту керек? 2. «Жер – асыраушы анаң» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. «Жер жомарт» деп неліктен айтады? 4. Өзің жерге қамқорлығыңды қалай көрсетер едің? |
|
Туған жер алтын бесік, асыл анам. Ғ. Қайырбеков Сұрақтар: 1. Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады? 3. Табиғаттан қандай әсер аласыңдар? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Балалар, Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Сондықтан, әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп, оған қамқорлықшы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады. |
|
Жер – біздің ортақ үйіміз
Жер басып жүрміз, бәріміз, Ол біздің ортақ үйіміз. Мәңгілік келген сәніміз, Табиғат берген сыйымыз.
Бұзбасын ешкім сәнімізді, Жүректе нала қалмасын. Ауыртып менің жанымды, Үйімде соғыс болмасын!
Жер басып жүрміз бәріміз, Ол біздің ортақ үйіміз. Әуелеп шықсын әніміз, Күмбірлеп шықсын күйіміз.
Көбейсін тойлар елімде, Даламыз нұрмен көгерсін. Кіршіксіз ашық көгімде Шарықтап ұшсын көгершін. Күн төккен ғажап шуаққа, Жайсыншы сәби алақан. Болсыншы нұрға бала таң, Атсыншы күліп жаңа таң.
Көк белдің кешіп шалғынын, Көктемнің көріп жаңбырын, Сіміріп өстім таң нұрын, Ризамын саған, тағдырым!
Шаттыққа шексіз бөленіп, Адамға сенсін бүгін ел. Жақсылықпенен көгеріп, Дөңгелей берсін жұмыр жер.
Сұрақтар: 1. Халықта «Жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр» деп айтып жатады, осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойларыңмен бөлісіңдер. 2. Өз Отанымызға, туған жерімізге риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіреміз? 3. Сендер жер-ананы қалай аялап жүрсіңдер? 4. Туған жерді көркейтуге қандай үлес қосып жүрсіңдер? |
|
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: Алдарыңыздағы суреттерден табиғаттың әсем көрінісін жасайық. |
|
5. Топпен ән айту. Р.Әлқожаның әні: Атамекен Түп-түгел
төрт құбыламды түстік етіп,
Мен
сендік азаматтық сертімменен Қайырмасы: |
|
1. №31 – сабақ. Оқулықта берілген 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №32, «Ақ гүл» мәтінін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген