жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар 6 сынып
Сабақ жоспары №12
|
Тақырыбы: Сабақ |
Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні,айы: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
6 сыып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
6.2.4.1 Жерде өмірдің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
тіршіліктің пайда болуы туралы, қазіргі көзқарастары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Оқушыларды топпен жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету ,пәнге деген қызығушылығын арттыру. . |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақты оқыту мақсаты |
Барлық оқушылар: Жер бетін бейнелеу тақырыбы мен қасиеттері туралы білім беру.Өз ойларын жетік пайдалануға дағдыландыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды. Жер бетін бейнелеу туралы біледі, тапсырмаларды орындауда пайдаланады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыр |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Сызғыш- ruler Өлшеуіш таспа- tape-line Секундомер – stopwatch Арифметикалық орташа мән- Аrithmetic mean Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы(2-5 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі: Кім жылдам Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. Үй тапсырмасын тексеру: Бір бірімен дәптер алмасу арқылы Терминдердің анықтамасы дұрыс болса «+», қате болса «-» таңбасымен белгілейміз.
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут) |
Постер арқылы жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді олар түсініктерін қағазға салу керек , постер арқылы қорғайды Барысы «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген сұрақ адамзатты үнемі қызықтырды. Жерде тіршілік қалай пайда болды деп ойласыңдар? Өз ойларын айтады.Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар. Барлық балалар жаңа тақырып бойынша төмендегі кестені толтырады. Балалармен бірге тақырыпты абзац бойынша талдап бірге жазамыз.
Креационизм теориясы бойынша: “Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты” делінеді. Бірақ, ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.Аристотель мен Бекон «Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денеден пайда болды» деп, бұл пікірге қарсы шықты. Голландиялық жаратылыс зерттеуші Я.Б. Гельмонт өзінің еңбектерінде: «Тышқандар кір киімнен пайда болады» деп түсіндірсе, дәрігер Парацельс «адамды қолдан жасап шығарудың әдісін » ұсынған. Стационарлық жағдай теориясында: “Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі” делінеді. Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.Неміс дәрігері Г.Рихтер және швед ғалымы С.Аррениус: «Жер бетінде басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі» деген болжам айтқан. Осы болжам негізінде панспермия теориясы қалыптасты. Бұл теория бойынша «метеориттер мен ғарыштық шаң – тозаңдар арқылы жерге басқа ғаламшарлық тірі организмдер келіп түседі» деген пікір айтылады. Сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады. Биогенез (гр. genesis- шығу тегі, пайда болуы) теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Ал соған баламалы абиогенез(гр. a - сөз алдынан қосылатын теріске шығару мәніндегі косымша) теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзгеше атау - тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы. Балалар жазып болған соң кестені слайдпен тексереді. Сабақты толықтрып жалғастырамын.
Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты. Ф.Реди тәжірибе қорытындысын 1668 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан бақа, ескі кір шүберектен тышқан түзілмейтіндігін дәлелдеді. Қарапайымдарды алғаш зерттеп ашқан голандиялық табиғи зерттеуші А.Левенгук: «Олар тек өздеріне ұқсас организмдерден пайда болады» деген пікір айтса,италиялық табиғат зерттеушісі Л.Спалланцани тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын 1765 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеген.Ол ішінде қоректік сұйықтығы бар мойны ұзын шыны ыдыстарды ұзақ уақыт қайнатып, соңынан ауыздарын дәнекерлеп бекітіп қойған. Бірнеше аптадан соң қарағанда, ыдыстардың ішінде ешқандай тіршіліктің белгісі байқалмаған. Бірақ ыдыстардың мойындарын сындырып, аузын ашық қалдырғанда, 2- 3 тәуліктен кейін - ақ олардың іші түрлі микроорганизмдерге толы болған. Бұл жағдайды ол: «Ыдыстың ашық қалған аузы арқылы ауамен бірге келіп түскен споралармен жетілген организмдер», - деп түсіндірген. Алайда ғалымның қарсыластары: «Аузы жабық қалған ыдыстарға ауа кірмегендіктен, организмдер өздігінен дами алмады », - деп Спалланцанимен келіспеді. 1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша — vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды. Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін бұл мәселе қайта көтеріліп, тәжірибе жүзінде жан – жақты зерттеулер жүргізіле басқады. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.Ол «тіршілік өздігінен өліден пайда болады» деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеді.Тәжірибелерді бір - бірімен салыстырып,қай теорияны жақтағанын талдаймыз оқушылармен. Бекіту Сұрақтар анимация арқылы шығады. Креационизм теориясы нені дәлелдейді ? Жаратушы күшті. Панспермия теориясында жер бетінде тіршілік кайдан пайда болды? Ғарыштан “Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетінде тіршілік те мәңгі” – деп қай теорияда айтылады? Стационарлық жағдай теориясында Тіріден тірі дамыса? Биогенез Тірінің өлі материядан өздігенен пайда болуы? Абиогенез 1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас болады? 2. Л. Спалланцани қандай тәжірибелер жасады? 3. Л. Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді? Терминдердің анықтамасы дұрыс болса «+», қате болса «-» таңбасымен белгілейміз.
Өзара бағалау ( дескриптор бойынша) Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету Оқытудың мақсаты бойынша.
|
Оқулық .3: Қосымша тапсырма:1.2.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы( 41-45мин) |
Топ бойынша есептер шы5ару Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды беріледі. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген