жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жердің құрылысы мен құрамы.
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: |
Мектеп: «Қызылдихан» жалпы орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова Ф Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: |
Жердің құрылысы мен құрамы. |
Оқу мақсаты: |
5.2.2.2-Жердің құрылысы мен құрамын атау.
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Жердің құрамы мен құрылысын түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Жердің құрылысы мен құрамын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтай алады. Кейбір оқушылар: Жердің ішкі құрылысындағы құбылыстардың нәтижесінде пайда болатын цунами, жер сілкінісінің жер бетіне тигізетін әсерін сипаттай алады; |
Бағалау критерийі Білу -оқушылар жердің ішкі құрылысын біледі; Түсіну: - оқушылар жердің құрылысы мен құрамының маңызын түсінеді; Талдау: - жердің ішкі құрылысындағы құбылыстардың нәтижесінде пайда болатын цунами, жер сілкінісінің жер бетіне тигізетін әсері жайлы талдайды;
|
Дискриптор:
-жердің ішкі және сыртқы құрылысын үйрену арқылы олардан тапсырмалар құрастыруды біледі;
-оқушылар жердің құрылысы мен құрамының маңызын түсінеді;
- Жердің ішкі құрылысында болатын құбылыстарының нәтижесінде болатын цунами, жер сілкінісінен болатын қауіп -қатерлер мен апаттарды сипаттайды ;
|
Тілдік мақсаттар |
Мәтінмен танысады, оны оқиды және сол арқылы жердің құрамы мен құрылысындағы ерекшеліктерін және маңыздылығын зерделейді. Пәнге тән арнайы терминология; литосфера, жер бедері,мантия,ядро,никель,цунами, ,географиялық қабық,гранит, базальт .т.б |
Құндылықтарға баулу |
Елімізде болып жатқан табиғи апттар мен құбылыстарды жан-жақты оқып үйрене отырып, отансүйгіштік қасиеттерін, табиғатқа қамқор болатын, мәдениетті тұлға қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыс |
Химия- темір, никель химиялық элементтерін оқып үйренуде Математика- жер қыртысының тереңдігі мен қалыңдығын (метр,км) есебінде салыстырғанда |
Алдыңғы білім |
Жер ғаламшарының пайда болуы? Жер ғаламшары қанша уақыт бұрын пайда болды? |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы 9мин |
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Топ. «атмосфера» ІІ. Топ. «гидросфера» ІІІ топ. «биосфера»
Үй тапсырмасын «Ашық микрофон » әдісі арқылы сұраймын. мақсаты :Бұл әдіс оқушыларды жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландырады, құнды ой жинақтап, ойын ашық жеткізеді.Оқушылар қолдарына микрофон ұстап өткен сабаққа байланысты, үй жұмысына байланысты сұрақ қояды.
|
|
|||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин |
Жаңа сабақ: «Болжау стратегиясы» жұмбақ хаттар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау. Хаттардағы сұрақтар:
«Мағынаны тану» әдісі. Жер бірнеше қабаттардан тұрады.Сыртқы қабаты-жер қыртысы 5-70 км тереңдікке дейін,мантия 2900 км тереңдікте, ядро жердің өзегі болып табылады 6371 км тереңдікте. Олардың әрқайсысының химиялық құрамы, физикалық қасиеттері және жағдайы әртүрлі.Жердің сыртқы қабығы ішкі құрылысына қарағанда біршама толық зеріттелген, ал мантия мен ядроның құрамы мен құрылысы әлі де болса толық анықталмаған. Оған жердің терең қабаттарындағы өте жоғары температура кедергі жасайды.Қазіргі аса терең ұңғымалар 10-15 км тереңдікке кетеді.Орта есеппен әрбір 100 м тереңдеген сайын температура 3С-қа артып отырады. Жер қойнауының ішкі процестер әсерінен туатын толқынды цунами деп атайды.Ашық мұхиттағы цунамидің биіктігі 1-2 м-ден аспайды.Ең кушті цунами толқынының биіктігі 20-30 м болады. 1.тапсырма: АКТ мен жұмыс жасау. Суреттерді көру арқылы сипаттама береді.
2.тапсырма: Кестені толтыру.
3.тапсырма: «Кластер» әдісі Жер қабығының құрылымында болып жатқан процестерді постер арқылы қорғау. Мақсаты :Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тиімділігі:Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Қолданылуы:Тұжырымды ойларын постерге түсіріп, топтық жұмыс қорғалады. 4.тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар: А-деңгейінің сұрағы: 1.Ғарышқа қарағанда жердің ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз неге мардымсыз? В-деңгейінің сұрағы: 2.Жердің ең ішкі өзегі ? С-деңгейінің сұрағы: 3.Жердің ішкі құрылысын атаңдар? |
5 сынып оқулық Б.Ш.Әбілманов А.В.Прищепина Л.М.Фокина А.У.Әбілғазиев
АКТ
оқулық
Маркер, плакат, стикер, желім
|
|||||||||||
Сабақтың соңы 6мин |
«Бағдаршам» әдісі арқылы Кері байланыс жасау. Оқушылар қызыл, жасыл және сар түсті карточкалар бар, оны олар жоғары көтереді. (қызыл-түсінбеймін, жасыл-барлығы түсінікті, сары-әліде түсінбегендерім бар)
|
Стикерлер
|
|||||||||||
Бағалау:
|
|
||||||||||||
Саралау Сабақ барысында оқушыларды қолдау әрдайым орын алып отырады Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар 1.Ғарышқа қарағанда жердің ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз неге мардымсыз? 2.Жердің ішкі құрылысын атаңдар? 3.Жердің ең ішкі өзегі ? |
Пәнаралық байланыстар. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Химия,математика пәндерімен байланыс орнатылады. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Сабақ барысында құндылықтар дамытып отырады. |
||||||||||||
Рефлексия |
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
||||||||||||
Қорытынды бағалау.
Қандай екі нәрсе табысты болды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.оқулықпен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды. 2.Термин сөздерді атап оны жаттайды, жұмыс дәптерге жазады.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.АКТ мен жұмыс жасауда 2.Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1.Сыни тұрғыдағы ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану 2 Саралап оқыту |
|||||||||||||
|
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген