400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Жердің ауа қабаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәнінен 2-сынып мұғалімдеріне жаңа бағдарлама негізінде құрылған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Келісемін:

Сабақтың тақырыбы:

Жердің ауа қабаты

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП:


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.3.2.1 - біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;

2.3.2.2 - ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);

2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

  • Сәлемдесу. «Жер», «Су», «Топырақ», «Күн» суреттерін таңдаңдар. Бұлар бізді қоршап тұрған. Адам өміріндегі тіршілік көздері болып табылады. Сендер суреттерге байланысты топтарға бөлініп отырыңдар.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Тіршілікте не дейсің ғой қымбат?

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

  1. 1. Қызығушылықты ояту.
    Өткенді қайталау

  • Оқушылар мен сендерге сұрақ қойып доп лақытырамын, қағып алған оқушы сол сұраққа жауап беру керек.

  • Сұрақтар



Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.








«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

  • «Көрінбейтін сиқыршы»
    Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
    Барма жоқпа оны анық білмейсің
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)

Ауа.

  • Жаңағы допты мен сендерге лақтырғанда нені байқадыңдар?

  • Ауада доп ұшты, серпілді.

Инсерт кестесі

Білемін

Білгім келді

Үйрендім




Мағынаны тану.
- Ауа туралы не білесіңдер?

Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.
Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.

Тәжірибе

1.Тәжірибе .Ол қайдан келді? Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.
- Тез қысылама?

2. Тәжірибе Кішкентай шприцке ауа толтырамыз. Аузын . саусағымызбен бекітеміз. Енді тұтқасын итерейік. Итере аламыз ба? Ал егер саусағымызды жіберсек, не болады?

3. Тәжірибе Мына доптың ішінде не бар?

Ол қалай үрленіп тұр? (ауа толтырылған

Допты екі бүйіріме қысып едім не байқадық? (ішке қарай кірді)

Неліктен? Ішіндегі ауаға не болды? (қысылды)

Ал жібергенде? (орнына келді)

Еденге ұрғанда не байқадың? (қайтадан жоғары көтерілді), яғни серпіледі

4.Тәжірибе 1 – ші бутылкаға воронка арқылы су құю

2-ші бутылкаға воронка арқылы су құямыз, бірақ бұл бутылка мен воронканың жалғанған жерін ермексазбен бекітілген болады.

Не байқадың? Яғни , бұдан бос ыдыстардың барлығында ауа болатынын байқаймыз.

Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған.

Қабырғаның ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?
- Жасыл.
- Партамыз қандай түсте?
- Көк.
- Ауа қандай түсте?
- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.
Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.
Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.
Допты алайық.. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
Ауаның тағы бір қасиеті - ол жылуды жай өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты.
- Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т. б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес.
- Қасқырдың құйрығы үлкен әрі жүні қалың. Қардың үстінде қасқыр ұйықтар алдында ол өзінің тұмсығы мен аяқтарын жүнді құйрықтарымен жауып жатады.
Сұр тышқандар үлкен биік үйінділерінің астындағы індерінде қыстайды. Онда оларға әрі жылы, әрі қолайлы. Ал, кейбір құстар құрлар мен саңырау құрлар ең күшті аяздарда қалың қардың астына кіріп кетеді.
Бұл ауаның қандай қасиетін анықтайды?(ауа жылыны жәй өткізеді)

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

- Ауаның иісі болады ма иіскеп көрейікші балалар

- жоқ болмайды.

- Ендеше мен әтір себемін иісі келді ме мұрындарыңа?

- Иа , ондай болса бұл әтірдің иісі екен. Ауада иіс юолмайды.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті.
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық..
- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

Сонымен ауаға тән қасиеттерді атайық


Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.

Үйге тапсырма: Мазмұндау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі