15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жер шарындағы климаттық белдеулер.Климат қалыптастырушы факторлар
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Геогафия |
Күні: Сыныбы: 7 |
Сағат реті № 8 |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
§ 8 Жер шарындағы климаттық белдеулер.Климат қалыптастырушы факторлар |
||||||||||
|
Сілтеме |
Материктер мен мұхиттар географиясы. 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова Б. §8,35-39б. |
||||||||||
|
Мақсаты |
Мақсаты: білімділік: Оқушыларды жер шарында таралған климаттық белдеулермен таныстырып, олардың бір – бірінен айырмашылығын қарастыру. Жер беті климаты туралы білімдерін жан-жақты кеңейту, оқушыны алған білімін қорытып, өз ойын толық жеткізіп, кезеңдерге бөлуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру. дамытушылық: Оқушылардың география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру. тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, географиялық оқиғалар, құбылыстар, география даму кезеңдері бойынша нақты әрі жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу. |
||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау, дарынды оқушыны үлгі етеді, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады. |
||||||||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді меңгерту сабағы |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Физика, география т.б пәндер. |
||||||||||
|
Қолданылатын әдістер |
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну «ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы «Есімдерді атау»,«Ой толғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам»,« Жоба қорғау технологиясы», ой толғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау. |
||||||||||
|
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар |
Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, флипчарт, стикер, маркер т.б. |
||||||||||
|
Сабақтың барысы: |
|||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||||||
|
Кіріспе
|
2 мин
3 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Сабақтың тақырыбын жариялау. Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу Топқа бөлу. Сыныптың оқушыларына төңкерілген үлестірме қағаздарды тарату, онда «тропиктік белдеу», «экваторлық белдеу», «қоңыржай белдеу», «арктикалық белдеу», аттары жазылған, төрт топқа оқушыларды бөлу. Психологиялық ахуал туғызу. Әрбір климаттық белдеуді сипаттайтын бір сөз айту Кіріспе сұрақ: Жер шарында қанша климаттық белдеу бар? Анықтаушы сұрақ:Жер бетінде таралған климаттық белдеулер қаншаға бөлінеді? Нақтылаушы сұрақ:Қай климаттық белдеу жер шарынын қай аумағын алып жатыр? Тікелей сұрақ:Климатты қалыптастырушы факторлар? Түсінік беруші сұрақ: Климаттық белдеулер әсерінен жер бетінде қандай географиялық обьектілер пайда болған? Ассоциацияларың: географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері, мұхит ағыстары Жабық сұрақ:Жер шарындағы климаттық белдеулер нешеге бөлінеді?13 (Экватолық белдеу, субэкваторлық белдеу, тропиктік белдеу, субтропиктік белдеу, қоңыржай белдеу, субарктикалық және субантарктикалық белдеу, арктикалық және антарктикалық белдеу) Ашық сұрақ:Климат қалыптастырушы факторларды қалай түсінесіңдер? |
Оқушылар үлестірме қағаздағы атауларға байланысты бір-бірін сынып ішінде тауып, топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Топтағы оқушылар бір-біріне үстел үстіндегі мұғалім дайындап қойған А -4 қағазындағы мәліметтерді бәрі қосылып айтады.
Әр топтан жауап сұрау, оны интерактивті тақтадаға флипчартқа жазу. |
||||||||
|
Тұсаукесер. (POWER POINT)
|
3 мин |
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Климаттық белдеулер туралы слайд интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды. -Балалар, бұл қай белдеу түріне жатады? -Дұрыс айттыңдар, экваторлық белдеу -Оны қандай белгілерден байқадыңдар? -Олай болса, бүгін біз сабақта климаттық белдеулер туралы тереңірек танысамыз. |
|
||||||||
|
Негізгі бөлім: Білу
|
5 минут |
Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов жер шарында бір – бірінен температуралық жағдайы және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан. Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді.Өтпелі белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. |
1.Оқулықпен жұмыс, 35,36,37,38,39 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша климаттық белдеулер туралы туралы конспект жазып алады. |
||||||||
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау. 1.«ПАЗЛ» әдісін қолдану. Сынып ішіндегі ортадағы үстелде төрт топқа арналған тапсырмалар жатыр. Олар түрлі-түсті қағаздарға жазылған. «Көк» түс-Экваторлық белдеу; «Қызыл» түс-Тропиктік белдеу; «Сары» түс-Қоңыржай белдеу; «Жасыл» түс-Арктикалық белдеу; 2.Оқулықпен жұмыс. Мұғалім оқулықтың 38 - бетіндегі мағлұматтарды, берілген түрлі материалдарды талдайды. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізеді. |
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы климаттық белдеулер туралы жалпы түсінік береді. Әр топтағы оқушылар кезегімен өз топтарына берілген түске қарай, ортадағы үстелден тапсырманы өз тобына әкеліп,(климаттық белдеулерге қатысты байланысты) түйін сөздерді мағынасына қарай жинайды.
|
||||||||
|
Қолдану |
5 минут
|
Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.ЭО – пен (электронды оқулық) жұмыс Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.
Қосымша № 1. |
Оқушылар ЭО- тағы тапсырмаларды орындайды. Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды. Егер қатесіз болса, «5»; 1 қате – «4» 2 -3 қате «3» қойылады. |
||||||||
|
Талдау
|
5 минут |
Мақсаты: Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру. 1.«Әрбір климаттық белдеу қанша градус бойында орналасқан?». 2. «Климаттық белдеудің негізгі тобына қандай белдеулер жатады?». 3. «Әрбір материк аумағын кесіп өтетін белдеулерге жеке – жеке талдау жасату». «Ойтолғаныс» кезеңі. |
Бұл жаттығу арқылы оқушылар қатысты жауаптарды тауып, талдайды. |
||||||||
|
Жинақтау
|
8 минут |
Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау «Климатты қалыптастырушы факторлар» -
Географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы |
Оқушылар кластерді топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды. |
||||||||
|
Қорытынды Рефлексия |
6 минут |
1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру. Үлгісі интерактивті тақтада беріледі. 2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
|
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады) 2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
||||||||
|
Үйге тапсырма |
1минут |
§8» оқу. 2-тапсырманы дәптерге орындау; Контур картаға климаттық белдеулерді түсіріп келу.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
||||||||
|
Бағалау |
2 минут |
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. |
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. |
||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген