400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жер сфералары дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:30.01.2019 ж

Сынып: 3 «А»

Мектеп:№63мектеп – гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Назым

Қатысқандар саны:27

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Жер сфералары дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Көптеген оқушылар: жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

Кейбір оқушылар: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Бағалау критерийлері

жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сфералар, биосфера, литосфера, гидросфера, атмосфера.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер сфералары неден құрылған?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Еркін талқылау» Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін.

  • Адамдар егін шаруашылығымен не үшін айналысады?

  • Қазіргі егін шаруашылығын бұрынғы егін шаруашылығымен салыстырады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




«Еркін талқылау» сұрақтары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Оқушылар берілген ресурс бойынша түсінгендерін айтып шығады.

Жер сфералары неден құрылған?


ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)


Дескриптор:

  • жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

  • жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

  • жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зертте.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.


Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Сергіту сәті

«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім ағашы»

Білім ағашына жапырақтар ілу

Түсіндім –жасыл жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ, түсінбедім – қызыл жапырақ.








Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



«Плюс, минус, қызықты» тапсырмаларға арналған кестелер




Білім ағашының суреті, стикер.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу







































Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

3-бөлім. «Заттар және олардың қасиеттері.Табиғи ресурстар.»

Күні:23.01.2019

Сынып: 3 «А»

Мектеп: № 63 мектеп – гимназия

Мұғалімнің аты-жөні :Исина Назым

Қатысқандар:27

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Топырақ қандай болады?



Оқу мақсаттары

3.3.4.3 - топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

Сабақ мақсаттары

Топырақтың құрамы туралы түсінік қалыптастыру. Топырақтың құрамын зерттеп анықтау.

Бағалау критерийлері

Топырақтың негізгі қасиеттерін біледі.

Топырақ түрлерін ажыратады.


Сөздік қор

Табиғи ресурстар, топырақ, құм, саз, өсімдік пен жануарлардың қалдығы, су, ауа, қара топырақ, сазды топырақ, құмайт топырақ, т.б.сөздер мен терминдерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім


2 - сыныпта табиғи ресурстар туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут










(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.

(МК, Ұ) «Кім тапқыр?» сөз құрастыру

Мақсаты:Cабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады.

А Қ Т О Ы Р П

-Қандай сөз шықты?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерді анықтау.

Презентация



Қима әріпт ер










Сабақ ортасы

5 минут









5 минут










10 минут








































10 минут

(МК, Ұ) «Ойлан.Бірік.Бөліс»стратегиясы

Мақсаты:Топырақ туралы өткен сабақта алған білімдерін қайталап, қайта жаңғырту.

-Балалар, топырақ дегеніміз не?

-Топырақ туралы не білеміз?

-Топырақтың қандай маңызы бар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/



(Ө,Ж,Қ)Тізбек құру

Мақсаты:Топырақтың жанды табиғат үшін маңыздылығы мен рөлін жайлы білімдерін анықтау.


ТShape2 Shape3 Shape4 ОПЫРАҚ .............. .......... ...........


Оқушылар топырақпен байланыстырып, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін тізбек құру арқылы көрсетеді.Жұптар бір- бірімен құрған тізбектерімен ауысады.Бір-бірін тексереді, бағалайды.


(Ө,Ж)Сәйкестендіру стратегиясы

Мақсаты:Топырақтың қасиеттері жайлы білімдерін анықтау, қайта жаңғырту.

Тапсырма:Топырақ атаулары мен қасиеттерін анықтап, сәйкестендіріп сызыңдар.






Құмайт топырақ


Бұл топырақтың құрамында жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы (шірінділер) көбірек болады.Сондықтан ол борпылдақ,құрамында ауа көп болады, суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіреді.




Қара топырақ

Бұл топырақтың құрамында саз көп байқалады, сондықтан оның түсі сарғыш.Бұл топырақ суды өткізбейді, оның құрамында ауа аз болады.

Сазды топырақ

Бұл топырақтың құрамында құм көп байқалады. Сондықтан оның түсі қоңыр.Бұл топырақ суды өте тез өткізеді




























Оқушылар өздігінен тапсырманы орындап болған соң жұбымен ауысады, тексереді, дескриптор арқылы бағалайды.

Дескрипторлар

Балл

Құмайт топырақтың қасиетін анықтайды

1

Қара топырақтың қасиетін анықтайды

1

Сазды топырақтың қасиетін анықтайды

1

Максималды балл саны

3


(МК)Аудиожазбаны тыңдау«Топырақ туралы»

Мақсаты:Аудиожазбаны тыңдау арқылы топырақ туралы қосымша мәлімет беру.



Суреттер











Үлестірме парақтар

































































Бейнежазба

i.mektep.kz

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

-Бүгін сабақта ...... білдім.

-Маған ...... қиын болды.

Өздерін бағалау

«Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.


Үйге тапсырма:Гүлдерді баптау барысында топырақты зерттеу, гүлдің өсуіне жағдай жасау.

Стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың топырақ құрамы мен түрлерін зерттеу барысында жасаған қорытындыларынан білімдері бағаланады



Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

































Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5


Сабақ: Ғылымға кіріспе

4-бөлім. Жер және Ғарыш

Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт

Мектеп: № 63 мектеп – гимназия

Күні:15.02.2019

Мұғалімніңаты-жөні :Исина Назым

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:27

Қатыспағандар:0

Сабақтақырыбы

Ғарышты игеру тарихы

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақмақсаттары

Барлықоқушылар білу керек:

  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды.

Кейбіроқушылар:

  • Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері

  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

  • Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады.

  • Жүргізілген бақылау нәтижелерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеп таба алады.

Тілдікмақсаттар


Оқушылар:

Жүргізілген бақылау нәтижелерінтүсіндіре алады және сұрақтарға жауап береді

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Ғарыш дегеніміз не?

  • Қазақстан ғарышкерлерін білесің бе?

  • Қазақстан жеріндегі қандай ғарыш айлағын білесің ?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны тани білу, зерттеу, қорытынды жасау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетанупәнімен байланыс көлеңкеге бақылау жүргізу барысында. Бейнелеу өнері пәні топтық жұмыстар барысында сурет салуда.

Алдыңғы меңгерілген білім


Жер мен Күннің байланысы

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1 – 7 минут

(Ұ)

1.Психологиялық дайындық.

«Армысың, ару күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі сабақта ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгіме жүргіземіз.

3. Оқушылардан Ғарыш туралы не білетінін сұрау. (ақпараттарды жазып шығу) Өткен сабақпен байланыс орнату мақсатын Жер мен Күннің байланысы туралы сұрақтар қою.

4. Ғарыш туралы бейнеролик көрсету.

Презентация ,

https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ

Сабақ ортасы

7 – 30 минут


(Ж, Ұ) Оқушылардан өздерін оқушы емес, саяхатшы, ғарышкер ретінде сезінуін сұраңыз. Ғарыштың небір қызық сырларына үңілу үшін түрлі-түсті «Жорық картасын» алады. Оқушылар алдын ала алдарына ілінген зымырандағы тапсырмаларды алып, деректер қоры бойынша жұпта талқылайды. Зымыранның әр қанатына материалдар оралған.

(Т) Топта бірге келесі сұрақты талқылайды: Ғарыш әлеміне бірінші ұшқан кім? Қандай ірі ғарыштық аппараттар бар? Қазақстандық ғарышкерлер кім?

(Ұ) Байқоңыр ғарыш айлағы- адамзаттың 1-ғарыш айлағы екендігі, одан «Восток», «Восход», «Союз», «Салют», «Мир», бірнеше дүркін пайдаланылатын «Энергия-Боран» жүйесі мен планетааралық космостық аппараттар және Жердің жасанды серіктері ұшырылатындығы, олардың қарапайым құрылысын көрсететін суреттер немесе бейне клип қараңыз. Олардың әр кайсысының ерекшелігін талқылаңыз. Әр ғарыш кемесін сипаттайтын сөздердің тізімін жазсын.

(Ұ) Мектеп ауласындағы тәжірибе. қарапайым зымыранның ұшуын түсіну мақсатында , тәжірибе көрсетіңіз.

(Ж, Т, Ө, қ) Жоғарыда берілген тапсырмаға балама ретінде Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ғарыш қалай игеріледі? Әлемді болашақта қалай елестетесіздер? Әлем қалай өзгереді, әлемнің физикалық бейнесі қалай болады деп ойлайсыздар деген сұрақтар айналасында идеялар тақтасын жасау.

Үй жұмысы: Оқушыларға үйге әр түрлі ғарыш кемелерімен ғарышқа ұшу сапары, онда не көргені туралы әңгіме ойлап табуды ұсыныңыз.

Сайт «Ғарыш балалар үшін»: ғарыштың интерактивті 3D суреттері

http://v-kosmose.com/kosmos-dlya-detei/

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар: http://www.cosmos-online.ru/planets-of-the-solar-system.html

http://www.youtube.com/watch?v=o92QMX1PRd8 – ғарыш және жұлдызды аспан (балаларға арналған видео энциклопедия)

https://www.youtube.com/watch?v=BGFbJ9yOs8o



http://www.sciencekids.co.nz/videos/space.html - ағылшын тілінде

Ғарыштуралыкартиналар, суреттер, фотолар. Шоқжұлдыздаркартасы, планшеттер/ноутбуктер (бар болса)

Сабақтыңсоңы

3 минут

Сөйлемді аяқта.

«Маған сабақта ..... оңай болды»,

«Маған сабақта ..... қиын болды».


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды .Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.

Тәжірибе жасау, бақылауларын түсіндіріп, сұраққа жауап беру топтық тапсырманы қорғау барысын бақылау, түртіп алу, қошемет көрсету арқылы есепке аламын.

Тәжірибе жасау, бақылау жүргізу барысында тәртіп сақтау.










Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5


Сабақ: Ғылымға кіріспе

4-бөлім. Жер және Ғарыш

Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт

Мектеп: №63 мектеп – гимназия

Күні:20.02.2019

Мұғалімніңаты-жөні :Исина Назым

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар :27

Қатыспағандар:0

Сабақтақырыбы

Жер қалай айналады ?

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

3.4.1.1 ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсіндіру

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақмақсаттары

Барлықоқушылар білу керек:

  • ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсіндіреалады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды.

Кейбіроқушылар:

  • Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері

  • ЖерменКүнніңарасындағыбайланыстытүсінеалады.

  • Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады.

  • Жүргізілген бақылау нәтижелерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеп таба алады.

Тілдікмақсаттар


Оқушылар:

Жүргізілген бақылау нәтижелерінтүсіндіре алады және сұрақтарға жауап береді

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Жер мен Күннің байланысы болады ма?

  • Жер мен Күннің байланысының маңыздылығы неде? Не себепті олар бір-бірімен байланыста?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны тани білу, зерттеу, қорытынды жасау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетанупәнімен байланыс көлеңкеге бақылау жүргізу барысында. Бейнелеу өнері пәні топтық жұмыстар барысында сурет салуда.

Алдыңғы меңгерілген білім



Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1 – 7 минут

(Ұ)

1.Психологиялық дайындық.

«Армысың, ару күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Миға шабуыл: үй тапсырмасын қайталау

Ашық күн» (сұрақтарға тез жауап беру арқылы тақтадағы күнді жасырып тұрған бұлттарды тазарту. Әр бұлттың артында сұрақтар бар)

  1. Ауа райы деген не ?

  2. Ауа райы неліктен өзгереді ?

  3. Ауа массасы деген не ?

  4. Ауа массаларының қандай түрлері бар ?

  5. Ау райын зерттеу не үшін қажет ?

  6. Ауа райын қалай болжайды ?


2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі сабақта Жер мен Күннің арасындағы байланысын біліп,түсінетін боламыз.

3. Оқушылардан Күн мен Жердің байланысын қалай түсінетінін сұрау.

Презентация

Сабақ ортасы

7 – 30 минут


(Ж, Т)Мектеп ауласындағы бақылау



Жердің жыл ішіндегі Күнді айнала қозғалысын естеріңе түсіріңдер. Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігіне байланысты жыл ішінде күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы өзгеріп тұратынын білесіңдер. Мектеп алаңында гномонмен жүргізілген бақылау нәтижелері неғұрлым Күн көкжиектен жоғары тұрса, соғұрлым күн сәулелерінің түсу бұрышы үлкейе беретіндігін және түсу уақытының ұзара беретіндігін көрсетеді. Соған орай Күннен келетін жылу мөлшері де өзгереді. Күн сәулелері көлбеу түссе, жер бетін аз жылытады. Бұл Күннен ертеңгілік және кешке қарай келетін жылу мөлшерінің аздығынан айқын көрінеді. Күн сәулесі тіктеу түссе жер бетін көп қыздырады. Мұны түс кезіндегі жылу мөлшерінен-ақ байқауға болады.


Оқушыларды сыртқа шығарып, көлеңкені бақылату. Көлеңке ойынын ойнату.

Өз көлеңкеңді қуып жетіп көріңдер. Сен көлеңкенікөтеріп қолыңа ұстай аласың ба? Көлеңкені қалай жоғалтып жіберуге болады? Не себепті жоғалып кетті? Көлеңке тәулік бойы бірдей бола ма, әлде өзгере ме? Қалай өзгереді? Не себепті бір заттың көлеңкесі ұзын және қысқа болып өзгереді?

(Ұ, қ) Көлеңке ойынын көрсетіп,нәтижелерді талқылаңыздар. Көлеңке күн мен жасанды жарық көздері бойынша қалай өзгереді екен?

(Ұ) Күн мен Жердің байланысы туралы бейнематериал көрсету. Күннің жер бетіне түскендегі көлеңкенің пайда болуы туралы әңгіме жүргізу.

(Ө) Күннің аспандағы орналасуы мен көлеңкенің өзгеруі туралы қорытынды жазыңыз.

(Ұ, Т) Оқушылармен Күн біздің ғаламшарымызды қыздырмайтын болса, Жерге не болатыны туралы талқылаңыздар. Оларға өз болжамын сурет түрінде ресімдеуге шығармашылық тапсырма беріңіз.

(Т) Сынып бөлмесіндегі жұмыс

Бөлмені қараңғылап қол шаммен бірнеше заттарды пайдаланып, көлеңкенің түзілуін зерттету. А4 форматындағы картон парағынан экран жасап, заттардың көлеңкесін бақылау.

Заттар

Қою көлеңке

Әлсіз көлеңке

Көлеңке жоқ









Пайда болған көлеңкелердің пішіні мен көлеміндегі айырмашылықтарды өлшеп, оларды түсіндіру.

( Көлеңкенің қалай пайда болғанын түсіндіріп бер. Оны не тудырды?

Ең үлкен және ең кішкентай көлеңкені не тудырады? Көлеңке пішіні мен көлемінің өзгеруін түсіндіріп бер.)


Анимациялық фильм «Ғаламға арналған диета.Пин-код» https://www.youtube.com/watch?v=Ngb9cWZAXgQ

Дамытушы мультфильм «Ғарыш балалар үшін» https://www.youtube.com/watch?v=Km71OCO6vKw

Ғарыш денелері туралы сайт http://blgy.ru/biology5/planet


Шам,ақ мата,заттар,маркер,ватман










Сабақтыңсоңы

3 минут

Сөйлемді аяқта.

«Маған сабақта ..... оңай болды»,

«Маған сабақта ..... қиын болды».


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Дифференциация

Қабілеті төмен оқушыларға:

Суреттегі заттарды және олардың көлеңкелерін, түскен жарық көзінің суретін салуын сұрау.

( Нақты көлеңке жасайтын заттарды беру және көлеңкенің пайда болуын түсіндіріп беруін сұрау.)

Орташа қабілетті оқушыларға:

Қабілеті жоғары оқушыларға:

Көлеңкесіне қарай анықталатын заттарды беру немесе белгілі бір затты өзгеше бұрышынан ұстап, көлеңкесіне қарай табуды сұрау.

Тәжірибе жасау, бақылауларын түсіндіріп, сұраққа жауап беру топтық тапсырманы қорғау барысын бақылау, түртіп алу, қошемет көрсету арқылы есепке аламын.

Тәжірибе жасау, бақылау жүргізу барысында тәртіп сақтау.

























































































Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Табиғат физикасы. Күш пен қозғалыс»

Мектеп: №63 мектеп – гимназия

Күні:01.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні :исина Назым

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:27

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Ауырлық күші. Ол не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.1.2 - ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

3.1.2.3 -экспериментті жоспарлау және жүргізу


Сабақ мақсаттары

Ауырлықкүшітуралытүсінікқалыптастыру.Тәжірибе жасау барысында қорытындылар жасауға төселдіру.

Бағалаукритерилері

  • Ауырлық күші бақыланатын заттарды анықтайды


Тілдікмақсаттар


Күш, серпімділік, ауырлық, үйкеліскүші, деформация, тартылысзаңы, .т.б.

Құндылықтардыдарыту

Өмірбойыбілімалу

Пәнаралықбайланыстар

Математика, дүниетану,қазақтілі

Алдыңғы меңгерілген білім


Серпімділік күші

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


10минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Қоңырау үні естілді

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды

Өткенді қайталау

-Суретте бейнеленген заттар туралы не айтуға болады?

-Серпелерден қандай күшті байқауға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

-Серпімділік

Тапсырма

Созған немесе қысқан кезде қай денелерде серпімділік күші пайда болады?

Shape5


(Ұ) Осы денелердің формасын өзгерту үшін бірдей күш әсері қажеттігін талқылау.Серіппе мен резенкенің күштерін салыстыру.


(Ұ) Сабақтың тақырыбын анықтау

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау.



Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін анықтау

презентация






Сабақ ортасы



5 минут






5 минут













5 минут

















5 минут














5 минут

(Т)

-Жер планетасының формасы қандай?

Оқушыларға үрленген шардың үстіне өшіргішті қойып, шарды айналдырып көру.

-Өшіргішке не болды?

-Жер планетасы шар тәріздес, ал онда адамдар неге Жерден құлап түспейді?

Тартылыс құбылысыжайлы ақпарат беру

(МК) Үстелге массасы әр түрлі заттарды қойып, оқушыларға қай зат ауыр екенін анықтауын сұраy. Оқушылар заттардың сырт пішініне қарай өз болжамдарын айтады.

-Арнайы құралсыз қай зат ауыр екенін анықтауға бола ма?

-Өлшеу үшін қандай құралдарды қолдануға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

(ОТ) Оқушының біреуіне доп беріп, екі қолымен жоғары көтеріп ұстап тұрып, допты төмен жібере салуын сұрау. Басқа балалар мұқият бақылап отырады.

Олардан не байқағандарын сұрау. Доп еденге түсті. Енді бала допты алға қарай лақтырады. Балалар доп бұл жағдайда да жерге түсетінін айтады. Оқушылардан егер допты жоғары лақтырса не болатынын болжау. Жоғары лақтырылған доп та жерге түсетінін айтады. Доп ұстап тұрған оқушы допты жоғары лақтырып көрсетеді.

-Неліктен әр жағдайда да доп жерге түседі?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

(Ө) Оқушыларға жаңағы көрген экспериментті доптың қозғалыс траекториясын көрсете отырып, сызба немесе сурет түрінде қағаз бетіне (дәптерге) белгілеуді ұсыну.

(Т)Проблемалық сұрақ

-Ауырлық күші заттың массасына байланысты ма?

Оқушылар осы сұраққа жауап іздейді. Ол үшін балалардың біреуі массалары екі түрлі затты екі қолына ұстап, бір мезетте жоғарыдан төмен қарай тастап көруі керек. Ал басқа топ мүшелері заттардың еденге түсу мезетін қадағалауы керек. Осылайша әр түрлі заттармен бірнеше қайталап бақылауға болады. Биіктікті өзгерту үшін орындыққа шығуға да болады.

-Еденге қай зат бірінші түседі? (массасы ауыры)

-Қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

(Ж, Т)«Ойлан.Бірік.Талқыла» стратегиясы

-Ауырлық күшіне табиғат құбылыстары немесе қоршаған ортадан қандай мысалдар келтіруге болады?

Мысалы: жаңбыр тамшылары жерге құлайды. Жемістер, жапырақтар жерге түседі. Бала секірген уақытта ауырлық күшін жеңеді де, жерге қайта аяғы тигенде, ол ауырлық күшінің әсерінен болады.







Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


5 минут

-Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

«Блоб ағашында» өзін –өзі бағалау

Слайд

«Блоб ағашы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




















Бекітемін:_________

Әдіскер:Коржумбаева М.Х.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі:Жиенбаева Ж.О

Баға:5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат физикасы. Күш пен қозғалыс

Мектеп: №63 мектеп - гимназия

Күні:22.02.2019

27.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні :Исина Назым

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:27

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Серпімділік күші Ол не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


3.5.1.1 Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру


Сабақмақсаттары

Серпімділіккүшітуралытүсінікқалыптастыру.

Тәжірибе жасау барысында қорытындылар жасауға төселдіру.

Бағалаукритерилері

  • Серпімділік күші бақыланатын заттарды анықтайды


Тілдікмақсаттар


Күш, серпімділіккүші, дене, менің ойымшат .., т.б.

Құндылықтардыдарыту

Еңбекету, өзінөзінеқызметкөрсетугебаулу, өмірбойыбілімалу

Пәнаралықбайланыстар

Математика, дүниетану,қазақтілі

Алдыңғы меңгерілген білім


Ғарышты игерудің маңызы

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


3минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Қоңырау үні соғылда,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды.


(Ұ) «Сөз құра, тез құра»Сабақтың тақырыбын анықтау

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау.


С е р п і м д і л і к к ү ш і


Сем п р і л і д к і к і ш ү


/Оқушылардың жауабы тыңдалып, сабақтың тақырыбы анықталады/



Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

слайд


қима әріптер






Сабақ ортасы



3 минут







5 минут






3 минут





















7 минут
















3 минут












3 минут










3 минут









3 минут













2 минут











2 минут

(Ұ) Проблемалық сұрақ.

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.

  • Серпімділік күші дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?


/Оқушылар серпімділік сөзінің түбіріне қарай отырып болжам жасайды. Серіппе сөзімен байланыстыру арқылы болжам жасауы мүмкін. Оқушының барлық болжамы қабылданады/.


(Ө, Ұ) «Зерттейік».

Мақсаты: тәжірибе жасау арқылы серпімділік күшін анықтау.

Оқушыларға доп, резинадан жасалған ойыншықтар таратылып беріледі.

  1. Тапсырма: допты сызғымдап, қайта босат. Не байқадың?

  • Допты қатты қысып, босатқанда не болды?

  • Резинадан жасалған ойыншықты алдымен қысып, одан кейін босатса, өз қалпына келе ме?

  • Денелер неліктен өз қалпына келді?

/Оқушылардың жауабы тыңдалады/

(Ұ)«Бірге зерттейік»

Мақсаты: серпімділік күшін анықтау, тұжырымдама жасай білу, ой қорыту.


Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.


  • Не байқадық?

  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

  • Бірінші тәжірибемен қандай ұқсастық пен айырмашылықты байқадық?

/Резинадан жасалған ойыншық, доп және серіппе де бастапқы қалыптарына келді/.

-Ендеше, бұл күш қалай аталады деп ойлайсыңдар?

/Серпімділік күші/

  • Серпімділік күшіне қандай анықтама келтіруге болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Бастапқы болжаммен салыстырады/.

(Ұ) Анықтама:

Серпімділік күші (Сила упругости) — деформацияланған дененің ұзаруына пропорционал және деформация салдарынан дене түйіршіктерінің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш.

Басқаша айтқанда, дене деформацияға ұшыраған кезде денеде белгілі бір күш пайда болады, сол күш әсерінен ол өзінін пішінін және бастапқы күйіне қайта келуге тырысады. Бұл күш атомдар мен молекулалар арасындағы электромагниттік әсерлесудің нәтижесінде пайда болады.

Дәл сол күшті-серпімділік күші деп атайды.


(Ұ, Ө) Кестемен жұмыс.


Мақсаты: ақпаратты есте сақтауын дамыту.


Серпімділік күшін анықтаған ғалым

Серпімділік күші дегеніміз не?

(анықтама)

Серпімділік күші

(жинақтаған ақпарат бойынша тұжырым жасау)




/Оқушылар өзара кестелерін ауыстырып, 1-2-ші баған бойынша дұрыс жауаппен тексеріп, «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады. Үшінші бағаны толытырылмайьтыны айтылады/.


(Ө, Ұ)Салыстыр.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға ермексаз (жұмсақ болу керек) және резинкадан жасалған доп таратылып беріледі.

Тапсырма:

Бір қолына ермексаз, екінші қолына допты алып, алақанмен заттарды қысуларын сұрайды.

-Не байқадың? Денелерде қандай өзгеріс болды? Неліктен?

- Серпімділік күші қай денеде орын алды?

/Оқушылар доптың өз қалпына келгендігін, ал, ермексаздың піщшіні өзгеріп, бастапқы қалпына келмегендігін және оның себебін дәлелдейді/.


)Кестемен жұмыс.

Мақсаты: зерттеулер бойынша өз тұжырымын ұсыну.

Мұғалім оқушыларға жоғарыда толтырған кестенің үшінші бағанын толтыру қажеттігін айтады.

/Оқушылар жинақтаған мәлімет бойынша өз тұжырымдарын қорытып жазады, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды /.

Мұғалім оқушылардың дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш серпімділік күші екендігін туралы қорытынды жасағандығына қарап, оқушыларды ауызша түрде бағалайды.


(МК, Ж)«Анықта».

Мақсаты: Әр түрлі денеге бірдей күш әсер еткенде серпімділіктің өзгерісін анықтау.


Тапсырма: Әр түрлі денелердің суреттерін бірдей күш әсер еткен кезде серпімділігінің артуына байланысты өсу ретімен орналастыр.

/Тапсырма орындалып болған соң, ұжыммен талқылау арқылы реттілікті анықтайды. Себебін түсіндіреді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, оқушылармен кері байланыс жасалады/.


(Ж) «Ойлы болсаң, тауып көр»

Мақсаты: Күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтіру.

Тапсырма: күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтір.

Оқушылар жұпен бір-біріне мысал келтіреді.

Мұғалім ұжыммен бірнеше оқушыға мысал келтіріп, дәлелдеулерін сұрайды. Ұжыммен толықтырулар мен ұсыныстар енгізіледі.

(Қ) «Анықта»

Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау.

Созған немесе қысқан кезде қай денелерде серпімділік күші пайда болады? Белгіле ().

Shape6


/Тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді, өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады/.


Слайд









Доп, резинадан жасалған ойыншықтар







серіппе












Слайд



Кесте




























Ермексаз,

Доп



















Қима қағаздар










Қима қағаздар



Сабақтыңсоңы



3 минут

-Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

«Блоб ағашында» өзін –өзі бағалау

Слайд

«Блоб ағашы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,

  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.

  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.

  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі

  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі