400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жерде тіршіліктің пайда болуы

Материал туралы қысқаша түсінік
КМЖ Жерде тіршіліктің пайда болуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтытың тақырыбы: Жерде тіршіліктің дамуы. 
Сабақтың мақсаты:оқушыларға жерде тіршіліктің дамуы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру. Адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: Ғаламшарымыздың биологиялық тарихы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі..
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Храмсояудың тамыры мен жапырактарынын жойылу себептерін қалай түсіндіресіңдер?
2. Арамсояу немен және калай қоректенеді? 
3. Органикалық зат түзе ме?
4. Биологиялык регрестің биологияльш. прогрестен кандай айырмашылығы бар?
5. Дегенерациянын қанша жолы бар?
6. Жануарлардағы дегенерация мысалдарын талдап беріндер.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жер кабатындағы тасқа айналып сақталып қалған қалдықтарынан зерттейді. Сондықтан геологиялық кабаттар Жер тарихының тас шежіресі. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронологиялық әдіс колданылады. Әрбір геологиялық дәуірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін қабаттардың орналасу тәртібінің сұлбасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Организмдердің пайда болу жүйелілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын біліп, ғалымдар ғаламшар тарихынын хронологиясын тіршіліктің дамуын сипаттады.
Жер тарихының шежіресі. Жер тарихы — заманға; заман — кезеңге; кезең — дәуірге; дәуір — ғасырға бөлінеді Бір заманның аякталуы мен келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің арақатынасының өзгеруі; тау түзілудің қарқынды жүруі — жер бедерін өзгертіп, кайта құрады. Заманның аттары.
1. Архей — ежелгі заман.
2. Протерозой — алғашқы тіршілік.
3. Палеозой — ертедегі тіршілік.
4. Мезозой — ортадағы тіршілік.
5. Кайнозой — жаңа өмір.
Архей заманында тіршіліктің дамуы. Архей заманьшда аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанар таулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді. Тау жыныстарының кұрамында графит көп болған. Ғалымдар графит тірі организмдердің құрамына кіретін органикалық қосылыстардың қалдығынан түзіледі деп есептейді. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда қабығы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болған. Олар суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. 
Сондықтан алғаш пайда болған тірі организмдер — гетеротрофтар деп есептеледі. Канада, Австрия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер — строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі аныкталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар — прокариоттар архейде тіршілік еткен. Шөгінді жыныстар — темір, никель, марганецтерге де бактериялардың қатысы бар. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да зат алмасу жақсы дамып көбеюге қабілетті болтан. Жер бетінде тіршілік эволюциясында фотосинтездің болуы — ең басты кезең. Себебі фотосинтез органикалық дүниені жануарларға және өсімдіктерге бөлуге себепші болды. Ең алғашкы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табигат эволюциясындағы ірі ароморфоз фотосинтез процесінін жүруі. Архей заманының соңында ең алғашқы колониялы балдырлардың шыққандығына Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған қалдыктардың табылғаңы дәлел.
Протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Протерозой — Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Бүл кезеңде көп жасушалы жасыл балдырлардың суда еркін жүзген жене су түбіне бекінген түрлері шықты. Су түбіне бекінген балдырлардың денесі бөліктерге бөлінген формаларынан мүшелер дамыды. Жасыл балдырлар ауа қабатына оттекті көп мөлшерде бөліп, жануарлардың тыныс алып өркендеуіне әсер етті. Әсіресе бір жасушалы организм-дерден — бактериялар, кек-жасыл балдырлар және талшыктылар өте көп таралған 
Протерозойдың соңындаіъі есімдіктер мен жануарлар:
1 — көп жасушалы балдырлар; 2 — губкалар; 3 — медузалар; 4 — жылжып бара жаткан
буылтык кұрт; 5 — ініндегі буылтьщ кұрт; 6 — сегіз сөулелі коралл; 7 — карапайым буынаякты
Протерозойда организмдердің басым коппплігі теңіз ішеккуысты-лары, губкалар, буылтық қүрттар, былқылдакденелілер екендігі жер кыртысы кабаттарынан табылған калдықтардан байкалған. Сонымен катар саныраукүлактар, буынаяктылардың қалдыктарының болған-дығы дәлелденген (38-сурет).
Протерозойда табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде, су мен атмосферада оттектің кеп жиналгандығы аныкталды.
ІІ. Палеозой заманы 6 кезеңнен: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір (карбон), пермь.
Кембрий (организмдердің каңкд калдығы алғаш табылған орыннын аты). Ауа райы қоңыржай, топырак, болмагандыктан тірші-лік, негізінен, сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялар мен кек-жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, коңыр балдыр¬лар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған. Әсіресе тенізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған. Теңіз жануарлары минералды тұздарды денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың ертедегі өкілі — осы күнгі құрлык шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер п.б. Денесіне сіңген минералды түздардан денесінің сыртында хитинді сауыт түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40—50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалал жүріп тіршілік етеді. Кембрийде — губкалардың түрлері, коралдар, былқылдакденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі п.б. Кембрийді — омырткасыздардың даму кезеңі дейді.
Ордовик Теңізде коңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяк, кальмарлардың туысы — алғашқы басаякты былқылдакденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.
Силур кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандыктан құрлыктың көлемі артты, ең алғашкы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдынғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратьш сүйекті сауытпен капталған ең алғашкы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар — сауытты балықтар пайда болды (40-сурет). Сауытты балықтар жүп жүзбе қанаттары болмағандықтан, көбінесе су түбінде жатып тіршілік еткен. Тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен, жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жаткан. Өте баяу козғалу әрі карай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды.
Палеозой заманынын (кембрий, ордовик, силур кезеңдері) фауналары:
1— археоциаттардың колониясы; 2 — силур коралдарының қанкасы;
3 — медузалар; 4 — басаяқты былкылдакденелілердің бақалшактары;
5 — иықаяктылар; 6—трилобиттер (қарапайым шаянтектестер)
Осы күнгі дөңгелекауыздылар — минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.
Судың азайып ең алгаш құрлыккд шыққан өсімдік — псилофиттер (риниофиттер) (41-сурет). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп төрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекіпл, су мен минералды тұздарды сіңірген. биогенді қабат — топырақ түзілді. Ең алғаш кұрлыққа псилофиттермен қатар осы күнгі сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды.Өсімдіктер мен жануарлар құрлықты мекендей бастады.




IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Ғалымдар Жер ғаламшарымыздың тарихын қалай қалпына келтірген?
2. Олар бұған қандай әдістерді пайдаланды?
3. Ғаламшарымыздың бүкіл тарихы қандай ірі және ұсақ бөліктерге бөлінеді?
4. Тіршілік қай мерзімде пайда болды?
5. тіршіліктің бес заманының әрқайсысына сипаттама беріңдер?

V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма Тақырыпты оқу. Ғаламтордан қосымша ақпараттар жинау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі