Материалдар / Жер-ортақ үйіміз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жер-ортақ үйіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер- біздің ортақ үйіміз,біз жеріміздің айалап,құрметтеп қадыртүту керексіз.жер біздің екінші анамыз.Біз әрқашан жеріміды қорғай білуіміз керексіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2022
242
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

-1-

МАЗМҰНЫ
Эссе қорытындысын қалай жазу керек?........................................................ 3
1. Эссенің қорытындысы мен кіріспесінің байланысы қандай? ............. 4
2. Қорытындыдағы сөйлемдерді қалай орналастыру керек?................... 6
3. Негізгі тезисті не үшін қайталау керек?.....................................................8
4. Қорытынды және эссе финалы: екеуі бір нәрсе ме?...............................9

-2-

ЭССЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?

Эссенің қорытындысы мен кіріспесінің байланысы қандай?
Қорытындыдағы сөйлемдерді қалай орналастыру керек?
Негізгі тезисті не үшін қайталау керек?
Қорытынды және эссе финалы: екеуі бір нәрсе ме?
ГЛОССАРИЙ:
кіріспе – эссенің құрылымдық элементі, мазмұнның басты элементтері сөз
етілетін бөлігі: тақырыптың өзектілігі, негізгі тезис.
кіріспенің құрылымы – кіріспе бөліміндегі сөйлемдердің орналасуы мен
сәйкестігі, эссенің басты мақсатына қол жеткендігі туралы нақты айтуға
мүмкіндік беретін бөлігі.
кіріспе элементтерінің қызметі – белгілі бір мақсаттың орындалуы:
алғы сөз – оқырманның назарын аударту; дефиниция – тірек сөзді анықтау;
тезис – мәтіннің негізгі идеяларының көрініс беруі; «көпір» – мәтіннің
байланыстылығын / бір қалыптылығын қамтамасыз ету.
қорытынды – эссенің құрылымдық элементі, мәтінді аяқтайтын соңғы
абзац.
қорытындының құрылымы – кіріспедегі сөйлемдердің орналасуы мен
арақатынасы, мақсатқа қол жеткізгендігін дәлелдейтін бөлігі.
қорытынды элементтерінің қызметі – белгілі бір мақсаттың орындалуы:
алғы сөз – оқырманның назарын аударту; қайталау – эссенің негізгі тезисін
қайталау; соңы – мәтіннің аяқталғаны мен бірбүтіндігін қамтамасыз ету.
ТЕОРИЯ: Төртінші сабақта мыналарды білеміз:






Эссенің кіріспесі мен қорытынды бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Қорытындыда сөйлемдерді орналастыру тәртібі.
Қорытындыда эссенің негізгі тезисін қайталау.
Эссенің соңғы сөйлемін жазу, оның маңызы.
Мәтіннің аяқталғандығы және бірбүтіндігіне қол жетті ме?

-3-

1. ЭССЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН
КІРІСПЕСІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ ҚАНДАЙ?

Төртінші сабақта мәтіннің құрылымдық элементі ретінде кіріспе мен
қорытындының байланысын анықтап алу қажет.
«Білім алушылардың психологиялық бейімделуін қалайша тиімді етуге
болады» тақырыбына жазылған эссенің екі үзіндісін (А және В) салыстырып
қарайық. Ондағы (А) үзіндісі кіріспе, ал (В) үзіндісі қорытынды бөлім
екендігін бірден аңғаруға болады.

А

В

Кез келген адам үшін өзінің
жайлы аймағынан шығып, ересек
әлемге әйтеуір бір қадам басатын сәт
туындайды. Әдетте, бұл адамдар –
басқа мектепке ауысқан оқушылар
болуы мүмкін. Оқушылар өздерінің
үйреншікті қоғамы, социумы мен
ортасын өзгертуге бейім келеді.
Психологиялық
бейімделу

адамның қоғамда қалыптасқан
нормаларға бейімделу қабілеті.
Осы
кезде
психологиялық
бейімделу мәселесі туындайды,
алайда әр адамға ол әртүрлі
сипатта өтеді: яғни адамның
үйді қаншалықты жиі тастап
кетіп
отыратынына,
басқа
адамдармен тіл табыса алуына
және таныса алуына байланысты.
Оқушылардың бейімделу кезі
ешқандай қиындықсыз өтуі үшін
не істеу керек? Меніңше, көпшілік
тренингтер
ұйымдастырып,
салауатты өмір салтын ұстану
керек

Эссені қорытындылай келе,
психологиялық
бейімделу

бүгінгі таңда ең өзекті мәселе
болып
табылатынын,
себебі
оқушылар – елдің болашағы, ал
олардың қоғамда бейімделуі
үлгеріміне тікелей әсер ететінін,
бұндай
жағдайда, оқушылар
білімді қажетті деңгейде ала
алмайтынын
айтқым
келеді.
Қазақстандағы
көпшілік
мектептер бейімделу аптасын
ұйымдастырып,
оқушылардың
бір-бірімен әрі жаңа мектеппен
жақынырақ
танысуы
үшін
табиғатқа серуенге шығарып
отыруды
әдетке
айналдыра
бастаған. Осылайша, біздің еліміз
оқушылардың
психологиялық
бейімделуі сәтті жүзеге асуы үшін
барлық жағдайды жасауда.

«Қорытындылай келе» тіркесі эссенің қорытынды бөлімінің фразалық
тіркесі екені белгілі. Алайда, біз үшін эссенің қорытынды абзацын жазып қана
қоймай, оның ережелерге сай жазылуы маңызды болып табылады.
-4-

Кіріспе құрылымын еске түсірейік. Онда мәтін құрылымы белгілі бір
қызмет атқаратын сөйлемдердің тізбегін анықтайды.
Кіріспенің құрылымы

-

-5-

1-ТҰЖЫРЫМ:
эссенің әрбір құрылымдық элементі белгілі бір алгоритм бойынша
жазылуы керек. Осылайша, эсседегі сөйлемдердің тізбегі белгілі бір
функцияға бағынады.

2. ҚОРЫТЫНДЫДАҒЫ СӨЙЛЕМДЕРДІ
ҚАЛАЙ ОРНАЛАСТЫРУ КЕРЕК?
Қорытындағы сөйлемдердің жазылу мақсатын мына кестеден көруге
болады:

Осындай мәтіннің негізі – белгіленген схемаға бағыну, яғни
қорытындының қалыпқа түсірілуі. Бұл қорытынды эссенің қорытынды
бөлімінің жазылуына тән ережелерге сәйкес жазылған. Бұл ережені былай
берсе болады:

-6-

Эссенің қорытындысының құрылымы

Мәтіндегі сөйлемдер саны мәтіннің көлемін анықтайды. Автор үшін
эссенің көлемі ғана маңызды емес. Эсседе автор оқырманды/сарапшыны
жалықтыратын өте ұзақ және іш пыстырарлық сөйлемдерді пайдалануға
емес, абзацтардың арасындағы байланысқа аса назар аударуы керек.

2-ТҰЖЫРЫМ:
қорытынды көлемі кіріспе көлемінен (4-5 сөйлем) аз болмауы керек.
Онда мына ережелер сақталуы керек: тезисті өз сөзімен қайталау;
тұйықтаушы сөйлемнің (соңғы сөйлем) болуы;
жақсы құрылған
қорытынды мәтіннен алынатын жалпы әсер мен эссе мақсатына жетуге
мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, кестеден қорытындының бір ғана сөйлемнен тұра
алмайтындығын (құрылымы жағынан күрделі құралас сөйлем болса да) көруге
болады, сондықтан қорытынды үш немесе төрт сөйлеммен жазған дұрыс
болады. Осы бөлімдегі сөйлемдердің максималды саны түбегейлі шектеле
алмайды, алайда автор аргументті эссе жазу кезінде эссенің бөлімдері
арасындағы қатынасты сақтаудың маңызды екенін ескеру керек.

- 7-

3-ТҰЖЫРЫМ:
Эссе бөлімдерінің арасындағы қатынасты сақтау үшін қорытынды
бөлімде сөйлемдердің саны да өте маңызды.

3. НЕГІЗГІ ТЕЗИСТІ НЕ ҮШІН ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК?

Автор қорытынды бөлімге кіріспес бұрын осы мәтіннің нақты
ұқрылымдылығын ескеру керек.
«Оқушылардың психологиялық бейімделуін қалайша тиімді етуге болады?»
Қорытындыны ұйымдастыру заңдылығына бақылау жасай аламыз ба?
Қорытындыны жазу үшін нақты нұсқаулықты сақтау керекпіз бе әлде эссенің
қорытындысы еркін композицияға құрыла ала ма?
Эссені қорытындылай келе, психологиялық бейімделу – бүгінгі таңда
ең өзекті мәселе болып табылатынын, себебі оқушылар – елдің болашағы,
ал олардың қоғамда бейімделуі үлгеріміне тікелей әсер ететінін, бұндай
жағдайда, оқушылар білімді қажетті деңгейде ала алмайтынын айтқым
келеді. Қазақстандағы
көпшілік
мектептер
бейімделу
аптасын
ұйымдастырып, жаңадан келген оқушылардың бір-бірімен әрі мектеппен
жақынырақ танысуы үшін табиғатқа серуенге шығарып отыруды әдетке
айналдыра бастаған. Осылайша, біздің еліміз оқушылардың психологиялық
бейімделуі сәтті жүзеге асуы үшін барлық жағдайды жасауда.
Түсініктеме:
Біріншіден,
қорытынды
жатыс
септігіндегі
құрылымдардан басталғаны дұрыс (Қорытындыда / Эссенің
қорытындысында / Өз эссемнің қорытынды бөлімінде), сөйтіп
оқырманның назарын аудару керек. Қорытындыда сөзі – қыстырма
сөз емес, сондықтар оны үтірмен бөлудің қажет жоқ (оқушылар эссе жазуда
осы қатені жиі жіберіп отырады). Бұл сөз – мәтіннің бір бөлігі, жатыс
септігінде тұрған сөз ғана. Салыстырыңыз: басында – эссенің басында, негізгі
бөлім – эссенің негізгі бөлімінде. Бұл формаларды эссенің қорытындысында
формасынан айырып алу керек.

-8-

Өз эссемнің қорытынды бөлімінде айтарым: психологиялық бейімділікті
тиімді етудің жолдарын іздеу барысында осы эсседе таңдалған тәсілдер
нәтижеге қол жеткізуге сеп болады деп сенемін.
Сондай-ақ, автор болымды сипаттағы сөз тіркестерін қолданады
(салыстырыңыз: қол жеткізуге сеп болады).
Екіншіден, қорытынды бөлімде кіріспеде сөз етілген негізгі идея тағы бір рет
қайталануы тиіс (жартылай қалың курсивпен эссенің аргументі көрсетілген).
Қазақстан оқушылары ғана емес, бүкіл әлем оқушылары бетпе-бет кездесіп
отыратын кедергілерді жоғары сыныптың (1) физикалық, психологиялық
және виртуалды қолдауы арқылы жеңуге болады. Яғни әлеуметтік желілер
(2) арқылы ғана емес, оқушылардың өз қалауымен (3) бір одаққа топтастыру
арқылы көмек беруге болады.

4. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ЭССЕ ФИНАЛЫ: ЕКЕУІ БІР НӘРСЕ МЕ?

Үшіншіден, түйіндеме бөлімі тірек сөздерден (болашақта) басталады.
Бұл әрине, позитивті көңіл-күйді тудырады (оқушылардың бейімделуіндегі
қиындықтарды жеңуге болады), ал эссенің қорытындысы – оқушылар
болашақта елдің құрметті азаматы болып, Қазақстанның гүлденуіне
септігін тигізе алары хақ.
Болашақта қоғамның өзі туындаған жағдайды жақсартуға көңіл бөлсе,
оқушылардың бейімделуіндегі қиындықтарды жеңуге болады. Мектеп
өміріне психологиялық бейімделген және өмірдің қиыншылықтарына дайын
оқушылар болашақта елдің құрметті азаматы болып, Қазақстанның
гүлденуіне септігін тигізе алары хақ.
Тірек сөз турасында айтсақ, эссе үшін олар тақырып пен мазмұнның
сәйкестік өлшемі болып табылады. Сондықтан, тірек сөздерге немқұрайлы
қарауға болмайды. Эссені жазбас бұрын, тірек сөздер өрісін құрып алу
керектігін жазғанбыз (бұл эссенің тақырыбымен байланысты сөздер тобы).
Сөздер тобын алдын ала болжамдауға болады, олар – әрі оқытушы, әрі
оқырман үшін маңызды: эссені жазу барысында автор жиһаз, жиһаз өндірісі,
фурнитура секілді сөздерді қолданбасы анық.

-9-
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!