400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Жердің ауа қабаты

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге керек болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жердің ауа қабаты

Мұғалімнің аты-жөні:Асхатова Тоғжан

Күні: 26.11.19

Пәні: Жаратылыстану

СЫНЫП: 2в

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.3.2.1 - біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;

2.3.2.2 - ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);

2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттай алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтайды, тәжірибе жүргізеді, нәтижесін көрсете алады.

Бағалау критерийі

  • Ауаның кейбір қасиеттерін (агрегаттық күй, түстің, иістің болуы)

сипаттай алады, ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады,

Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтай алады, тәжірибе жүргізеді, нәтижесін анықтап кесте түрінде көрсете алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,тәжірибе жсауға арналған құралдар шарлар,түтікшелер, су құйлған ыдыстар, балауыз,шырпы.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, тәжірибе жасау,көрнекілік. Рефлексия

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,Еңбек

Сабақтың жоспары

Жоспарланғ.ан уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың басталуы

3 минут

I.Ұйымдастыру бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!

“Қызығушылықты ояту”

Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.

Бұл ненің дыбысы?

-Жел дегеніміз не?
Жұмбақ
Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді.

Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. Бұл не?


  • Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

  • Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Ауаның басты қасиеттерін суреттеу (газ тәрізді, мөлдір, түссіз, иіссіз, пішінсіз)









Аудиожазба,

Жел дыбысын тыңдату

Сабақтың ортасы

10 минут







Білу және түсіну

(Ж,Ұ,Қ) Проблемалық сұрақ.

  1. Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау.

Қосымша ақпарат. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы: Азот-78% Оттегі-21% Көмір қышқыл газы-1%

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


Қолдану

(Ө) Ауаның маңыздылығын анықтау.

  1.   - Деміңізді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыздар?

/Оқушыларға секундомер таратылады. Оқушылар өздері уақытты есептейді/.

  1. - Демді сақтағанда қандай күйде (сезімде) болдыңыздар?

/Оқушы жауабы тыңдалады/

  1. - Бұл жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады?

/Адам ауасыз тіршілік ете алмайды.


Оқушылар қосымша ақпаратпен танысады















Оқулық,

мәтіндер.


















Оқушылар өздері демалу арқылы көз жеткізеді.





Сергіту сәті

1 минут

Сергіту сәті.

Терең тыныс аламыз

Иілеміз оңға бір

Терең тыныс аламыз

Иілеміз солға бір

Терең тыныс аламыз

Айналамыз

Терең тыныс аламыз

Орнымызға қонамыз

Оқушылар орынынан тұрып бірге жасайды.



Тәжірибе жасау

Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз.

Тәжірибе.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді де, әрбір топқа түрлі пішіндегі шарларды береді.

  • Шарларды үрлеу және уақыт көлемін есептеу.

  • Шарлар неліктен көлемін өзгертті? (Себебі, шарлар ауаға толтырылды).

  • Неліктен шарлар түрлі уақытта ауаға толтырылды?(Себебі, шарлардың көлемі әр түрлі болды) ?

  • Шарды босатқанда, ауаға не болады? (Ауа кеңістікке тарап кетті)

  • Қалай ойлайсыздар, ауаның көлемі бола ма?

(Ауаның нақты көлемі болмайды)

  • Шардағы ауа қайда кетті? Ол көзге көріне ме?

(Ауа барлық жерде, ол көзге көрінбейді).

№2 тәжірибе .

Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.

№3 тәжірибе.  Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді.

№4 тәжірибе.

Ыдысқа су құйыпалып стаканның ішіне қағаз бүктеп салып, суға төңкеру.

Бақылау барысында стаканның ішіне ауаның әсерінен судың кірмейтінін және қағаздың құрғақ күйінде шығатынын байқаймыз.

-Сатакандағы суға түтікшені салып үрлеп корсету арқылы су ішінде пайда болған көпіршіктерді көрсету. Ол дегеніміз ауаның бар екендігін білдіреді.

-Тағы қай кезде стақаннан көпіршіктерді көруге болады? (стақанға газдалған суды құйған кезде)

№5 тәжірибе.  Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін екіге тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

 А) Оның біреуін стақанмен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру.

Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.

Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек.

Қасиеттері

Сығлады

Серпімді

Пішіні

Көзге көрінуі

Ауа






Дәптермен жұмыс:

«Еркін жазу» әдісі

Алдымен мына сұраққа жауап жазып көріңдер.

-Ауа ластана ма?

- «Иә» немесе «Жоқ» деп қысқаша жауап жазады.

-Ауа ластану жолдарын ата?

Оқушы өз ойын жазады.

Ластанған ауаны қалай қорғайсың? Өз ойыңды жаз.

Оқушылар барлығын жазып болғаннан кейін дұрыс жауаптарды көрсетіп, айтамын. Мысалы ,зауыттың мұржасына сүзбе қоямыз. Сүзбе зиянды заттарды сүзіп, ұстап қалады.

Көшедегі көліктерді азайту керек. Жаяу немесе велосипедпен жүрген пайдалы.

Табиғатта өсімдіктерді көбірек отырғызу керек. Өсімдік ауаны тазартады.

Осы айтылған жауаптар кімде бар екенін анықтаймын.

Дәптермен жұмыс 25- жұмыс парағы

Оқушылар тәжірибе жасау арқылы өздері анықтайды



Тәжірибе жасауға арналған ресурстар

Сабақтың соңы:

5минут

Қорытынды :

  • Бүгін біз не білдік?


Оқушылар сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не үйренгенін айтады.

Рефлексия:


түсіндім


түсінгім келеді түсінбедім





Бекітемін:

Әдіскер: Калкенова.Б.Ж.

Мектеп мұғалімі:Серикалиевна Ж.

Келісемін:

Машықкер:Асхатова Тоғжан Асхатқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі