15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жер ортақ үйіміз",1-сынып.Сабақ жоспары.
«Өзін -өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп:№139
Мерзiмі:14.052018;16.05.2018
Мұғалiмі: М.С.Ерғазиева
Сынып:1 «А,Ә,Б,В»
Тақырып: № 32 «Жер ортақ үйіміз»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мәдениеттілік, кішіпейілділік, қамқорлық.
Мақсаты: «Жер ортақ үйіміз» тақырыбын оқушыларға айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
|
Ресурстар:(түрлі-түсті бояулар,парақтар, әуен,магниттер,) |
1.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Амандасу |
2мин
|
-5 «Т» сақталуы Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық
|
1мин
|
-Топқа бөлу: «Достық» тобы «Татулық» тобы |
1мин
|
2.Жалпыадамзаттық құндылықтар: Оқушылармен бірге дауыстап қайталау. ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау |
1мин |
3.Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы айтқан бір сөзіне тоқталып өту. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан. Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
|
2мин |
4.Үй тапсырмасын тексеру:140-бет,оқу |
5мин |
5.Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты татулық,достастық жайлы бейнежазба көрсету. Бейнежазбаны оқушылармен бірге талқылау.
|
5 мин |
6.Жаңа тақырып Жағымды ой-пікір:Дәйексөз «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»Абай Құнанбаев
- Берілген дәйексөзді оқушылар 3 рет қайталап оқиды.Бәрі бірге,ұлдар бір бөлек,қыздар бір бөлек. - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауабын тыңдап, қорытындылау. Дәйек сөздің авторы қазақтың ұлы ақыны,ағартушы,философ,композитор,саяси қайраткер Абай Құнанбаев атамыз. Ол кісі 1845 жылы,10-тамызда дүниеге келген.1904 жылы 6-шілде де,58 жасында өмірден өткен. Ал енді балалар,осы Абай атамыздың қандай өлеңдерін,шыгармаларын білесіздер? |
3мин |
7.Кітаппен жұмыс, дәптермен жұмыс
1-тапсырма бойынша оқушылар дәптердегі суретті бояйды.Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады. 2-тапсырма оқушылар бүкіл әлем балаларына арнап жақсы сөз,жылы тілектерін дәптерге салынған ағаш жапырақтарына жазады.
|
7 минут |
8.Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс.(дайындыққа 5 мин) «Табиғат адамзатқа аманат» атты баяу музыка ойнап тұрады. 1-топқа тапсырма:Оқушылар сабақтарда алған білімдерін жинақтап,тиянақтап,әлем балаларын қандай құндылықтар мен қасиеттер біріктіретінін жазады. 2-топқа тапсырма: Оқушылар жер шарында тұратын балаларға өз достығын білдіріп,хат жазады. |
7 мин
|
9. Сергіту сәті: Топпен
ән айту:
«Табиғат
кінәсыз өзіне сен..»
әнін орындау
|
3 мин
|
10.Үйге тапсырма:144-бет |
1 минут
|
11.Кері байланыс:Оқушылар «бас бармақ» әдісімен өтілген сабақтан алған әсерлерін білдіреді. |
1минут |
12.Сабақтың қорытынды сәті:Сабақты құндылықпен байланыстыра отырып қорытындылау. Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді ойға түйіп, жақсы қасиеттерді жүрегімізге сіңіріп,қандай жағдай болмасын,бір-бірімізден сүйіспеншілігімізді аямай,достық,сыйластық қарым-қатынаста болуға тырысайық. Рахмет! Сау болыңдар. |
1 минут |
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген