400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер сілкініне дайын болу

Материал туралы қысқаша түсінік
жер сілкінісі кездегі барлық қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет

Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн: Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау; Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;

Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;

Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;

Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;

Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;

Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;

Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.Оқи отырыңыз: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері. Біз күнделікті неге мән бермейміз?Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекетЖер сілкінгенін ғимараттың шайқалғанынан, шамдардың теңселгенінен, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, күшейіп жатқан гуілден білуге болады. Бұл жағдайда ең бастысы – үрейге бой алдырмау.Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз жер – ғимараттан алыс көше мең алаң. Сондықтан, бірінші дүмпуден кейін тез және қысқа жолмен далаға шығу керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге болады. Бұл – балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі.Оқи отырыңыз: Отшашу кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?

Ғимараттың ішінде қалып қойсаңыз:қауіпсіз жерде: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;мүмкін болса үстелдің астына тығылып, құлауы мүмкін заттар мен жарықшақтардан қорғана аласыз;терезелер мен ауыр жиһаздардан, үзілген сымдардан, алыс тұрыңыз;майшам, сіріңке, оттық қолданбаңыз;электрді қоспаңыз, себебі газ құбыры зақымданса, от тұтанып кетуі мүмкін.Көлік ішінде болсаңыз:көлікті ғимараттан, көпірден, бағаналар мен ағаштардан алыс жерде тоқтатыңыз;көліктен шықпай жер сілкінісінің аяқталуын күтіңіз.Көшеде:қауіпсіз ашық алаңда қалуға тырысыңыз;жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құлаған қабырғалары мен кірпіштері, әйнектер адамдарға зардабын тигізуі мүмкін. Сол үшін ғимараттардан, электр бағаналарынан және үзілген электр сымдарынан аулақ болыңыз.Оқи отырыңыз: Пәтер таңдауда неге мән беру қажет?Жер сілкінісінен кейінгі әрекетдүмпулердің толық тоқтағанын күтіп, сабырлы болыңыз;үйде не пәтерде қалсаңыз, бүлінген заттарды түгендеп шығыңыз;лектр желісінде, су құбырында ақау болса, ажыратыңыз;жарақаттанғандарға көмектесіп, оларға алғашқы медициналық көмек беріңіз;өрт ошақтарын анықтауға тырысыңыз және мүмкін болса оларды сөндіру шараларын қолданыңыз;автокөлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету не көмектесу мақсатында ғана пайдаланыңыз;телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102), өрт сөндірушілерді (101), дәрігерлерді (103), құтқарушыларды (112) шақыру үшін пайдаланыңыз;балконға шықпаңыз;зақымданған ғимараттардың жанынан өткен кезде сақ болыңыз.Үйінді астында қалып қойсаңыз:сабырлық сақтап, көмек шақырыңыз, үрейге бой алдырмаңыз;өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз;қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз:ізді тауып алғанға дейін дауыстап не қимыл жасап, назар аудартатын заттарды қолдану арқылы басқаларға белгі беріңіз;артық қимыл жасамаңыз.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.01.2025
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі