400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Жер-ортақ үйіміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттецтация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

№: 31

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Жер - біздің ортақ үйіміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, достық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға жер – біздің ортақ үйіміз екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға табиғаттағы бәрін жақсы көруді үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №30 – сабақ. Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №31, «Жер анамыз» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Жерді не үшін қадірлеп күту керек?

2. «Жер – асыраушы анаң» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. «Жер жомарт» деп неліктен айтады?

4. Өзің жерге қамқорлығыңды қалай көрсетер едің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

Туған жер алтын бесік, асыл анам.

Ғ. Қайырбеков

Сұрақтар:

1. Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?

3. Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Балалар, Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Сондықтан, әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп, оған қамқорлықшы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жер – біздің ортақ үйіміз


Жер басып жүрміз, бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Мәңгілік келген сәніміз,

Табиғат берген сыйымыз.


Бұзбасын ешкім сәнімізді,

Жүректе нала қалмасын.

Ауыртып менің жанымды,

Үйімде соғыс болмасын!


Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Әуелеп шықсын әніміз,

Күмбірлеп шықсын күйіміз.


Көбейсін тойлар елімде,

Даламыз нұрмен көгерсін.

Кіршіксіз ашық көгімде

Шарықтап ұшсын көгершін.

Күн төккен ғажап шуаққа,

Жайсыншы сәби алақан.

Болсыншы нұрға бала таң,

Атсыншы күліп жаңа таң.


Көк белдің кешіп шалғынын,

Көктемнің көріп жаңбырын,

Сіміріп өстім таң нұрын,

Ризамын саған, тағдырым!


Шаттыққа шексіз бөленіп,

Адамға сенсін бүгін ел.

Жақсылықпенен көгеріп,

Дөңгелей берсін жұмыр жер.


Сұрақтар:

1. Халықта «Жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр» деп айтып жатады, осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

2. Өз Отанымызға, туған жерімізге риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіреміз?

3. Сендер жер-ананы қалай аялап жүрсіңдер?

4. Туған жерді көркейтуге қандай үлес қосып жүрсіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

 Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Алдарыңыздағы суреттерден табиғаттың әсем көрінісін жасайық.


5. Топпен ән айту.

Р.Әлқожаның әні:

Атамекен

Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түстес
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет



Мен сендік азаматтық сертімменен 
Дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
Мен сенің серпілмеген күніңе де 
Қараймын кереметтей серпінменен .
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

Бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
Тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын 
Кететін сенен шығып, саған сіңіп .

Қайырмасы:


  1. Үйге тапсырма

1. №31 – сабақ. Оқулықта берілген 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №32, «Ақ гүл» мәтінін оқып келу.


7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі