400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жергілікті ақын Ж. Тұрымбектовпен кездесу"

Материал туралы қысқаша түсінік
жергілікті ақын Жарқынбек Тұрымбетовпен кездесудің сценарийі көмекші құрал бола алса
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Жергілікті сазгерлер»

Мақсаты:жергілікті ақын-сазгер ағамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы насихаттау, өлеңдерінің мазмұны жайлы, жыраулық дәстүр жайлы мәлімет беру; ақынның өмір жолын үлгі ету; эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекі құралдары: Нақыл сөздер, кітап көрмесі, шарлар, слайд.

Түрі: кездесу

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Таныстыру. (Сазгердің өмірі, шыққан тегі таныстырылады)

ІІІ. Поэзия минуты (ақын-сазгердің өлеңдері, әндерінің мәтіндері оқылады)

ІҮ. Сұрақ-жауап кезеңі (оқушылар өздерінің сұрақтарын қояды)

Ү. Ойын алаңы (сергіту сәті, сазгермен ойын ұйымдастыру)

ҮІ. Ән-шашу (сазгердің өз шығармашылығындағы әндерді тамашалау)

ҮІІ. Қорытынды

І. Армысыздар, құрметті қонақтар, сынып оқушылары!

Сыр елінің қойнауында орын тепкен қасиетті Қармақшының дарынды тумасы Жарқынбек ағаймен кездесуге арналған «Ән – ғұмыр, ғұмыр - ән» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ. Алғашқы кезекте жергілікті ақын-сазгер Тұрымбетов Жарқынбек ағамыз жайлы мәлімет беріп өтсек... (мәлімет оқылады)

ІІІ. Тұрымбеттей шайырдың қанынан жаралған, өлеңінен нәр алған талантты сазгер ағамыздың өлеңдерін естіген де, естімеген де жастар бар шығар... келесі кезекті поэзияға береміз.

ІҮ. Сазгерлік өнер мен сазгер ағамыздың шығармашылыққа толы өміріне байланысты оқушыларымызды толғандырған сұрақтарына береміз. (Сұрақтар қойылады)

Ү. Ойын алаңы. (Оқушылармен ойын ойналады)

ҮІ. Ән-шашу. Сазгер ағамызға өз шығармашылығынан жанына жақын әнін орындап беруіне қолқа саламыз.

Қорытынды. Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымыз Гүлмира апайға береміз.

Сырдан шыққан дарын иесі, құрметті Жарқынбек ағай, жақсы әндеріңізбен жалпақ жұртты қуанта беріңіз, шынайы өнердің шырайын келтірудегі кемел ойларыңыз жемісті бола берсін! Қасиетті Қармақшы атын әлемге паш ете беруіңізге тілектеспіз. Алтын уақытыңызды бөліп, мектеп оқушыларымен кездесуге келгеніңіз үшін мың алғыс!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2025
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі