400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жер сфералары дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:

Сынып: 3 «Ә»сынып

Мектеп:Қ.Мырзалиев атындағы ОМ

Мұғалімнің аты-жөні:Нигметова А.О

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Жер сфералары дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу

Сабақ мақсаттары

1: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

2: жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

3: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Бағалау критерийлері

жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

жердің қандай қабықтары бар екенін біледі

жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сфералар, биосфера, литосфера, гидросфера, атмосфера.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер сфералары неден құрылған?

Жер қабықтары қайда орналасқан?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, интербелсенді тақта

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасып шеңберге тұрғызу. Ширату;

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат

Таза ауа бізге дем берші

Мөлдір су бізді салқындат

  • Жарайсыздар балалар! Менің қолымда «Сандықша» бар. Осы сандықтың ішінде түрлі суреттер жасырылынған. Сол суреттерді алып 4 топқа бөлінеміз

«Сиқырлы сандық» әдісі. Сандықшаның ішінде бұлт, жаңбыр, найзағай, тау, дала, шөл, мұхит, теңіз, өзен, жануарлар, өсімдіктер, жанартау т.б суреттер болады осы арқылы оқушылар:

1-топ: «Жер»

2-топ: «Су»

3- топ: «Ауа»

4-топ: «Өсімдіктер»

Өткен тақырыпты қайталау:

«Жедел жауап»

  1. Топырақ дегеніміз не?

  2. Топырақтың құрамына қандай заттар кіреді?

  3. Тыңайған жер дегеніміз не?

  4. Табиғат дегеніміз не?

  5. Жанды табиғат жансыз табиғаттан қалай ерекщеленеді?

  6. Қандай өсімдіктерді білесің?

  7. Үйінде қандай жануарлар бар?

  8. Қандай өзендерді білесің?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.




Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




«Жедел жауап» сұрақтары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау


Мұғалім түсіндірмесі

Оқулықтың 18-19 бетіндегі оқу материалы негізінде түсіндіріледі.


Оқулықпен жұмыс

Жер қабықтары.

Мақсаты: Жердің төрт қабықтан тұратынын және олардың атауларын түсінеді.

Оқулықтағы сурет жайлы айта отырып, оқушыларды бұл жердің төрт қабаты екенін түсінуге бағыттау.


Суреттерді басшылыққа ала отырып, сұрақтар қою.

  • Неге біз суреттер бойынша төрт топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?

  • Адам өміредегі табиғаттың алатын орны қандай?

  • Суреттен нені байқауға болады?

  • Жердің неше қабығы бар?

  • Әр қабыққа қандай заттар кіреді?

  • Жердің бірінші қабығында не орналасқан?

  • Атмосфера дегеніміз не?

Топтық жұмыс

1топ «Адасқан суреттер»

Суреттердің Жер қабығының қайсысында орналасқанын анықтайды.









Дескриптор:

-суреттерді жер қабығына сәйкес сәйкестендіреді;

- жер қабығын атайды;


Қ.Б. Жердің суреті бар шеңберлер тарату

2 топ «Пазлдар әдісі»

Топқа пазлдар беріледі. Бөліктерді тез жинап шығу керек.Әр пазлдан жер сфераларының және неден құралатыны шығады.







Дескриптор:

  • Пазлдарды сәйкестендіреді

  • Жер сфераларының атауларын табады


Қ.Б: «Үш шапалақ»

3 топ «Қай жерде орналасқан»

Суреттерге қара. Жер қабығының қайсысында орналасқан? Суреттерді жер қабығымен сәйкестендір.















Дескриптор:

  • Сұраққа жауап береді;

  • Суреттерді жер қабығымен сәйкестендіреді


ҚБ: Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.


4-топ

«Анаграмма» әдісі

Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрап, оқы.


Атмосфера- ауа бұл қабығы. ғаламшарды тұр айнала олар қоршап.

Литосфера- қатты қабығы жердің. тұтас жерді қаптап жатыр ол қоршап. дала оған, тау, шөл, мұхит пен түбі теңіз жатады.

Гидросфера- су қабығы жердің. мұхит пен ол теңіз, өзен мен көл тұрады суларынан.

Биосфера-өсімдіктер, құстар, аңдар, бунақденелілер, сондай ақ тіршілік етеді адамзат.


Дескриптор:

  • Шашылған сөздерді біріктіреді;

  • Шашылған сөздерден сқйлем құрайды

ҚБ: Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Сергіту сәті:

Күн ұйықтайды,

Күн тұрады

Жел соқты

Жаңбыр жауды

Бұлт шатырлады

Күн ашылды

Жел басылды


Дәптермен жұмыс


9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б.

Жер қабықтарының сипаттамалары.

Сабақта таныстырылған тірек сөздерді бекітуге арналған тапсырма. Оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады.

Дескриптор:

-Жердің ауа қабатын біледі;

-Биосферада тірі ағзалар мекендейтінін түсінеді;

-Жердің қатты қабығын біледі;

-Жердің су қабығын біледі.

Қабықтағы нысандар. Тапсырма Жер қабықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Жер қабықтарына қатысты нысандарды тауып, бояйды. Артық суреттерді қоршап сызады.

10-жұмыс парағы. «Жер қабықтары», 12-б.

Дұрыс-бұрыс.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма. Жер қабықтары туралы тұжырымды оқиды, оның дұрыс не бұрыс екендігін анықтайды.

Дескриптор:

-Жер сфераларын біледі;

-Жер қабықтарына байланысты дұрыс тұжырымды ажырата алады.





Оқулық






















Суреттер















Пазлдар


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Суреттер





















Шашылған сөздер












Табиғат дыбыстары









Жұмыс дәптер

Сабақтың соңы

Топтық жұмыс. «Диаграмма»

Оқушылар тақтада тұрған диагррамма өз топтарының атына , диаграмманың түсіне сәйкес суреттерді іліп, сфералардың ерекшеліктерін көрсетеді.


Дискриптор:

  • Жер сфераларына сійкес суреттерді іледі;

  • Жер сфераларының ерекшеліктерін атайды;

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты»

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім ағашы»

Білім ағашына жапырақтар ілу








Т үсіндім –жасыл жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ, түсінбедім – қызыл жапырақ.










Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






«Плюс, минус, қызықты» тапсырмаларға арналған кестелер














Білім ағашының суреті, стикер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі