жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жергілікті жерде бағдарлану»
-
Сабақ тақырыбы:
«Жергілікті жерде бағдарлану»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтайды.
Көптеген оқушылар:
Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын өздері зерттей отырып, өмірмен байланыстырып, өз пікірін айтады.
Бағалау критерийлері
Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады:
Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Көкжиек, тұсбағдар, бағдарлау.
Көкжиек - аспан мен жердің жиегі бір-бірімен ұштасқан жері.
Тұсбағдар – жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.
Бағдарлау – көкжиек тұстарын бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-
Көкжиек дегеніміз не?
-
Көкжиектің тұстарын ата.
-
Тұсбағдар дегеніміз не?
-
Тұсбағдарды пайдаланып көкжиек тұстарын қалай анықтайды?
-
Сағат пен тұсбағдардың қандай ұқсастығы бар?
-
Қандай табиғи белгілерге қарап, көкжиек тұстарын анықтауға болады?
Құндылықтарды дарыту
«Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, отбасы табысының тұрақты өсуі, өмір сапасын тұрақты жақсарту, еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу» басты мақсат болып отыр. Оқушыларды табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс
Жаратылыстану, математика, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары
Ы.Алтынасариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» видеоролик, презентация
Бастапқы білім
Өз мекен жайын атайды және орналасқан жерін сипаттайды.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
«Ширату жаттығуы»
Жоғары қарап күн көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
«Таңдап алу» әдісі арқылы топқа бөлу.
Қобдишаның ішінен қағаз қиындыларын алады. Таңдаған әріптеріне байланысты топтарға бірігеді.
С – «Солтүстік» тобы
О – «Оңтүстік» тобы
Б – «Батыс» тобы
Ш – «Шығыс» тобы
Қобдиша, қағаз қиындылары, «С», «О», «Б», «Ш» таңбалары
С

Ш
Б
О
Сабақтың ортасы
5 мин
6 мин
10 мин
3 мин
5 мин
5 мин
1 - тапсырма
«Өз ойыңмен бөліс» суретпен жұмыс. (Ұ)

М: Суретке назар аударайық, бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?
О: Аспанды, жерді, табиғатты, көзіміз жеткен жерге дейінгі даланы.
М: Сендерге бұл сурет таныс па?
О: Таныс. Біз көл жағасына барғанда, тауға саяхатқа шыққанда,күн батқанда көреміз.
М: «Көкжиек. Көкжиек тұстары» тақырыбында презентация көрсетеді.
М: Яғни, балалар көкжиек дегеніміз не?
О: Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады.
М: Көкжиектің тұстарын ата.
О: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.
Дескриптор:
-
көз жеткен жерге дейінгі кеңістікті біледі;
-
көкжиек тұстарын атайды.
ҚБ. «Бұлт»
Будақ бұлт – «Жарайсың!»
Қабат бұлт – Жақсы, бірақ әлі де ойлану керек
Шарбы бұлт – Ойлан!
2 - тапсырма
«Сен білесің бе?» ойыны (Ж).
Тұсбағдар және сағат.
Жұппен отырған оқушыларға тұсбағдар мен қол сағатын беремін. Бұл заттардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екенін табу.

Ұқсастығы
Айырмашылығы
домалақ, сандар жазылған, тілдері бар
Сағат – уақытты көрсетеді. Тұсбағдар – жүретін жолды анықтайтын құрал. Тұсбағдарда С, О, Б, Ш әріптері белгіленген.
М: Балалар, тұсбағдар дегеніміз не?
О: Тұсбағдар – жүретін жолды анықтайтын құрал.
М: сағат пен тұсбағдардың қандай айырмашылығы бар?
О: екеуі де домалақ, сандар жазылған, тілдері бар.
М: тұсбағдардың қолданылуын түсіндіру.
Дескриптор:
-
сағат пен тұсбағдардың айырмашылығын біледі;
-
сағат пен тұсбағдардың ұқсастығын айта алады.
ҚБ. «Тұсбағдар тілі»
Қызыл тіл – Сен кереметсің!
Көк тіл – Әлі де алға ұмтыл, сенің қолыңнан келеді!
Сары тіл – Саған көбірек дайындалу керек!
3 - тапсырма
«Жол табуға көмектес» әдісі (Т)
Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармадан видеоролик көрсетіледі.
М: Балалар, не көрдік?
О: «Бай мен жарлы баласы» шығармасы
М: Асан кімнің баласы? Ал Үсен ше?
О: Асан бай баласы, ал Үсен кедей баласы.
М: Асан неге жылай бастады?
О: Екеуі көштен адасып қалды.
М: Балалар, Үсен көшті табу үшін жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?
Оқушылар жауабы:
1. Малдың жас тезегін тауып алуы;
2. Молалы жерде ел болады;
3. Құс ұшқан жерде көл болады, көлді жерде ел болады.
Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.Дескриптор:
-
жергілікті жердің белгілерін анықтай алады;
-
өзінің тұрған орнын анықтай алады;
-
жүру бағытын біледі.
ҚБ: «Көкжиек тұстары»
Оңтүстік – «күн» - өте жақсы түсінген оқушыларға;
Шығыс – «күн шығады»- жақсы түсінген, бірақ әлі де тырысу керек.
Батыс – «күн батады» - әлі де талпыну керек.
Сергіту сәті.
Оңтүстікке екі қадам,
Солтүстікке екі қадам.
Шығысыма қол соғамын,
Батысыма бас бұрамын.
4 - тапсырма
«Ойлан, тап» әдісі (Ө)
Суреттерге мұқият қараңыз. Белгілері бойынша көкжиектің тұстарын анықтаңыз.

Дескриптор:
-Көкжиек тұстарын анықтауға қажет жергілікті белгілерді ажырата алады;
- жергілікті белгілер бойынша көкжиектің тұстарын тауып, белгілей алады.
ҚБ. «Аңдар»
«Арыстан»- өте жақсы
«Түлкі» - жақсы
«Қоян» - әлі де ойлан
5 - тапрсырма
Орындап көр (Т)
Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіремін.
Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беремін.
Дескриптор:
-
солтүстікте орналасқан нысанды анықтай алады;
-
оңтүстікте орналасқан нысанды анықтай алады;
-
батыста орналасқан нысанды анықтай алады;
-
шығыста орналасқан нысанды анықтай алады;
ҚБ. «Ағаштар»
-
Аққайың - «Жарайсың!»
-
Көктерек - «Талпын!»
-
Қарағай - «Белсенділік таныт!»
Табиғат суреттері, презентация, бұлт


Тұсбағдар, қол сағаттары, кесте





«Бай мен жарлы баласы» видеоролик






Тұсбағдар, дереккөз


Сабақтың соңы
3 мин
Кері байланыс.
«Иә», «жоқ» әдісі.
Оқушылар әр жауаптан кейін дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп айтулары қажет.
1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (иә)
2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (жоқ)
3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (иә)
4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (жоқ)
5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (иә)
6. Күн әрқашан шығыстан атады. (иә)
7. Тал түсте күн солтүстікте болады. (жоқ)
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?
Барлығы: «Өз ойыңмен бөліс» әдісін «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен саралаймын. Өйткені оқушыларға сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңызды рөл атқарады.
Көптеген: «Жол табуға көмектес» әдісін «Қорытынды» тәсілімен саралаймын. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Кейбір: «Орындап көр» әдісін «Дереккөз» тәсілімен саралаймын. Кейбір оқушылар анағұрлым күрделі тапсырмалармен жұмыс істей алады.
Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
ҚБ. «Бұлт»
Будақ бұлт – «Жарайсың!»
Қабат бұлт – Жақсы, бірақ әлі де ойлану керек
Шарбы бұлт – Ойлан!
ҚБ. «Тұсбағдар тілі»
Қызыл тіл – Сен кереметсің!
Көк тіл – Әлі де алға ұмтыл, сенің қолыңнан келеді!
Сары тіл – Саған көбірек дайындалу керек!
ҚБ: «Көкжиек тұстары»
Оңтүстік – «күн» - өте жақсы түсінген оқушыларға;
Шығыс – «күн шығады»- жақсы түсінген, бірақ әлі де тырысу керек.
Батыс – «күн батады» - әлі де талпыну керек.
ҚБ. «Аңдар»
«Арыстан»- өте жақсы
«Түлкі» - жақсы
«Қоян» - әлі де ойлан
ҚБ. «Ағаштар»
-
Аққайың - «Жарайсың!»
-
Көктерек - «Талпын!»
Қарағай - «Белсенділік таныт!»
Кері байланыс.
«Иә», «жоқ» әдісі.
Оқушылар әр жауаптан кейін дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп айтулары қажет.
1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (иә)
2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (жоқ)
3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (иә)
4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (жоқ)
5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (иә)
6. Күн әрқашан шығыстан атады. (иә)
7. Тал түсте күн солтүстікте болады. (жоқ)
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
-
Топпен жұмыс жасағанда, партада дұрыс отыруларын қадағалау.
-
Сергіту сәтін жасаған кездегі қауіпсіздікті сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген