15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жердің ауа қабаты
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: |
Жаратылыстану |
||||
Күні: |
04.12.2018 ж. |
||||
Сыныбы: |
2 |
||||
Мұғалімі : |
Кусаинова Г.А. |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жердің ауа қабаты
|
||||
Сабақ оқу мақсаттары |
2.3.2.1 – біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру; 2.3.2.2 - ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі); 2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру; |
||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсінеді Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсінеді , ауаның кейбір қасиеттерін сипаттайды Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсінеді , ауаның кейбір қасиеттерін сипаттайды, бақылау жүргізе біледі |
||||
Жетістік критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||
Тілдік мақсат |
Ғаламшар, ауа, тазалық, тыныс алу, мөлдірлік, газдану, иісі жоқ, көлемі жоқ |
||||
Алдыңғы білім |
Денеге қалай күтім жасаймыз? |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Табиғатты қорғау керектігін түсінеді.Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету. |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Бағалау түрлері |
|||
Басталуы
|
Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық
Біз
бақытты баламыз Өткенді пысықтау. Автор орындығы әдісі |
|
|||
Жаңа білім
|
ОМ таныстыру. *біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсінесің *ауаның кейбір қасиеттерін сипаттайсың (агрегаттық күйі, түсі, иісі); *бақылау жүргізудің жоспарын құруды үйренесің «Ой қозғау» жұмбақ Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа)
(ауа, су, жарық, жылу, тамақ) Бұлар аз ғана уақыт жоқ болса немесе жетіспесе, тірі ағзалар: адам, өсімдік, жануар қатты қиналады, өмір сүре алмайды. Тәжірибе жасау: Мұрның мен аузыңды қолыңмен мықтап жап та іштей сана. 60-қа дейін санап үлгерер ме екенсің? Не болды? Неге? Нені қажетсіндің? Тұншыққанда – ауа қажет! Адам ауасыз өте аз уақытқа шыдайды. Ауа - барлық тіршілік дүниесінің тыныс алатын нәрсесі. Онсыз бәрі тіршілігін жояр еді. Ауа кеңістігі бүкіл Жер бетін алып жатыр. Ауа бізді қоршап тұрады. Ауаны барлық заттың құрамынан табамыз. Жер шарын тегіс қоршайтын ауа қабаты атмосфера деп аталады. Тәжірибе арқылы ауа қасиеттерін түсіндіру -Сендердің араларыңда саяхат жасағандарың бар ма? Олар қайда болыпты? Қандай көлікпен саяхат жасапты? Адамдарне үшін саяхаттайды Негеш және Эврикамен бірге саяхат жасауға шығайық Бақылау жүргізу Оқушылар алдымен демін ішке тартуын,содан кейін демін шығару. Одан кейін алған демдерін сіз белгі бергенше ұстап тұру«Нені сездіңдер? Өз сезімдеріңді қалай сипаттар едіңдер? Неліктен кейбіреулерің белгі бергенге дейін шыдамай, қайтадан тыныс ала бастадыңдар?» Оқушылар басқа да тірі ағзалар секілді адам да ұзақ уақыт ауасыз өмір сүре алмайтынын өздігінен түсінеді. Жердің ауа қабаты туралы түсінік беру. |
Суреттер |
|||
Ортасы
|
Тәжірибе жасау.(оқушылар тәжірибе жасайды ) Топпен жұмыс 1 топ. Шарды үрлету. Нені байқадыңдар?
2 топ. Сусын үшуге арналған түтікшені қолға үрлету. Нені байқадыңдар? Не сезілді? . (Теріге ауа үрленгені сезілді.)
4 топ. Бетімізге парақты желпиміз. Не сезілді?»(Ауаның қозғалысы сезілді.) «Осы тәжірибелерден не түсінуге болады?» (Ауаның бізді қоршап тұрғанын сеземіз.)
Осы тәжірибелерден не түсінуге болады? Ауаның бізді қоршап тұрғанын сеземіз. Ширату Оқушылардың әрқайсысына ең жақсы көретін иістерін естеріне түсіріп, айтып бергізу Оқушылар «ауа арқылы иіс таралады, бірақ ауада иіс болмайды» деген қорытындыға келулері керек. Сергіту сәті; Мұғалім тәжірибе жасап көрсетуі 1 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.
2 тәжірибе. Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді.
2 тапсырма. Суреттер бойынша жұмыс 1 топ: Ауа қалай ластанады? Сурет бойынша өз ойларыңды айтыңдар.
2 топ: 2 cуретті салыстырыңдар. Сурет бойынша табиғат туралы не айтар едіңдер?
3 топ: Табиғатты қалай қорғауға болады?
4 топ:Сурет бойынша табиғат туралы не айтар едіңдер?
Бүгін біз тәжірибе жасау арқылы ауа жайлы біраз нәрсені білдіңіздер.
Постермен жұмыс Ауа жайлы не білдіңдер постерға жазыңдар. Әр топ бүгін тақырып бойынша нені білгендерін жазып қорғайды. |
Үлестірме парақшалар А3 парақ
Суреттер |
|||
Аяқталуы
|
Рефлексия. Еркін микрафон әдісі Бүгінгі сабақта не маңызды болды? Сабақта нені үйрендіңдер? Қандай қиындықтар кездесті? Келесі сабақта не білгілерің келеді? |
|
|||
Бағалау |
Өзін-өзі, бір - бірін бағалау.
|
Бас бармақ арқылы |
|||
Үйге тапсырма: 40-41 бет оқу |
|||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
|||
Үлгерімі төмен оқушыларды үнемі назарда ұстап, мейлінше өзара оқытуға тартамын, қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік жаттығулар қосымша дайындаймын.
|
Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау және мадақтау
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығуларымен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген