400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жердегі тіршілік үшін судың маңызы" тақырыбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




Оқу сабағының жоспары



№1. Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

(сабақтың тақырыбы)

    


Модуль /пән атауы __Биология_________________

      Педагог ___Жүсіп Жанар Әбдіғалымқызы__ дайындады

      20_ жылғы "___" ____________

      1. Жалпы мәліметтер

      Курс, топ __ курс, _______________

Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру сабағы

      2. Мақсаты, міндеттері: Судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауыз суды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді.

      3. Күтілетін нәтижелер: Суды үнемдеу жолдарын біледі, басқаларға түсіндіре алады. Судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайды.

      4. Қажетті ресурстар:

1) Презентация, суреттер, таратпа материалдар

2) Биология. Оқулық. 10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева.

3) https://www.okulyk.kz/10-class


5. Сабақтың барысы

5.1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.


5.2. Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісімен өтілген тақырыптарға шолу

  1. Биология пәні нені оқытады?

  2. Қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Жасуша дегеніміз не?

  4. Жасушаның құрылысы қандай?

  5. Жасушаның химиялық құрамы қандай?


5.3. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

“Жердегі тіршілік үшін судың маңызы”

1-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Суды қайда қолданады? тақырыбында жұппен сурет салу.

- Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

- Неліктен кей жерлерде ауыз су тапшы деп ойлайсың?

- Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?

- Адамдар қандай суды пайдаланады?





Мұғалімнің түсіндіруі.

Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 % ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауыз су – ішуге жарамды су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде

ішуге жарамды ауыз судың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды.  Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет. Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л.24 сағ – 300 л)


2-тапсырма. Жеке жұмыс. “Түртіп алу” әдісі.

Оқулықпен жұмыс.

Тақырыпты түсініп оқу, керек мәліметтерді жазып алу.

Туындаған сұрақтарды қою.


5.4. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

3-тапсырма. Топтық жұмыс. “Топтас. Ойлан. Бөліс”

Білім алушыларды бірнеше топтарға бөлу.

Ең басты сұрақ: Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?

1-топ. Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жасаңдар.

2-топ. Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастырыңдар.

3-топ. «Су-тіршілік көзі» шағын сахналық көрініс құрастырыңдар.

Ақпарат жинақтаған соң топта қорғау және басқа топтармен пікір алмасу.


5.5. Cабақтың қорытындысы

Сабаққа шолу жасау.

«Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?» деген сұрақты талқылап, өз пікірлерін айту.


6. Сабақ бойынша рефлексия

- Сабақта не қызықты болды?

- Сабақта не қиын болды?

- Сабақтан не үйрендің?


7. Бағалау

Оқу мақсатын талдай отырып, білім алушыларды бағалау

8.Үй тапсырмасы:

1. “Жердегі тіршілік үшін судың маңызы” тақырыбын оқу;

2. Су жайлы мақал-мәтелдер жазып келу;

3. Интернет ресурстардан тақырыпқа байланысты материалдарды оқу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі